07 Желтоқсан, 2010

Төрағалықтың тамаша табысы – жасампаздықтың жарқын жеңісі

555 рет
көрсетілді
25 мин
оқу үшін
Қазақстандықтар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен еліміздің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығын,  Ұйымның Астана Саммитінің қорытындыларын осылай бағалауда * * * БІТІМГЕРШІЛІКТІҢ БИІК БЕЛЕСІ «Мың өліп, мың тірілген» қазақ хал­қын бодандық бұғауынан босату жо­лында жандарын пида еткен Алаш ар­ыстары армандаған Тәуелсіздікке осы­дан небәрі 19 жыл бұрын ғана қол жеткізгеніміз баршаға аян. Кейбіріміз әлі де байыбына бара алмай жүрген осынау қасиетті ұғым, дербес саяси ахуал әрбір азаматтың сана­сына, еліміздің өміріне халқы айрықша құрметтейтін, елі сүй­ген Елбасымыздың салиқалы да сарабдал саясатының арқа­сын­да орнықты. Ор­нығып қана қойған жоқ, тұңғыш Пре­зидентіміз Н.Ә. На­зар­баев­­тың бай­ып­ты басшылығымен «Тәуел­сіздік ту­ралы декларация» жарияланған уақыт­тан бергі біздің әр күніміз ғасырда жа­са­латын игілікті істерге ұласты және жал­ғасын табуда. Тәуелсіздіктің бір де бірегей белгісі – демократиялық бостандық. Адамзат бала­сы мыңжылдықтар бойы қалыптастырған осы құндылықтың қазақ топырағына та­мыр жаюы еңселі елдігіміздің, тегеурінді теңдігіміздің белгісі. Сонымен бірге, оған деген адалдығымыздың шынайы көрінісі де. Бұған өз дербестігін алғанына 20 жыл толмай жатып-ақ Қазақстанның әлемдегі ең бір саяси әрі салмақты институт, де­мократиялық құрылым саналатын Еуропа­дағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйы­­мына (ЕҚЫҰ) төрағалық етуге қол жеткізуі нақты дәлел бола алады. Ал осы адам құқықтары мен бостандықтарының салтанат құруына, демократиялық даму үдерісін баянды етуге, ұлтаралық қақты­ғыс­тарды болдырмау­дың алдын алып, мем­лекетаралық түрлі түйткілді мәселе­лер­дің оңтайлы шешілуіне белсенді атса­лы­сатын дүние жүзіндегі бірден-бір бейтарап Ұй­ымға төрағалық ету әлемдік саяси аренада толық мойын­далғанымыздың айғағы. Аталған беделді Ұйымға төрағалық тізгінін қолға алған сәттен бастап-ақ біз өз жоспарымызды ашық түрде жария еттік. Бұған қоса қазіргі таңда әлемді толған­дырып отырған көкейкесті мәселелердің қордаланып қалғанын қаперге ала отырып, Елбасымыз Ұйым шеңберінде атқары­ла­тын жұмыстардың басым бағыттарын айқындай келе: «..Біз ұйымдағы қандай да бір төңкерістердің жақтаушылары емеспіз, бірақ та енжар әрекет етпейтініміз анық», деп өзінің тегеурінді ұстанымын ашық білдірді. Ұйымның өз ішіндегі сабақтас­тық үрдістерін сақтай келе, оның халық­аралық заманауи экологиялық, саяси-эко­номикалық және әскери-стратегиялық, гу­манитарлық мәселелер бойынша жаңа­шыл бағыттары белгіленді. Нақтылап айт­қанда, Қазақстан төраға ретінде жыл бойы Ирак пен Ауғанстандағы тұрақсыздықты реттеуге күш салу, қырғыз