10 Желтоқсан, 2010

«Қоңыраулы көлдің» перзенті

809 рет
көрсетілді
25 мин
оқу үшін
Әдетте мүшелтойға немесе мерейлі жасқа орайластыра жа­зыл­ған мақалаларға газетімізде «Есімі елге елеулі», «Есімі елдің есінде» де­гендей айдарлар қойылып жататын. Танымал қаламгер, ау­дар­ма­шы Кеңес Юсуптың қазақ әдебиетінде, ұлт журна­лис­ти­касында өз орны, өз ізі бар Тоқтарбек Қызықбайдың рухына тағзым тұрғысында қағазға түскен мына мақаласына «Әдебиеттің әңгімесі» айдарын орын­ды көрдік. Неге десеңіз, автор мұнда қанаттас, қатарлас өскен қаламдас досының шығар­машылығын талғам безбенімен дәл та­ра­зы­лай, өзіне сыйымды бағасын бере келіп (өмірден өткен екі қаламгердің бірінің классикке айнала жаздап жүргені жасырын емес), өлеңге адал­дық­тың, журналистикадағы жанкештіліктің өзі әп-әдемі жеміс бере ала­тынын әдемі аңғартады, поэзияның кешегі, бүгінгі сипатына байланысты байыпты байламдарын да ортаға салады. Мысалы, Ол­жас Сүлейменовтің атақты поэмасының («Земля, поклонись человеку») тақырыбына орай қаншама қазақ қаламгерінің «Бұлай айту – ас­там­­дық, адамзат өзін жаратқан анасы – Жерге «сен маған табын» деп сөйлемеуге тиіс» деген сыңайда сын айтқаны есте еді. Кеңес Юсуп поэма атындағы «поклонись» сөзі «табын» дегеннен гөрі «тағ­зым ет» дегенге жақындау екенін, орыс тілінде «табыну, бас ию, сыйыну» ұғымдары «преклонение» сөзімен берілетінін қолмен қой­ған­дай көрсете алған. Ал «поклонение» сөзінің «бас ию, табыну, сыйыну, ғи­бадат қылу, тәуап ету» дегендей мағыналар беретінін кез келген сөздіктен көре аламыз. Орыстың ғажайып сұлу сазбен жаза­тын жазушысы Константин Паустовский­дің Қазақстанға арналған үш-төрт әңгімесі бар. Жазушы өзінің «Путешествие на старом верблюде» дейтін әңгімесін: «Қазақ­станда, көшпенділер толқынының таза сың­ғырлаған үні үшін «Қоңыраулы көл» атап кеткен Зайсан көлінің жағасында», деп бастайды... Сол «Қоңыраулы көлдің» жағасында...бір замандасымыз өскен, сол көлді аңсау­мен дүние кешкен. Тегі осы көлдің толқы­ны­ның «күмбірінде», сірә, бір сиқыр, бір құ­дірет бар секілді. Олай дейтінім осы ай­дын­ның маңында дүниеге келгендердің ара­сынан ақындар көп шыққан. Бұл «ортаймай көңіл толсын деп, соныға тарттым, соныға» деп жырлайтын Тоқтарбектің өскен ортасы. Әсілінде ол өзі­нің өмірбаянын өлеңдерімен өзі жазып қал­дырған. Мінеки: Біз қырқыншы жылдарданбыз – Тар кезде туғандармыз. Кештетіп бүр жарғанбыз, Көп тойдан құр қалғанбыз, Шыңырауда шыңдалғанбыз, Жығылып тұрғандармыз, Мұңды ән-жырларданбыз, Ертеңгі думандармыз – Біз қырқыншы жылдарданбыз! Тұтас бір ұрпақтың ғұмырының баяны ғой. Осы жолдардан оның қырқыншы жы­лы дүниеге келгенін ұғасыз. «Әке көрмей мен өстім» деген өлеңінде: «Бесігімде сон­да ің­гә­лап жатыппын,/ Ал сен суыт аттанып­сың май­данға», дей келіп, «жан әке, тым болмаса, сақталмапты-ау суре­тің» деп қамы­ға­ды. Қа­зіргі кезде жетпіске келген немесе сол төңіректі шиырлап жүрген талайдың пеше­не­сіне жазылған тағдырдың «таңбасы»! Бұл жолдардан тауқыметті заманда