Тәуелсіздік күні қарсаңында азық-түлік, көкөніс өнімдерін арзан бағамен саудалайтын дүкеннің ашылуы ардагерлер мен зейнеткерлерге, табысы төмендеу отбасыларына тиімді болды. Бұл әлеуметтік деген атау алған облыс орталығында ашылған оныншы дүкен болып отыр.
Қала тұрғындарының күнделікті тіршілігіне қажетті азық-түлік өнімдерін делдалдарсыз арзан бағамен сату жөнінде әрі бағаның өсуіне тосқауыл қою мақсатындағы бұл шаралар облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен жүзеге асуда. Әлеуметтік дүкендердегі барлық өнімдер тікелей өндірушілердің өздерінен әкелінеді. Өнімдеріне үстеме баға қосып сатпайтын кәсіпкерлеге де жеңілдік жасалған.Яғни, басқа сауда орындарымен салыстырғанда бағалары 15 пайызға төмен. Бір бөлке нан – 40 теңге тұрады. Ал, азық-түлік, көкөніс өнімдерінің мұнда түр-түрі бар. Бұл дүкендерде бағаның өспеуі үнемі бақылауда. Атына заты сай ашылған дүкенге келушілер көп.
Фарида БЫҚАЙ.
Павлодар.