еліндегі саяси ахуалды оңалту, Арал теңізінің жаһандық экологиядағы маңызына әлем жұртшы­лы­ғының назарын аудару сияқты халық­ара­лық деңгейдегі маңызды мәселелерді оң­тай­лы шешуді алдына мақсат етіп қойды. Осы арада бір айта кететін жәйт бар. Ол біздің еліміздің ЕҚЫҰ-ға төраға бол­ғанға дейін кейбір жаһандық мәселелер G-8, G-20, ШЫҰ секілді халықаралық ұйымдардың басқосуларында қажетті дең­гейде талқыланбағандығы дер едік. Егер ЕҚЫҰ шеңберінде қабылданатын әрбір шешім консенсус негізінде, яғни қарала­тын мәселелер мен қол жететін шешімдерді Ұйымға мүше 56 елдің өкілдері тегіс қолдаған жағдайда ғана қабылданатынын ескерсек, Қазақстан ұсынған басым ба­ғыттардың толық қолдау табуы осы Ұйым жұмысын жандандыру тетіктерін тиімді таңдай білгендігіміздің арқасы. Елбасы­мыз әлемде зор беделге ие осынау Ұйы­м­ның ұйымдастырушылық іс-әрекеті мен бітімгершілік қызметінің төрт «Т» (сенім, дәстүр, ашықтық, төзімділік) қағидаттары негізінде іске асатынын жария етті. Мұ­ның барлығы, сайып келгенде, ЕҚЫҰ-ның бітімгершілік беделін көтеру қажеттілі­гі­нен туындаған кешенді іс-қимылдар жос­пары еді. Осы жоспарды жүзеге асыру мақ­сатында ағымдағы жыл­дың 1 ақпа­нын­да Вена қаласында арнайы экономи­калық-экологиялық форум ұйым­дас­ты­рыл­ды. Жиында Арал теңізі, Чер­но­быль апаты мен Семей ядролық полиго­ны­ның зардаптарын жою сияқты қорша­ған орта­ны қорғау мәселелері талқыланды. Бұл тек осы мемлекеттер ғана емес, әлем халық­тары алаңдап отырған ең күрделі, өзекті мәселенің бірі болатын. 1 шілдеде ІІІ Ас­тана экономикалық форумы шақы­рылды. Онда әлемдік қаржы дағдарысы салда­ры­мен күресу, дінаралық қарым-қа­тынас, ұлтаралық түсіністік, гендерлік тең­дік, қо­ғамды ізгілендіру мақсатындағы көкейкес­ті мәселелер сарапталды. Осын­дай жүйелі жұмыстың нәтижесінде Төзім­ділік пен кемсітпеушілікке қарсы Астана деклара­циясы қабылданды. Ал Варшавада өткен Ұйым мүшелерінің кезекті жиы­нында тәу­ел­сіз сот, ой-пікір еркіндігі, адам құқық­тары мен бос­тандықта­ры­ның қам­та­ма­сыз етілуі, әд­іл сайлау өт­кізу, т.б. адами құн­ды­лықтар жүйе­сі­не қа­тыс­ты ар­на­йы ке­ңес бо­лып өтті. Төр­аға­лық тұсында Қа­зақстан Таяу Шығыс, Прид­нестровье, Ау­ғанстандағы, Кав­каз бен Қырғызстандағы шиеленісті ахуалдарды реттеуде іскерлік таныта білді. Сонымен қатар, Молдова мен Грузияда және Әзірбайжанда ау­мақтық тұтастық­тың бұзылмауына тиімді әсер ете білді. Осы­ның өзінен-ақ Қа­зақстан Рес­публи­касының Президенті Н.