тары­ғып, әке мейіріне зарығып өскен жанның өмірлік сырын бағамдайсыз. Екінші дерек – ол әке­сіз өскен көп мұңлықтың бірі. Енді осы өмірбаянды жеке адамның нақ­­ты тіршілік кешуіне айналдыру, ғайы­би күйінен кәдімгідей көзге көрінердей етіп жандандыру үшін бірді-екілі дерек қо­суымыз керек. Төрт жыл аудандық газет­те қызмет істеп, баспасөз (сол ке­зең­де аудандық газет журналистиканың бас­тап­­қы байыпты мектебі саналатын) әліп­песін әжептәуір меңгерген жиырма екі жасар жігіт облыстық «Коммунизм туы» га­зе­тіне қызметке шақырылады. Оны мұнда алып келген поэзияны терең түсінетін адам­ның көзіне түскен өлең-очеркі. Газеттің сол тұс­тағы редакторы Бейсенғали Тәйкіма­нов ақ­са­қал білгір ұйымдастырушы, білікті бас­шы, өзі де тиіп-қашып өлең жазатын адам ақын жігітті ерекше қамқорлығына алады. Биязы да бұйығы адамдардың көпші­лі­гіне тән мінез бе деймін, ол мақтау-ма­ра­пат­қа барынша салқын қарайтын, жазы­ла қалған, жарық көрген әлдебір шығарма­ла­рына қошемет айтыла қалса, үсті том­пақ­та­на біткен аласы мол бадырақ көзде­рін бір төңкеріп, етті еріндерін жалап жіберіп, «қойсайшы-ей» деп дүңк ете қала­тын. Кейде ақын ретінде атағының шыға қой­ма­ғаны да осы мінезінің салдары ма екен деген де ой келеді. «Кішік жанды ұялтқың кел­се, мақтауға тырыс», дейтін нақыл осыдан болуы мүмкін. Бұл арада бір жәйттің басы ашық, ол өзі­нің «өмір-сапарында» табиғат сыйға тарт­­қан дарынын да, тағдыр талайы маң­дайына жазған қажыры мен қайратын да аяп қалған жоқ. Ол ақындығы мен жур­нал­шы­лық қызметін бөле-жара қараған жоқ, бірін жоғары, бірін төмен қойған жоқ, ол мүм­кіндігінің ең жоғарғы дең­гейінде аянбай тер төкті. Айталық, ол ойы­на оралған әде­мі қисынды өлеңімнің шу­мағына жара­тар­мын деп іріккен жоқ, қара мақаланың қа­рапайым жолына қи­нал­май-ақ қия сала­тын. Осындайда, апырмай-ә, осынысы бе­кер­шілік болмады ма екен деген де ойға келесің... Тоқаңның «Мен заманның қара өгі­зімін немесе қара жұмыс туралы толғау» аталатын өлеңдер топтамасы бар. Таза пуб­­ли­цистикалық сарында жазылған сы­пайы да сүйкімді топтама. Мұнда оның адам баласының қажыры мен қайратына деге? ????????? ???? ?????????? ????????????????????: ??? ????? ????? ???-????? ?????, ???????? ??? ??????? ?????. ??? ???????? ???? ????????, ?????? ??????? ???? ????????. ??? ????????? ??????????????? ?? ??????????? ????. ????? ????? ????????, ???? ???? ??????? ???????, ???? ????????? ????? ???????? ????? ????? ?? ??????????. ????? ?????, ???????? ?????? ??????, ??????? ???? ???????? ?????????? ????? ????????, ???????? ????????? ???? ??????, ???????? ?????????? ???? (????????? ???????) ??????????? ?? ?? ??????, ???????????? ?????????????? (??????? ???????? ??????????) ??????????? ??? ??????, ?????????? ?????????? (??????? ?????????) ???????????? ?? ????? ????????? ???????? ? ???? ???????? ??????????? ???????? ??????. ???????? ????? ??????? ?? ?????? ????... ???????? ??????? ???????????? ??? ????????? ?????? ??????????? ??????????????? ??????? ??????, ???? ??