25 Желтоқсан, 2010

«Алаш көсемсөзінің» алғашқы томдары

447 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Л.Н.Гумилев атын­да­­ғы Еуразия Ұлттық университетінде мемлекеттік «Мәде­ни мұра» бағ­дарламасы шең­бе­рінде жарық көретін «Алаш көсемсөзі» атты 10 томдық­тың 4 томының тұсау­кесері бо­лып өтті. Ол Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұ­ра­ғат комитеті «Әдебиеттің әл­еу­меттік маңызды түрлерін ба­сып шығару» бағдарламасы бой­ынша жарық көрді. Жоба жетекшісі және жалпы редак­циясын бас­қар­ған Л.Н. Гу­ми­лев атындағы Еу­разия Ұлттық университеті жур­налистика мә­се­лелерін зерттеу институ­ты­­ның директоры На­мазалы Омашев. Жарық көрген 4 томдықта бұ­рын еш жерде кириллицамен жарияланбаған «Шолпан» (1, 2 том) және «Жас Түркістан» («Яш Туркестан») (3, 4 том) журнал­да­рында жа­рық көрген материалдар қол­даныстағы жа­зумен тұңғыш рет көпшілік назарына ұсы­ны­лып отыр. Бұрын мұның алғаш­қы­сы – «Шолпан» жур­налы 1922-1923 жылдары Таш­кент қа­ласында төте жазумен, Мұстафа Шоқайдың редак­тор­лығымен 1929-1939 жыл­да­ры Париж бен Берлинде шы­ғып тұрған екінші журнал­да­ғы («Яш Туркестан») материалдар сол кездегі түркі ха­лықтарына ортақ шағатай тілінде басылған. «Яш Туркестан» – бір­тұ­тас Түркістан тәуелсіздігі идея­сын көтеріп, бүкіл түркі жұр­тының азаттығы үшін күресіп өткен ба­сылым. Онда Алаш қайрат­кер­лерімен қатар, басқа түркі жұрт­тары көсемдерінің де сөздері мен істері жария­ланған. «Шолпан» журналы Өзбекстанның мем­лекеттік мұ­рағатынан көші­ріп алынған. Онда Алаш ардақ­тыларының сол жылдардағы саяси көз­қарастары, жаңа өкіметтен күт­кен үміттері мен күдіктері, со­нымен бірге, шығар­ма­шы­лық ізденістерінің айқын жолдары сайрап жатыр. «Алаш көсемсөзінің» ал­ғаш­­­­қы томдарына деген оқ­ыр­ман жұртшылықтың қы­зы­ғу­шылы­ғы орасан екендігі жи­­налған халықтың көп­тігінен бі­лініп тұр­ды. Оларға алашта­ну­шы ға­лым­­дар қы­зық­ты әң­гі­мелер мен деректер айтып берді. Жақсыбай САМРАТ.