Ә. Назар­баев­тың бір мемлекеттің ғана көшбасшысы емес, өзара дауласқан елдер басшыларын ымы­раға шақыра алатын мәмілегерлік зор қа­бі­летті ұйымдас­ты­рушы және адамзат­ты дау-жанжалдардан құтқара алатын ке­мең­гер тұлға ретінде танылғанын байқауға бо­лады. Осындай сенім мен көзқарас ЕҚЫҰ-ны Астана Саммитіне алып келгені анық. Әлем халқы жіті көз тігіп, үлкен үміт артқан бұл Саммит жа­ңа мыңжыл­дық­тың қасиетті құ­рылтайы ретінде бағалануда. Ас­­тана Сам­ми­тін­де Елбасы ЕҚЫҰ жұ­мы­сын жандандыру бағытында бірнеше келелі ұсыныстарын ортаға салды. Бұл ретте Ұйымның жаңа жағдайда қалып­та­суы мен тиімділігін арттыру, қауіпсіздік жүйесін реформалау, қауіпсіздікті нығай­ту мен қа­рулы қақтығыстарды болдыр­маудағы ТМД елдерінің рөлін күшейту шараларын ұсынды. Сонымен қатар, ба­сым бағыт ретін­де еуроатлантикалық және еуразия­лық қауымдастық құрудың ма­ңыз­ды­лы­ғын атап көрсетті. ЕҚЫҰ төр­ағасы Қазақ­стан тарапынан «Маастрихт+» деп атала­тын жаңа даму стратегиясын жаңар­ту­ды жария етті. Елбасы ЕҚЫҰ себеттері мен институт­та­ры санын ұлғайту қажеттілігіне тоқтал­ды. Ұйым жұмысын жандандыруда оның құрылымын энергетикалық қауіпсіздік жә­не экономикалық өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестермен толықтыру, қоршаған ортаны қорғау саласында ЕҚЫҰ-ның Экология­лық форумын құру қажеттілігі айтылды. Бұған қоса су тапшылығын тартып отыр­ған елдер үшін «Су және құқық» бағдар­ламасын әзір­леудің өзектілігіне тоқталды. Сонымен бірге, жаңа онжылдықтағы төзім­ділік, жеке өлшем санатында қауіпсіздіктің түрлі проб­ле­маларын болжау жөніндегі жұ­мыстарды белсенді жүргізуге шақырды. Бұл ретте ЕҚЫҰ-ның Қауіпсіздік институ­тын бел­гі­леу жөнінде ұсынысын ортаға салды. Бұған қоса діни төзімділік мәселелерін арнайы қарап, бұл үшін әлем діндерінің съе­зін алаң ретінде пайдалануға болатын­дығы айтылды. Сонымен қатар, демокра­тия­лық институттарды жетілдіру, БАҚ тәу­елсіздігі мен адам құқықтарын қорғауды жо­ғары деңгейде қамтамасыз ету қажетті­лігі арнайы мәселе ретінде көтерілді. Ұй­ым­ның ықпал ету аймағы бұрынғы Ванку­верден Владивостокқа дейін ғана емес, төрт мұхит төңірегін қамтитын болады. Бұл келешекте ЕҚЫҰ еуроатлантикалық және еуразиялық кеңістікте бірегей қызмет ететін ықпалды Ұйымға айналатынының нақты дәлелі. Саммитте көтерілген ең ма­ңыз­ды бастамалардың бірі біздің Елбасы­мыздың Ұйымға мүше барша мемлекеттерді Ядросыз әлем декларациясын қол­дауға шақыруы болды. Астана Саммитіне келген ЕҚЫҰ-ға мү­ше мемлекеттің өкілдері Еуропадағы қауіп­сіз­дік және ынтымақтастық ұйымына төр­а­ғалық ететін келесі мемлекетке Ұйым­ның Қазақстан көтерген беделін түсіріп алмауды тапсырды. Мұны ай­на­лып келгенде, Қазақ елінің төрағалық қызметіне әлемдік деңгейде берілген жоға­ры баға деп қабылдауымыз керек. Келер жылы Қазақстан бүкіл мұсыл­ман әлемін қамтитын Ислам Конферен­циясы Ұйымына төраға болады. Осы ту­ралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев біздің алды­мыз­да аса маңызды екі міндет тұрғанын атап өткен болатын. Бірінші – исламды дін ретінде құбыжықтандырмай, оны