16 Желтоқсан, 2010

Тәуелсіздік мерекеміз әлем назарында

466 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шет елдер мемлекет және үкімет басшыларынан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 19 жылдығымен құттықтаған хаттар келіп түсуде, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун Мемлекет басшысына арнаған өз жол­дау­ында: «Сіздің қолдауыңызбен біз уақыттың қауіп-қатерлеріне жауап бере аламыз және барлығы үшін едәуір гүлденген, әділ және ор­нық­ты әлем құра аламыз», деп жазады. Тәуелсіздік күніне байланысты Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмоннан келген хатта: «Достас Қазақстан Сіз­дің басшылығыңызбен эконо­ми­ка­лық дамуда, халықтың әл-ауқат дең­гейін арттыруда айтарлықтай табыстарға қол жеткізді, аймақта және әлемде салмақты беделге ие болып отыр. Демократия мен прогресс мақсатын өзгеріссіз алға жыл­жыта отырып, ортақ қауіп­сіз­дік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге араласуда, ел әлемдік қоғам­дастықтың белсенді мүшесіне ай­налды. Астанада ЕҚЫҰ Самми­ті­нің табысты өтуі осы айтқаны­мыз­дың бәріне дәлел болып табылады», делінген. Қазақстан халқына және Нұр­сұлтан Назарбаевтың өз атына ең жүрекжарды құттықтауларын Жапония Императоры Акихито, Бельгия Королі Альберт II, Швей­ца­рияның Федералдық Президенті Дорис Лойтхард, Израиль Мем­ле­кетінің Президенті Шимон Перес, Корей Республикасының Президенті Ли Мен Бак, Кипр Респуб­ликасының Президенті Деметрис Христофиас, сондай-ақ Сауд Ара­биясының Королі Абдалла Бен Абдель Азиз Аль Сауд және тақ мұ­ра­гері, Премьер-Министрдің орын­ба­сары және Сауд Арабиясының қорғаныс министрі Сұлтан Бен Абдель Азиз Аль Сауд жолдаған.