-???????? ???????????, ?????????? ???? ????????? ??????????, ???? ????????? ?????? ???????? ????????????, ???-?????????? ????????????, ??????? ????? ????? ??? ????? ?????????? ?? ?? ??????? ?????????. ?????????, ????? ?????? ??????, ????? ???????????? ????????? ????????? ????????? ????? ??? ????????? ????? ??????? ????. ?????? ?????, ??????? ???? ?????? ?????????? ???????? ??????? ??????????? ??????? ????????? ???????? ???????? ????? ??? ?????????? ??????? ??????? ??????? ??????? ????????? ???? ??????????? ???????. ? ??????? ??? ????? ???????????, ?????????? ??? ?????? ????? ???????, ?????? ???????? ??????? ???. ????? ???-?? ????????? ????????? ?????? ??????? ??????, ?????????? ?????? ???????????, ???????? ????????? ???? ?????? ????? ???-?? ???????. ???? ?????????? ??? ??? ??? ????? ??? ?????? ?????. н көзқарасы өлең жолдарымен өр­­­­­­нек­­­телген: Кей кезде мұңым көл-көсір неден, Уақыттың өзі емдесін дегем. Мен заманның қара өгізімін, Тірлік арбасын өрге сүйреген. Бұл Тоқтарбек Абдрахманұлының өз тір­лігінің сыры. Уақыт солай ұйғарған, Оның қара жұмысқа жегіліп, аман қа­лу­дың қамын жасаудан басқа амалы да бол­ма­ған. Буыны бекіп, бұғанасы қатпай жа­тып, ауылдың қара жұмысына жегілгенін былай қойғанда, аудандық газеттегі төрт жыл­ғы, облыстық «Коммунизм туы» (қа­зір­гі «Дидар») газетіндегі он үш жыл­ғы, «Социалистік Қазақстандағы» (қазіргі «Еге­мен Қазақстан») газетіндегі бес жыл­ғы, «Қазақстан коммунисі» (қазіргі «Ақи­қат») журналындағы он жылғы қар­балас қыз­меті – әлгі шумақтың әділдігінің ай­шықты дәлелі. Қарбалас жұмыс деуіміз де те­гін емес... Жоғарыда аталған басылымдарда осы жылдардың ішінде жарияланған Тоқтар­бек­­тің қолынан шыққан, оның ой-елегінен өт­кізілген, зердесімен және сезімімен сү­зіл­ген, қара қаламының ұшымен өңделген ма­қалаларды, хат-хабарларды топтастыр­са, қаншама томды құрар еді деген желпіністі ой да көкейде тұншығады. Көлемдісі, мейлі кішісі болсын, соның әрқайсысында жур­налшы азаматтың қаламының қызуы мен жүрегінің жылуы жатқаны анық. «Тоқаң барда, «запас» бар» дейтін Тоқ­тарбек облыстық газетте редактордың бірінші орыбасары қызметін атқарған кезде сол басылымның жауапты хатшысы бол­ған байырғы журналист Ақан Мұхама­диев аға­мыз. – Алдында бір қорап «Бело­моры», күлсалғышы мен қаламы жатса болғаны, То­қаң сағаттап отыруға бар. Содан екі-үш нө­мірлік қорыңызды бірден әзірлеп тастап, шалбарының тізесі қалта­ланып, өңі­ріне шылымының күлі жұққан кезде бір-ақ тұрады». Оның портретіне бұл аса бір әдемі әрі шыншыл штрих. Тегінде, Т.