24 Желтоқсан, 2010

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1256

545 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
2010 жылғы 28 қараша        Астана, Үкімет Үйі    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі №645 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., №25, 257-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесінде: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Холдинг пен «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы министрлікке министрлік белгілеген нысанда және мерзімде қаражаттың пайдаланылуы туралы ақпарат береді.»; 8-тармақ «қарыз беру» деген сөздерден кейін «мақсатты пайдалану,» деген сөздермен толықтырылсын; 9-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «қарыз алушы – өсімдік шаруашылығы өнімін өндірумен және/немесе қайта өңдеумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өз қатысушыларына қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ауылдық тұтыну кооперативтері;»; 10-тармақтың төртінші абзацы «қарыз беру» деген сөздерден кейін «және/немесе өсімдік шаруашылығы өнімін сатып алу» деген сөздермен толықтырылсын; 21-тармақтың 1) тармақшасы «қытай бұршағы, күнбағыс» деген сөздерден кейін «, рапс» деген сөзбен толықтырылсын; 22-тармақтағы «ауыл шаруашылығы дақылдарымен» деген сөздер алынып тасталсын; 25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «25. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде агроөнеркәсіптік кешенді «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – қоғам) қатысуымен Қазақстан Республикасының заңнамасына және қоғамның ішкі кредит саясатына сәйкес қолдау қаржы лизингі және/немесе агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру арқылы жүзеге асырылады. Лизингтің және/немесе кредиттің республикалық бюджет қаражаты есебінен сыйақы ставкасы жылдық 4%-дан аспауы тиіс»; 26-тармақ алынып тасталсын: 27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «27. Қоғамның агроөнеркәсіптік кешенді қолдауы жүргізіліп отырған мемлекеттік саясатқа сәйкес жүзеге асырылады.»; 29-тармақта: 3) тармақшадагы «кредит беру.» деген сөздер «кредит беру;» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі кәсіпорындарға кредит беру.»; 33-тармақта: 1)          және 2) тармақшалар алынып тасталсын; 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «1) балық өсіру және молайту; 2) туризмді, қонай үй бизнесін, жол бойындағы сервисті және қоғамдық тамақтану орындарын ұйымдастыру.»; 5) тармақша алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 33-1-тармақпен толықтырылсын: «33-1. Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі кәсіпорындарға олардың негізгі және айналым құралдарын толықтыруға кредит беру және қайта қаржыландыру.»; 34-тармақтың 1) және 2) тармақшалары «ауыл халқына» деген сөздерден кейін «және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге» деген сөздермен толықтырылсын; 36-тармақта: «Министрлік» деген сөзден кейін «Холдингтің ұсыныстары негізінде» деген сөздермен толықтырылсын; «ауыл халқына» деген сөздер алынып тасталсын; 37-тармақтың бірінші абзацы «Ауыл халқына» деген сөздерден кейін «және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге» деген сөздермен толықтырылсын; 46-тармақтың 3) тармақшасы «қорғау үшін» деген сөздерден кейін «сатып алу операцияларын және» деген сөздермен толықтырылсын; 49-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды құру мен дамытуға және ауыл шаруашылығы өнімінің электрондық сауда-саттығына қатысу, биржалық сауда-саттық, электрондық сауда және ақпараттық-логистикалық орталықтар арқылы ауыл шаруашылығы өнімін сатуда агроөнеркәсіптік кешен субьектілеріне жәрдемдесу;»; 50-тармақтың 4) тармақшасында: бірінші абзацтағы «технологиялар мен электрондық сауда-саттықты» деген сөздер «технологияларды, электрондық сауда-саттық пен биржалық сауданы» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші абзац «электрондық сауда-саттық» деген сөздерден кейін «пен биржалық инфрқұрылым» деген сөздермен толықтырылсын; 52-тармақтың 1) тармақшасы «астық» деген сөзден кейін «(мақта)» деген сөзбен толықтырылсын; 53-тармақта: «астық» деген сөзден кейін «(мақта)» деген сөзбен толықтырылсын; «астық қабылдау кәсіпорындары» деген сөздерден кейін «(мақта қабылдау пункттері)» деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі      К.МӘСІМОВ.