Астана Саммитінің даңқы алты алаштан асып, әлемге жайылды. Осы бір маңызды оқиға біздің тәуелсіз мемлекетіміздің тарихи жетістігі болып бағалануда. Әрине, бұл, ең алдымен, Елбасының кемел тәжірибесі мен абырой-беделінің, ерен еңбегінің арқасында әлемдік саясаттың жоғары деңгейіне көтерілген еліміздің жетістігі.
Дүниеде барлық адам, барлық халық тәуелсiздiк пен бостандықты, теңдiктi аңсайтыны анық. Сол жолдағы тынымсыз күрес әлемнің кей түкпірінде әлi де жалғасып жатыр. Тәуелсiздiк ұғымының терең астарын тарих қойнауынан, ата-бабамыздың өткенiнен, оның санғасырлық арманынан iздегенiмiз абзал.
Елбасы Н.Назарбаев айтқандай, «Қазақстанның бүгіні мен болашағы – халқымыздың ынтымақ-бірлігінде, ырыс-құтты тірлігінде». Сол бірліктің арқасында еліміз экономикалық даму мен әлеуметтік жаңару, жаңғырудың даңғыл жолына түсті. Кешегі Астана Саммитінде де әлем жұртшылығы еліміздегі ынтымақ-бірліктің қуаты мен құндылығына көз жеткізді. Жалпы, дер кезiнде айтылған сөз – тарихи ерлiк, тындырылған шаруа – тарихи әрекет. Тек сондай өрелi iзденiс қана халқымызды босағада қалдырмай, төрге алып шыға алады. Мұны көптi көрген көне тарих талай дәлелдеп те бердi. Әрi ол Елбасының саясаттағы ұдайы iзденiстерiн де айғақтайды. Осындай ізденістер мен еңбектің нәтижесінде жүзеге асқан, әлем жұртшылығының жоғары бағасын алған. Астана Саммиті еліміздің абырой-беделін арттыра түскені анық.
Ғасырлар бойы бабалар көксеген тәуелсіздік туын желбірету бақыты бүгінгі заманда тірлік кешіп жатқан біздерге бұйырыпты. Қазiргi басты мiндет те, басты парыз да тәуелсiздiктi көздiң қарашығындай сақтау әрi оны одан әрi нығайту болып табылады. Ел, халық мүддесiн қорғап, қазақ халқы мен Қазақстандағы өзге ұлт өкiлдерi бiрiгiп, тәуелсiздiк мүддесiне негiз, тiрек қаласақ тәуелсiздiк рухы мемлекетiмiздi тұғырландыра түседi.
Алдымызда тәуелсiздiктiң 20 жылдық белесi келе жатыр. Тарих үшiн бұл қас-қағымдай ғана уақыт. Әйтсе де, осы өте қысқа уақыт аралығында Қазақстан өз тәуелсiздiгiн әлем жұртшылығына мойындата алды. Сонымен бiрге, әлемдiк қоғамдастықтың белсендi мүшесiне айналды. Алып державалармен терезесi тең әрiптестiк қатынас орнатты. Мұның бәрi – азға қанағат тұтқан, көпке салауат айтқан халқымыз бен ел көшiн бастаған Елбасы, Ұлт Көшбасшысы, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасы.
“Дүние дамуымен есептегенде, жиырма жыл деген көп те емес шығар. Бiрақ, бiз үшiн үлкен кезең, тұтас бiр дәуiрмен бара-бар. Олай болатыны, тәуелсiздiк – ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетiн арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты. Сол себептi тәуелсiздiктiң әрбiр жылының бiз үшiн мәнi бөлек, маңызы айрықша”, – деуi арқылы да Мемлекет басшысы егемендіктің қадiр-қасиетiн биiктете түстi.
Яғни, тәуелсіздігіміздің әрбір жылы ерекше маңызды екендiгiне ешкiм шүбә келтiре қоймас. Осы тәуелсiздiктiң арқасында қол жеткен жетiстiктерiмiзге көз жұма қарау – ақиқатқа қиянат. Тәуелсiздiк – тәттi сөз ғана емес, ұлттық жауапкершiлiк. Тәуелсiздiк бәрiнен де қымбат, бәрiнен де қастерлi.
Әмірхан РАХЫМЖАНОВ, «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.