Қызықбай бір ісі бітпей тұ­рып келесісі қылаң беретін тынымсыз ма­ман­­дық иесі, шаруасы саябырсыса, кейінгі бі­рін өзі іздеп тауып алатын, үнемі елегізіп тұратын, қайда жүрсе де газет боя­уы­ның иісін аңсап жүретін нағыз газетші бо­ла­тын. Қазақстан Республикасы Пре­зи­ден­ті Әкімшілігіндегі жауапты қызметінен зей­нет демалысына шыққан ол нарық «за­маны» берген еркіндікті пай­даланып, ау­дан­­дық газеттің форма­тын­дағы «Қас қа­ғым сәт» аталатын газет шығаруды қолға ала­ды. Осы басылымның бірнеше нөмірін та­ра­тып та үлгереді. Сол газеттің жарық көр­­ген екі-үш нөмірін шолып шыққан едім. Сонда көкейге түйгенім: Тоқтарбек ау­дандық газетте жүрген кезінде қаптаған қаулы-қарарлардың, күн сайынғы шаруа­шы­лық мәселелерінің қалқасында іске асы­­рылмай қалған ой ниетін, айтылмай қал­­ған сөздерін жаңғыртпақ ниетте болған секілді, нағыз «адами кейіптегі» газет шы­ға­руға тырысқан тәрізді. Туған өлке­сінің өткені мен кеткені, ең бастысы «Коңы­раулы көлінің» абзал арлы азамат­тары ту­ра­лы, оларды кейінгі ұрпаққа үлгі тұту мақ­сатында келелі ой толғайды. Сол кезде Тоқаң екінші «Достықты» (Зайсан аудан­дық газетінің қазіргі атауы) шығара бас­тап­ты-ау» деген әзіл де тараған. Менің бір ойым айтады: Тоқаңның патша көңілі арғы-бергіні екшей келе, ертеңгі күні күллі ел өміріндегі ең елеулі тақы­рыптарды қамтитын қалың жұрттың қаже­тіне жарайтын газет шығаруды мұрат тұ­та­ды. Несі бар, қаржысы болғанда, шы­ға­руға да қауқары мен қабілеті де қаптал жететін еді. Маған әрдайым Тоқаң өлеңмен ойлана­тын сияқты көрінетін. Ол көкейінде тұн­ған ойларды қара сөзден гөрі өлең жолда­рымен өрнектеуге бейім де бейілді сияқ­ты. Сондықтан да Тоқтарбектің журнал­шыл­дық қызметі мен ақындық туынды­герлігін бөле-жара қарауға келмейтіні се­зі­ліп тұрады, бұлар бірін-бірі жоққа шы­ғар­майды, керісінше бір тұтастық құрап тұ­ра­ды. Ол тіршілігінің түпқазығы болған бас­па­сөз­ге ақындық леп енгізсе, өлеңде­ріне пуб­лицистикалық екпін кіргізеді де, екеуінің бір­дей ықпал-әсерін күшейте түседі. Осы орайда еріксізден уақыт туралы ойланасың. Ол «түрі ұлттық, мазмұны социалистік» әдебиет әлемінде өмір сүрді. Со­нымен қатар ол нарыққа өтудің өтпелі кезеңін де өз көзімен көрді. Осындайда май­­коптық ақын Кирилл Анкудиновтың «Литературная газетада» жарияланған қа­зіргі орыс поэзиясы туралы «он хатының» бі­ріндегі мынадай пікір ойға оралады: «Кеңестік поэзия өзіндік ерекше тамаша, алайда мүлде тұйық әрі тұмшалы құбы­лыс болатын. Кеңес ақындары қалайымен қап­талған бітеу құтының ішінде өмір сүрген тәрізді». Бұл орайда көкірегінің терең түкпірін­де тәуелсіздікті аңсаған сезім жатқа­ны­мен, Тоқаң мен оның тұстастарында сол уа­қыттың, сол қоғамдық құрылыстың құн­ды­лықтарына деген сенімнің де болғанын айтуымыз керек. Оның қаламынан туған, жарық көрген он бес жыр жинағының (менің есептеуімше) кемінде оны кеңестік кезеңнің еншісіне тиеді. Бұл шартты түрдегі, хроноло­гия­лық тұрғыдағы бөлу ғана, әйтпесе ақын көз­қарасындағы түбірлі өзгерістер көзге ша­лынбайды, ол өткенін «әшкереле­мей­ді», мазмұнында, өлең пішінінде шалт, оқыс кететін, бұрынғы айтқандарына қар­сы немесе қайшы келетін тұстар, бұры­лыс-қалтарыстар жоқ, бұл бір тік басқыш­тың бойындағы сатылар секілді, тежеледі, жо­ғары көтеріледі, ойы байсал тартады, бірде қоюлайды, бірде жұқарады. Тегінде бұ­рынырақта патетикасы мен пафосы ба­сымырақ сияқты еді... Оныкі бұл да менің