Заң • 12 Маусым, 2025

Шымкентте қонақ үй күзетшісі клиентті соққыға жыққан

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте 23 жастағы күзетші мас клиентті соққыға жыққаны үшін екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Бұл туралы қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сот хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Шымкентте қонақ үй күзетшісі клиентті соққыға жыққан

Фото: ашық дереккөз

Сот күзетшіні Қылмыстық кодекстің 252-бабының 1-бөлігі — лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану бабы бойынша кінәлі деп таныды. Үкімге сәйкес, ол жыл сайын 100 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылып, екі жыл бойы күзет саласында жұмыс істеу құқығынан айырылды.

2024 жылдың 11 қарашасында Шымкенттегі қонақүйлердің бірінен мас адамның қызметкерлерге кедергі келтіріп жатқаны туралы қоңырау түскен. Оқиға орнына келген күзетшілердің бірі ер адамды сыртқа шығармақ болады. Күзетшінің айтуынша, жәбірленуші оны балағаттаған.

Сот материалдарына сәйкес, күзетші мас адамды ғимарат сыртына шығарып, куәгерсіз жерде ұрып-соққан. Зардап шеккен азамат алғашында есін жиғанымен, кейін үйінде есінен танып, жедел жәрдеммен реанимацияға жеткізілген.

Медициналық қорытындыға сай, жәбірленуші жабық бас сүйек-ми жарақатын, мидың көгеруін, қабырғалардың сынуын, өкпенің зақымдануын және көптеген дене көгерулерін алған.

Күзетші сотта кінәсін мойындаудан бас тартты. Алайда ол да, қорғаушы тарап та үкімге апелляциялық шағым түсірмеген.

Жанель ТӨЛЕУБЕКОВА, ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар

Президент Минск қаласына барды

Президент • 26 Маусым, 2025

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Аймақтар • 26 Маусым, 2025

Ұрпақ жадына көшкен ерлік

Тарих • 26 Маусым, 2025

Сурет пен дыбыс симфониясы

Мәдениет • 26 Маусым, 2025

Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді

Энергетика • 26 Маусым, 2025

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 26 Маусым, 2025