25 Қараша, 2010

Аваттықтар қуанған күн

434 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жас ұрпақтың рухани жағынан кемелденуі мен бос уақытының мән­ді өтуі үшін ауылдардағы мәдениет орындарының жұмысы уақытпен үндес болуы керек. Нарықтың қиын жылдарында есіктеріне құлып салған мәдениет үйлері мен кітапхана, балабақшалар ашылып, халық оны жылы қабылдауда. Көпшіліктің ықыласын аударған осындай мерейлі сәт Еңбекшіқазақ ауданындағы Ават ауылында өтті. Елбасының тапсырмасымен “Жол картасы” аясында 320 орын­дық Мәдениет үйін күрделі жөн­деу­ден өткізуге 97 млн. теңге жұмсалды. Осы­лайша осындағы спорт жарыс­та­рын өткізуге арналған зал, жаттығу-шынығу, хореографиялық және ән-би үйірмелеріне арналған бөлмелер, тағы басқа да орындар қажет­ті­лік­тер­мен жабдықталса, салтанаты келіскен ғимарат ауылға көрік беруде. Аваттықтар Мәдениет үйінің ашылу салтанатына жиналып, рес­пуб­ликалық ұйғыр этно-мәдени бір­лес­тігі төрағасының орынбасары Ас­симжан Злавдинов, ауыл тұрғыны Мұзафар Мұталипов жұртшылықты біртұтастыққа үндейтін, рухани нәр беретін орынның ашылуымен құт­тықтап, Мемлекет басшысына алғысын айтты. Осы мерейлі сәтте өнер шебер­ле­рі халыққа әсем ән мен тәтті күй сыйлады. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.