заманым дейтін кең пішілген қазақы мінез. Алайда уақыт өте келе, оза келе өзінің ұй­ғарымын жасайтын секілді. «Өмір-сапар» (Тоқтарбектің бертінгі жинағы) ақынның сезіміне, түйсінуі мен пайым­да­уына түс ауып бара жатқан тұстан сәу­ле­сін түсіріп тұр. Күн жарығындағы бұл ұзақ кезең, талай іс тындыруға болатын кез. Күн әлі ұясына қонудан алыс. Бірақ «кек­селену», ұсақ-түйекке алаңдамай, кесекті ғана назарға алу, жоғарыдан алысқа көз салу, әр нені байыппен жан-жағынан шо­лу, түкпірдегі мен тереңдегі негізіне үңілу сезіледі. Ол сөзінен, ұйқасынан, ыр­ғағынан жаңылмайды, басқаша тармақ­тау ұшырасады, бірақ буындарының өл­ше­мінен алыстамайды. Ол жаңашылдық жа­сай­мын деп те шарқ ұрмайды. Ол Тө­леу­жан-аға Исмаилов құсап, «сынды­рам қа­быр­ғаңды он бір буын» деп те жұл­қын­бай­ды.Тегінде поэзияда да, басқа қай са­ла­дағы сияқты, сонылық табуға құлшыну, түр­лендіруге тырысу қай кезде де болған және бола да беретін тәрізді. Бүгінгі күні де ойды күрделілендіру, күлтелеу, ыр­ғақ­ты сындыру, ойымды тап дейтін ауыр қи­сын­дар түзу, жаңсақ иірімдер жасау, жұм­бақтау жиі кезігіп тұрады. Сірә, еліктеуден өтердегі есею кезеңінің сырқаты болса керек. Бірақ бәрібір бәрі де айналып келіп қа­зы­ғын тауып жатады. Сөз шіркіннің бұл­та­лаққа көнбейтін сыңайы бар. Көбі­несе мұн­дай ауытқулар, атымды шығар­сам, өз­ге­лерге ұқсамай дара көрінсем дейтін әл­де­бір әуейі пиғылдан өрбитін сияқты ма қа­лай? Алайда ой өзгешелігі мен өрістілігі оны жеткізудің әдісі мен амалынан алшақ секілді. Т.Қызықбайдың әуел бастан мұндай «жа­ңашылдық» дертке шалдықпағаны оның жыр жолдарынан айқын көрініс беріп тұрады. Ал мұның өзі оның кәнігі газет­шілігінен бе екен, сонда жүріп ерте есеюінен, сөз парқына ертерек жетуінен бе екен деген ой келеді. Ол бейнелейтін дү­­ниесі мен сәтіне басқа қырынан көз тігеді, бірақ дәстүрлі амалдармен суреттейді. Ол «өлең техникасын» (егер бұлай деу­дің әбестігі жоқ болса) шебер меңгерген, оның ұйқастары өріліп, құйылып, қаб????? ?????? (????????, ????????, ?????????? ??????? ??????????? ??????????? ?????????), ???? ???? ??????? ??????????, ??????????????, ???? ????????????? ??????? ??????, ???????? ??????. ???????? ?????????, ??????? ???? ????????? ???????????? ???????? ?? ????? ?????????? ??????????? ????????? ????????, ????????????? ????????, ??????????? ???????????????? ????????? (?????????? ????), ?????? ?????? ????????. ????? ???? ?????????? ???????? ??? ????, ????????????????? ????? ????? ?????? ?????????? ?? ??????????? ???. ????? ??? ??????? ?????? ????????. ????? ??? ????????? ???????, ???? ??? ????????? ???????? ???????. ??????? ?????????? ??????????????? ?????? ?? ???? ??????? ????? ??????? ?????????? ????. ??? ?????? ????? ????????? ??, ???????? ???????????? ?? ????????????????? ???????? ?????????? ?????? ???????????? ???? ????? ???????? ???????? ?????????? ?? ??????. ???????, ?????????? ??????????, ?????? ??????????? ?????? ?? ??????? ????????????? ????? ???. ??? ????? ?????? ????? ?????, ??????? ????? ???????? ?????, ???, ????!? ??? ?????? ??????? ??????? ??! ?????????? ?????????? ??????? ????????? ?? ????? ????. ??????????????? ????? ? ?????? ???????????? ???? ??????????? ??????????????? ???????, ???????