саяси-идеологиялық тұрғыдан діни фундаментализмге қарсы тұра білуге бағыттау. Екінші – Батыс пен мұсылман әлемінің арасында ашық та әділ үнқатысуды жолға қою. Осы аталған мерейлі міндеттерді Елбасымыз­дың берік ұстанымы арқасында абырой­мен атқаратындығымызға ел кәміл сенімді. Байзақ МОМЫНБАЕВ, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор. * * * Журналист жазбалары ҚЫЗЫҚСЫН ДА ҚЫЗҒАНСЫН Шарықта көңіл, тасқында сезім, лү­піл­де жүрек! Айбындан елім, мерейлен жерім, мақтан қазақ, асқақта! Апта бо­йы жер-жаһанның бар назарын арайлы Аста­наға аудартып, алты құрлықтағы адам­зат атаулыны алаңсыз бейбіт өмір сүруге ша­қырған Арқадағы алқалы жи­ын абырой­мен аяқталды. Қазақ, қазақ болғалы мы­нау ұлы далада төрткүл дү­ниеге төрелік айтқан мұндай құрылтай шақырып көріп пе еді! Ғасырлар бойғы бодандық бұ­ғауы­нан босанып, жиырма жылда жан-жа­ғы­на енді ғана таныла бастаған халқымыз­дың қасиетті қазақ атауы халықаралық қо­ғамдастықтың алты тілінде, ал жаһанның жүз тілінде қайта-қайта жатталып, құр­мет­пен аталып кө­ріп пе еді! Тәубе! Жел­тоқсанның алғаш­қы жұлдыздарында төрт мұхиттың то­ғысындағы жалпақ әлем қа­зақ деп сөй­леді, Астана деп тыныс­та­ды, адал ойлы адамзат үмітін үкілеп, құт да­ры­ған, қасиет қонған қазақ жеріне қарады! Беделімен жан-жағын ықтыратын бел­ді мемлекеттердің өзі де бірнеше ел басшысының басын қосса, қалыпты тір­­­шілігінен ажырап қалып жата­ды. Ал әлем­нің 70-тен астам елінің ығай­лары мен сығайлары бас қосқан мұндай ау­қымды құрылтай өткізу – бірлігі берік, намысы биік, өресі бай елдің ғана қо­лынан келер ірі құбылыс. Ақиқаты солай, көңілі дархан, берекесі мол, жа­ны жомарт, дәстүрі берік Қазақ елі өресі биік тұтастығын танытып, ұлы сынға жұ­­дырықтай жұмылды, уақытпен са­нас­­пай «Астана Саммиті» деп тыныс­тады, ел абыройы үшін таң атырып, кеш батыр­ды, тіпті түн қатты. «Астананың барлық жұртшылығы – соның ішінде түрлі қызметтегілер, тіпті еліміздің барлық халқы осы жиынның абыроймен өту­ін тіледі. Осы мүмкінші­лік­ті пайда­ла­нып, баршаңызға шын жү­регімнен ал­ғысымды айтамын. Еліміз­дің мерейін үстем еткен осы Саммиттің табысты өтуі қазақстандықтардың сол игі тіле­гі­нің арқасында деп ойлаймын», деп тебіренді Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев Сам­миттің қорытындысына арнал­ған бас­­пасөз мәслихатында. Иә, Көш­бас­­шы­сына деген шексіз сенім, адал ниетін ақтара көрсететін халқы, елінің мүддесі мен мерейін ғұмыры мен қыз­метінің темірқазығына айналдырған Ел­басы тарих толқынында тұңғыш рет енші­мізге тиген  әлемдік бас жиындар­дың бірі –  ЕҚЫҰ-ның Саммитін салиқалы өткізді. Ал Астананың бұл басқосуды өткізу барысындағы халықаралық жоғары дә­режедегі қызметіне Саммитке келген барлық қонақтар құмарлана таңданып, барлық делегация