Балық аулау кәсіпшілік құралдар түрлері | |
1. | Полиамидтік және илемді моножіп және моноталшықтан жасалған аулалардан басқа аулардың барлық түрлері |
2. | Вентерлер |
3. | Сүйреткіштер |
4. | Жылым ау |
5. | Аулардың барлық түрлері (шиланды, тастама, түпті, бұрап лақтыратын, тіректі, қойылатын) |
6. | Тралдардың барлық түрлері (электрлық, егіздік, тіректі) |
7. | Сүзгіштер (аулық, лақтырғыш, көтерілетін, екі ауыздық) |
8. | Мереждер |
9. | Төбелер |
Балық аулау кәсіпшілік емес құралдар түрлері | |
10. | Қармақ |
11. | Қапты ілмек |
12. | Сапсыз қармақ |
13. | Ілмек |
14. | Су астында аңшылық ететін мылтық |
15. | Шаянаулағыштар |
16. | Спиннингтердің барлық түрлері |
Балық аулау әдістері | |
17. | Ұяшықтайтын құралдарымен аулау балықтың ұяшықтарда немесе торда ұяшықталуына (оралып қалуына) негізделген: қойылмалы ауларға қазықтың, зәкірдің көмегімен қозғалмайтын жайда орнатылатын ұяшықтайтын құралдардың барлық түрлері кіреді; жүзбелі өзен аулары – жұмыстық жағдайда өзен ағысымен қалқып, жолда кездескен балықты аулайтын ұяшықтайтын аулау құралдары; дрифтерлік (қалқымалы) аулар жұмыстық жағдайда нашар ағысы бар су айдынында қалқып, оған жақындаған балықты аулаумен сипатталады; лақтырмалы ауларға кейіннен балықты ауға қуып кіргізуінде балықты аулық қабырғамен толық немесе жартылай қоршауында негізделген аулаудың ұяшықтайтын құралдары жатады. |
18. | Тұзақтармен аулау балықтың кері шығуы қиындатылған кірістері бар аулық және басқа құрылғыларға өз еркімен кіруіде негізделген: қойылмалы аулар – үстері ашық ірі тұзақтар; вентерлер – үстері жабық ұсақ тұзақтар. |
19. | Сүзетін құралдармен аулау (тралдық аулау, лақтырмалы аулармен аулау, судын түбінде аулармен аулау, шошак аулармен аулау, борттық қапсырмаларымен аулау, қалталы аулармен аулау) ау қабырғасымен балықты қоршап, оны аулау құралы орнын ауыстыру барысында судан бөліп алынуында негізделген: тралдар – суда кемелердің көмегімен жетектелетін тор қапшық түрі бар аулау құралдары; лақтырмалы аулар – су айдынын түбінен су бетіне дейін жабатын және балықты аулық қабырғамен қоршап, кейіннен ауларды жағаға немесе қозғалмай тұрған кемелерге алып шығарулуында негізделген аулау құралдары; судын түбінде аулайтын аулар – түбіне жақын судың бөлігін қоршап, балықты аулық қабырға және лай су жолағымен қоршап, кейіннен аулау құралын кемеге шығаруда негізделген аулау құралдары; қоршағыш лақтырмалы (шилан) аулар – судың ортаңғы бөлігінде мекендейтін балықты аулық қабырғамен қоршап, кейіннен аулау құралын кемеге шығаруда негізделген аулау құралдары; түптіктер – балықтың астыңғы жағынан әкелініп, кейіннен кеменің үстіне шығарылатын аулау құралдары (борттық қапсырма және конустық аулар). |
20. | Қармақ құралдарымен аулау – жемі бар ілмектерді балықпен жұту немесе жемсіз ілмектермен аулау объектін іліп алуда негізделген аулау құралдары: жемделетін (қармақтар, троллдер және ярустар); жемделмейтін (әр түрлі өзі аулайтын жабдықтар мен түйірлер). |
21. | Балық сору қондырғыларымен аулау – балықты сумен бірге аулау құрылғысына сорып, кейіннен кеме үстінде балықты судан бөлуде негізделген аулау құралдары. |
Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды
Ауа райы • Бүгін, 16:25
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Елорда • Бүгін, 15:47
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды
Қоғам • Бүгін, 15:17
Ақтау маңында ірі жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 14:42
Алаш қозғалысы: 12 том құжаттар мен материалдар жинағы толық жарық көрді
Руханият • Бүгін, 14:03
Шайды қай кезде ішкенде зияны болмайды
Денсаулық • Бүгін, 13:32