-?? ???????? ???? ?????????, ???, ?????? ?????? ?????? ????????, ??? ???, ????????????. ???????? ??????????????? ??? ????????? ??? ????????? ???? ??, ?????? ?? ???? ????????? ?????? ???????? ???????? ?????? ????!? ????????? ???? ??? ?????????? ?????????? ?????? ????? ?????, ?????, ???? ????? ??????? ??????? ????????. ??? ????? ?? ?????????? ?????? ????? ????? ??????? ???. ????? ?????? ????? ????? ???????? ??????, ????? ??????????????? ???? ?????. ??????? ?? ????? ???????, ?????????? ????? ?????, ??????? ???????? ??????????? ?????, ы­сып тұрады («барады», «қарады», «жа­ра­ды» секілді графомандық жамау­ларға бас­пайды), оның өлең жолдары ырға­ғымен, әуез­ділігімен, ішкі үндестігі­мен жанасым та­уып, жымдасып жатады. Сөздерді құбылтуға, өлеңнің сырт пі­ші­нін түрлендіруге баспаған ол қазақ өле­ңі­нің классикалық үлгісінен жазбайды, жа­сандылыққа бармайды, өлеңдерінің жыл­­­­­тырақсыз қарапайым (қарадүрсін емес), табиғи қалпын сақтайды. Кейде оның жырларында поэзияға тән емес, пуб­ли­цистикалық сарын басым дейтін пікірлерді де естігеніміз бар. Мұның өзі тегінде шартты көзқарас. Мұның өзі көбіне­се таң­дау, тану мен талғамның мәселесі секілді. Тегінде поэзиядағы публицис­тиканы еш­кім де күні бүгінге дейін теріске шы­ғар­ған емес. Сол сияқты нәзік лириканың да, байсалды философияның да публи­цис­тикалық ырғақпен сөйлеуінде қандай сө­ле­кеттік бар? Бұған көптеген мысалдар кел­тіруге де болады. Мәселен, Маяковский жырларында, Ол­жас лирикасының өзінің әр жолында пуб­лицистика тұнып тұр. Оны күллі әлемге таныс еткен, қазақша атауы «Адам­ға табын, Жер, енді!» деп алынып жүр­ген поэмасы ше! Олжекеңнің поэма­сына сілтеме жасауымыз да тегін емес. Тоқ­тар­бек­тің «Өмір – сапар» жинағын­дағы «Жер сөй­­лейді» публицистикалық поэмасы, сон­дай-ақ осындағы «Кел ға­сырым», «Ей, нұр­лы дүние» толғау жыр­лары, сөз жоқ, публицистика. Әсілінде публицистиканың өзі тебіреніс пен толға­ныс емес пе, ендеше ол неге жүрек­тен шыққан жырларға ке­реғар келуге тиіс!? Тоқтарбек ақын бұл жырларында адам­затты өзінің анасы Жерді, Күнді, мына Жарық дүниені аялауға шақырады. Бұл жерде ол Олжекеңмен тіптен қайшы келіп отырған жоқ. Жерді адамға табын деуге ке­летін болсақ, бұдан астамшы­лық­тың лебі еседі. Олжекең де табын демейді, тар­ты­лыс күшін жеңіп, ғарышқа самғаған пер­зентіңе сүйін, тағзым ет дейді. (Мен әлі күнге дейін тәржімеден кеткен осы түйт­кілді сезінемін де тұрамын. Табыну мен тағзым етудің, яғни «поклон» мен «пре­клонениенің» арасында үлкен айырма жа­тыр. Әлде сол арқылы біз қазір жиі ай­тылып жүрген «непереводимость» әсі­ре­се поэзияның тәржімеленбейтіні туралы тезисті қуаттап отырмыз ба? Қалай десек те екпін үшін, ырғақ үшін мазмұнға қиянат келтіруге болмайтын сияқты). Әлбетте