басшылары атадан қал­ған ұлы дәстүрін жалғастырып келе жатқан қазақ халқының қалтқысыз қо­нақ­жайлығын бірауыздан мойындады. Астанадағы қонақ күткен қызмет түрле­рі­нің бәрі ешбір іркіліссіз жұмыс атқа­рып, сыртымыздан сынай кел­ген шетелдіктерге жайылып төсек, жазылып жас­тық болды. Саммит қонақ­тары шоғыр­ланған орталықтардағы ас­та-төк дас­тар­қандар қазақтың жомарт­ты­ғын паш етіп, еліміздің бүкіл адамзат мүддесін көк­сеген осы Саммиттің нә­тижелі өтуі­не деген шексіз ықыласын танытты. Бұл ыстық ықылас пен ақ ниеттің бә­сіресін құрметті қонақтар да толы­ғы­мен түсінді. Оған осындай зор халық­аралық б ас­қо­суды өткізуге баста­машы болған Қа­зақ­стан Республи­касы­ның Пре­­зиденті Нұр­сұлтан Назарбаев­тың еңбегіне зор баға беріп, «Төрткүл дү­ниенің төрт бұ­ры­шынан келген қо­нақ­тарға жоғары дә­ре­жеде қалтқысыз қыз­мет және шексіз қо­нақ­жайлық көр­сет­кен Қазақстан хал­қы­на және Үкіме­тіне шын көңілден ал­ғы­сымды айта­мын. Мұндай баламасыз ыс­тық ықылас біз­дің жұмысымыздың же­­місті өтуіне жағ­дай жасамақ», деп ағы­­нан жарылған АҚШ-тың Мемле­кет­тік хатшы­сы Хил­лари Клинтонның сөзі дәлел. Әлем таныған сарабдал саясаткер, за­манауи реформатор, дарабоз көшбас­шы Нұрсұлтан Назарбаевтың дарынды дипломатиясы мен баламасыз ұйымдас­тырушылық қасиетінің арқасында мүд­де­лері тоғыспай тұрған 56 мемлекеттің басшылары таразы тарих, қатал уақыт, Астана Саммиті талап еткен деклара­ция­ға қол қой­ды. Бұл әлемдік дәрежеде та­рихи тұл­ға, дарынды дипломат, Қазақ елінің кіршіксіз көңілі, марқасқа маң­дайына жазған Көшбасшы Нұрсұлтан Назар­баевтың баламасыз ерік-жігерінің арқа­сы еді. Таң атырып, түн қатып тәу­лік бойы әлем мүддесі тоғысқан ұлы мүд­делерді шешу жолында жұмыс атқа­рып, Астана уақыты бойынша түнгі са­ғат 1:00-ден өте төрткүл дүниенің төрт бұ­ры­шынан жиналған төртінші билік өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізу қай елдің басшысының қолынан келді?! Хельсинки үдерісінен Астана рухына жалғасқан ұлы құрылтайды қорытын­дылай келіп Қазақстан Респубикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз бүгін Астанада еуроатлантикалық және еуразиялық біртұтас қауіпсіздікті қа­лып­тастыру жолына қадам бастық», деп атап көрсетті. Астана Саммиті осылай қорытындыланды. Астанаға атбасын тіремеген АҚШ президенті Барак Обама, Франция басшысы Николя Саркози мен Өзбекстан көшбасшысы Ислам Кари­мов қызығатындай, тіпті қызғанатындай саммит өтті. Бейбіт өмір, өркениет әле­міндегі оның таразысы тарих болмақ. Ал  бүгін біз барша адамзат мүддесін көксеп, туған елімнің табанына батқан шөгір маңдайыма кірсін деген ұлы тұл­ғаның теңдессіз еңбегін, татулық пен бір­лікті пір тұтқан елдің ерендігін паш етеміз. Мерейлен елім, мақтан қазақ! Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ. * * * АБЫРОЙЫҢ АРТА БЕРСІН, ТУҒАН ҚАЗАҚСТАНЫМ! Астана Саммиті турасында алғаш ай­тыла басталғанда көңілдерге көп күдік­тердің ұяла­ғаны жасырын емес. Осыдан екі жыл бұрын Финляндия төрағалық еткен тұста сол кездегі еліміздің Сыртқы істер министрі Марат Тәжин Еуропадағы қауіпсіздік және ынты­мақ­тастық ұйымының өткен жылғы, сол уа­қыттағы және алдағы төр­аға­лары бас қосқан кездесуге барғанында сол сапарға ақпарат­тық қолдау көрсетуге министрмен бір­ге Хель­синкиге жол тартқан едік. Сонда бізбен бірге жүрген фин­лян­диялық әріптесі­міз сіздер бізге желтоқсан айында тағы да келі­ңіздер, сонда төраға­лықты тапсырарда елімізде үлкен жиын болады, дайындығы қа­зірдің өзінде керемет жүріп жатыр, өкінбей­сіздер, деген еді. Бірақ ол саммит емес қой. Ұйым құрылуының бастауында тұрған, ол өмір сүріп келе жат­қан 35 жылдың ішінде «Хельсинки рухы» деген қанатты сөзді ай­на­лымға ендірген елдің өзі саммит емес, Ұйым аясында өт­кізер конференциясын сондай оқи­ғаға ай­налдырып тұрғанда тәуелсіздігін ал­ғанына 20 жыл толмаған біздің бұл ойы­мыз қалай жүзеге асар екен. Тіпті айтыл­ға­нымен, орын­далмай қалатын жақсы идеяның бірі болып қалмас па екен, деген күдіктің кө­ңіл түкпірінде тұрғанын несіне жасырайық. Қазақ «Көз – қорқақ, қол – батыр», «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді. Айт­қан-ақ қой, шіркін! 11 айдың ішінде Іс ба­сындағы төрағаның тынымсыз сапарла­ры­ның бірнешеуінде бірге жол жүрудің сәті түсті. Қанат Бекмырзаұлының сондағы тө­зімділігіне, шаршамайтын тынымсызды­ғына, өзін қарапайым ұстап отырып-ақ асау мінезді саясаткерлерді шыдамдылығымен тойтарып, ойын еріксіз тыңдаттыра білетіндігіне әлденеше риза болғанымыз да бар. Әсіресе, ол мойындалмаған мемлекет – Приднестровье орталығы Тираспольге бар­ған сапарында анық көрініп еді. Мой­ындалмау кімге оңай тисін, бойында соған деген шамы бар Приднестровье лидері Смир­новтың мінез көрсетуі Іс басындағы төраға салмағының тасасында қалып, ол 5+2 пішініндегі бейресми кездесуге келісімін беруге мәжбүр болып еді. Иә, Астана Саммитіне даярлық тыным­сыз жұмыстың, қарбалас тіршіліктің ара­сын­да жүріп жатты. Күн жақындаған сай­ын, апыр-ай қалай болар екен, жер-жаһанға жар салып жүргенде жер болып қалсақ оңай емес ау, деп көңілге уайым да кірді. Бірақ жоғарыда айтқандай, ол жәй күдік екен. Жұмылып кірісіп кеткенде Астана Саммит­ке сақадай сай болып шықты. Сонымен, саммит басталар сәт сағат сай­ын жақындай түсті. Жаңалық десе, жар құлағы жастыққа тимейтін журналистер қа­уымына да қарбалас тірлік бұрқ-сарқ қай­на­ған қазандай қызып бір кетті дерсіз. Халық­аралық баспасөз орталығы саммит басталмай жатып-ақ өз жұмысын бастап кетті. Қапысыз дайындық осы жерден де анық байқалды. Журналиске қажетті ақпарат алу­ға, оны жіберуге барлық жағдай толығымен жасалған. Кіші залда бірінен соң бірі ЕҚЫҰ офистерінің басшылары брифингтер өткізіп жатыр. Көлігімізбен баспасөз орталығына дейін барып, қажетті материалдарымызды керегінше алып қайтып жүрдік. 