29 Желтоқсан, 2010

Алтайда – ақшұнақ аяз

473 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Биыл Кенді Алтайда желтоқсанға дейін қар жұқа жауып, күн жылы болды. Міне, 1 апта болды, облыстың таулы аймақтарына бір метрден астам қалың қар түсіп, кей жерлерде қар көшкіні жүре бастады. Осыдан үш күн бұрын 40 см. қар жауып, арты Алтайдың ақшұнақ аязына ұласты. Кеше Өскемен қаласында және бірқатар аудандарда ауа райының -37°С-қа дейін төмен­деуі­не байланысты 1-9 сынып оқушылары мек­тепке бармады. Жаңа жыл қарсаңында күн күрт суытып, -42°С болуы мүмкін деген болжам бар. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкерлері осыдан екі күн бұрын адасып кеткен бірнеше адамды құтқа­рып, қар тұтқынында қалған оннан астам автокөлікті аман алып шықты. Демек, жолға шығарда жолаушының әбден ойланғаны жөн. Оңдасын ЕЛУБАЙ. Өскемен.