философиялық тереңдікке кел­­генде, оның жырларында бұл жағынан да жұтаңдық сезілмейді. Әлгі аталған поэ­ма­сының «Күнге тағзым» тарауындағы мы­на бір жолдар осы айтқанымыздың әде­мі дәлеліндей: «Сондықтан да, табы­нар тә­ңірімсің,/ Жүрегіме қан құйған та­мы­рым­сың,/ Омыртқамсың,/ Өкпемсің,/ Қа­быр­ғамсың,/ Жұлынымсың,/ Жүйкем­сің,/ Бауырымсың!». Қарапайым сөздер­мен, пуб­лицистикалық сарында айтылған терең мағыналы сөздер. Қалай дегенде де, Тоқтарбек Абдрах­ман­ұлы Қызықбай газет жұмысы бойдағы дарынға, туындыгерлік негізге қарсы келмейтінін, қайта толықтыра, ұштай түсуге жәрдемдесетінін өзінің жырларымен көз жеткізе дәлелдейді. Ғажайып ақын еді деп көлгірсімейін, жазғандарының бәрі де жау­һар еді деп те айта алмаймын, алайда көкірек тереңіндегі сезім мен ойды қозғай алатын жырлар жазғаны шындық. Тоқтар­бек жоғары талғам таразысына тартуға әб­ден тұрарлық, қазақ поэзиясына үлес бо­лып қосылатын тұшымды да татымды жыр­лар жазды. Тоқтарбектің «Қоңыраулы көлдің» тұл­ға­лы бір перзенті орыстың тамаша ақыны Павел Васильевтің өлеңдерін қазақшаға ау­дарсам деген ниеті де бар еді. Алайда ол өзінің осы бір жақсы ойын іске асыра алмай кеткен сияқты. Тағдырдың ұйғарымы басқадай болып, ол осыдан тура бес жыл бұрын бақилық сапарға аттанған еді. Көзі тірі болғанда, ол дәл осы айда бір пенде баласы тындыр­ғандай ісімен өзінің жетпіске толған ме­рей­тойын тойлауға тиіс еді. Бұл өмірде жалғыз өскен ол соңында дүниәуи және рухани мағынасында жақсы із қалдырды. Рухани мұрасы туралы жоғарыда айттық. Қазір оның тағдыр қосқан қосағы Роза Жақ­­сылыққызы ұл-қыздарының ұйтқысы болып, немерелерін бағып-қағып, ақын оша­ғының отын маздатып отыр. Көп өлеңшінің бірі емес, шынайы ақын Тоқтарбектің мына бір өлең жолдары са­намда жиі жаңғыратын болып жүр: Гүл емеспін сағағынан үзілген, Үлгіргем жоқ жеміс теріп күзімнен. Өтінемін, есімімді өшіріп, Мені сызып тастамаңдар тізімнен. Құлақ аспай қалдыруға болмайтын ба­зы­на, керек десеңіз, ескерту сияқты. Әлде- бір ойды меңзеп тұрған тәрізді... Мүмкін, осы орайда қазақ поэзиясына үлкенді-кішілі үлес қосқан, Әнуарбек Дүйсенбиев ағамыздан бастап (әсіресе Әнекеңнің ба­лаларға арналған өлеңдері қандай!), жоға­ры­да аузымызға алған Төлеужан ағамыз бар, кешегі Меңдекеш Сатыбалдиев, Кең­шілік Мырзабеков, Жұматай Жақыпбаев, Дәуітәлі Стамбеков, күні кеше ғана дүние­ден озған Дүйсенбек Қанатбаев (мен есіме түскендерін ғана атап отырмын) және басқаларының, осы Тоқаңның өзінің бір томдық таңдамалы жырларын шығарсақ, кәдімгідей қомақты көлеммен шығарсақ, әрі бұл іске мемлекеттік тұрғыда қамқор­лық жасалса, деген ой келеді. Ол үшін құзырлы комиссия құрып, аталған немесе аталмай қалған ақындардың жырларын іріктесе, жарыққа шығуына бас-көз болса, мұның өзі марқұм ақындарымыздың мұра­сын санадан тыс қалдырмай сақтауға, айна­лысқа енгізуге, сондай-ақ әдебие­тіміздің, одан әріде мәдениетіміздің мәні мен маңызын одан әрі кеңейте түсуге қосылған зор үлес болары сөзсіз. Кеңес ЮСУП, жазушы.