30 желтоқсан күні таңертеңгілік бас­пасөз орталығына бармақшы болып жолға шыққанымызда, күндегідей емес АҚШ елшілігінің қала жақ бұрышынан көлігімізді тоқтатып, әрі қарай тексеруден өткен соң арнайы автобус апаратыны айтылды. Жазда Ауғанстан астанасы – Кабулдағы конфе­ренцияға барғанда автомат кезенген солдаттар дәлізінен, тексерудің соншама бір күр­делі жолдарынан өткен маған қауіпсіздік шаралары әшейіндегіден гөрі қатайтыл­ған­дай көрінсе, Бакуден келген әзірбайжандық журналист үшін бұл керемет жаңалық бол­ды. Жалма-жан операторына мыналардың бәрін түсір деп, өзі микрофонын қолына ал­ып сол жерден түсірілімді бастап кеткен. Біздің қауіпсіздік қызметінің жігіттері болса, олай етуге болмайтынын түсіндіріп жа­тыр. Сонда да әзірбайжандық әріптес ойын­да­ғысын ор­ын­дап шықты. Қарап тұрып, шы­нымен де жігіттердің де жұмыстары оңай ем­ес-ау, бәлесінен аулақ, қауіпсіздікке жіті қа­ра­маса болмайды, дұрыс-ақ дедім, ішімнен. Сонымен, көптен күткен саммит өз жұ­мысын бастады. Баспасөз орталығында ине шаншар орын жоқ. Ең орталық залда адам ығы-жығы, әрлі берлі-жүріп алаңда­ту­шылар көп болғандықтан, егемендік журналистер жайлы орын іздедік. Тапқан ор­ны­мыз өте бір ыңғайлы болып шықты. Келсек, біздің ал­дыңғы қатарымызға Ар­мениядан және Ре­сей­ден келген журналистер орна­ла­сып үлге­ріпті. Құлағым қазақ­тардың дайын­дығы керемет екен ғой, дегенді шалып қалды. Саммиттің алғашқы күнінде Әзір­бай­жан басшысы Ильхам Әлиевтің, кейін Ар­мения президенті Серж Саргсянның сөздері екі жақ­­тың ұстанымдары бір-біріне қаншалық­ты кереғар екендігін көрсеткен соң бір бөл­меде отыр­ған әріптес­терімізге таянып, өзде­рінің сол елдің азаматы ретіндегі ойларын айтып беруді сұрадық. – Сіз не туралы сұрамақшысыз, қазір біз президентіміздің сөзін елге жіберуіміз керек, әзір қолымыз тимейді, – деген соң, күте тұратынымызды айтып, әйтеуір қағидатты түрде келісімін алып қолдарының босауын күттік. Мен өз орныма отырғанда армян әріптестер уәде берген журналиске қызу­ла­нып өз тілдерінде бірдеңелер айтып жатты. Әншейінде де қызуқанды жұрт қой деп онша назар аудармадық. Содан енді әзірбай­жан­дық қаламдастарды іздедік. Толып от­ыр­ған журналистердің ішінен түрін, аты-жөнін білмеген соң, дәл сол елдің журналисін табу да қиын. Сыртқы істер министрлігі қызмет­керінің мына қатарда отырғандар әзірбай­жан­дар болуы тиіс деген сілтеуімен оларға жақындадым. Рас, сол елден екен. Есімім Тарана деген журналист әйел сөз­бұй­даға салмай, бірден келісімін берді. Тек қазір Түркия Президенті Абдулла