24 Желтоқсан, 2010

Шетелдік инвесторлар ірі жобаны игереді

485 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Жақында оңтүстіккореялық POSCO E&C компаниясы мен «Қандыағаш газ-турбиналы электр стансасы-100» АҚ арасындағы ме­морандумға облыс әкімі Елеу­сін Сағындықов және  POSCO E&C компаниясының аға вице-президенті Ли Мунг  Чул қол қойды. Бірнеше жылдан бері қолға алынғанмен құрылысы бас­тала қоймаған Қандыағаш­тағы қуаттылығы 127 мегаватты құрайтын газ-турбиналы электр стансасына осы компания бола­шағы зор  жоба ретінде қарап, инвестиция салуға ниет білдіріп отыр. Үстіміздегіі жылдың ма­мыр айында аталған жобаны жү­зеге асыруға байланысты алдын-ала келісімге алғышарттар жа­сал­ған болатын. Оңтүстіккорея­лық инвесторлар электр станса­сының құрылыс алаңы, инженерлік инфрақұрылымдарымен толық танысып, сондай-ақ, жергілікті тиісті басқармалар мен департаменттерде, энергия жүйе­сі қызметтерінде болып, зерттеулер жүргізді. Аталған мекемелерде шетелдік компаниялардың қатысуымен жобаларды жүзеге асырудың өзіндік ерекшеліктері талқыланған болатын. POSCOE &C компаниясы өкіл­дері шілде айында Ақтөбе өңі­ріне екінші рет келіп, облыс әкімінің орынбасары Р. Кема­ло­ва­мен, сондай-ақ «СНПС-Ақтө­бемұнайгаз» АҚ және «Ақтөбе­энергоснаб» ЖШС басшылығы­мен кездесулер өткізіп, газ тасы­малдау және электр энергиясын сатып алуға байланысты ұзақ мерзімді келісімді бекіту жайын әңгіме өзегіне айналдырды. Ел­ба­сымыздың қыркүйек айында­ғы Ақтөбе облысына сапары кезінде Қандыағаш ГТЭС құрылы­сының жобасы мен POSCO E&C компаниясының инвестор ретінде құрылысқа қатысу мүмкіндігі туралы айтылған -ды. Бұл кездесулер өз   нәтижесін бере баста­ды Алдағы уақытта POSCO E&C компаниясы АҚ құрамына акционер ретінде енуді көздеуде. Егер көзделген межелер игеріліп жатса,  POSCO E&C компания­сы бұдан да ірі жобаларға инвестиция салуға ықыласты. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.