Гүл сөзін бітірсін, оның пікірі біз үшін маңызды, деген. Шамалы уақыттан соң «ханым» деген дау­ысқа қарасам, Тарана жанымда тұр. Әзір­бай­жандық «ТУРАН» ақпарат агентті­гі­нің журналисі Тарана Кязимова менің пікірімді қарапайым әзірбайжан қызының сөзі, сол халықтың өкілінің субъективті пікірі деп қабылдаңыз, деп ойындағысын ашық айтып берді. Ал артынша армян әріптесіме бар­ғанда, ол – кешіріңіз, мен сізбен тілдесе алмаймын, деп қашқалақтады. Уәде берді­ңіз емес пе дегенде барып, ұялғанынан келісіп: «Мен сізге аты-жөнімді айта алмаймын және суретке де түсіре көрмеңіздер», деп ойындағысын әлденеден жалтақтағандай сыз­дықтатып шығарған (Бұл екі әріптестің пікірінен құ­ралған мақаланы алдағы нөмір­лердің бірінен оқитын боласыздар). Сонда барып: «Е, жаңағы дүрсе қоя берудің аяғы осы болды ғой», дегенбіз. Тіптен, «сіз мұндай жиындарда қарапайым журналистен пікір алғанды қашан көрді­ңіз?» – деп өзімізге қарсы сұрақ та қойған. «Россия 24» каналының жүргі­зу­шісі Дмитрий Щуголев те (ол артынан саммит соңында қорытынды баспасөз мәсли­хатында Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа сұрақ қойды) бізбен бір бөлмеде алды­мыз­дағы қатарда отырды. Дмитрий өте сыпайы жігіт екен. Өзінің Астанаға жиі келетінін, осы қаланы жақсы көретінін айтты. Мен ал­ғаш 2005 жылы келгенімде қала алып құры­лыс алаңы еді. Қазіргі күйі тіптен тамаша. Мен сізге айтайын ба, маған осындағы адам­дар керемет ұнайды. Өте ашық, ақжар­қын, мейірбан, қонақжай. Сырттан келген деп оқшырая қараған бір де бір жанды кездестірмейсіз. Осы күндерді алайықшы, қан­ша елден адамдар келді. Мына баспасөз орталы­ғын­да бір шатырдың астында бірнеше күн бірге қызмет жасадық. Біздің Ресей де қонақ­жай, бірақ дәл сіздердегідей емес. Менің ой­ымша, ресейліктер қазақстандық­тардан ешкімді сыртқа теппейтін, «бөтен» деп қара­майтын көзқарасты үйренулері керек сияқты көрінеді де тұрады. Жалпы, адамды түріне, діліне, дініне бөлмей құр­мет­теу ешқашан артықтық етпейді. Әншей­ін­де меймандостық сәл-сәл жетпей тұр­ған­дай көрінеді ғой, ал Қазақстанда ол еш бай­қалмайды. Мұндағы адамдардың барлығы тең. Және де Қазақстан өз төрағалығын өте жоғары дәрежеде жүр­гіз­гендігін саясаткерлер де, сарапшылар да айтуда. Ал саммиттің ұйымдастырылуына деген өзімнің пікірімді айтсам, ол өте жоғары деңгейде. Журналис­тердің дер уақытында ақпарат алуы, оны жіберуінде еш кедергі жоқ, деді Д.Щуголев. «Қонақ аз отырады, көп сынайды» дейді. Сол сөз анық сөз. Қазақстанның іргелі Ұйымға төрағалы­ғы өз мәресіне таяп келеді. Төраға ел ат­қар­ған істерді көпшілік мойындады. Саммиттің Аста­на Декларациясы қабылданды. Шар­ша­ғанымыз, күткеніміз бір сәттей болмай өте шықты. Қашанда мерейің үстем болғай, Елім! Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ.