31 Желтоқсан, 2010

«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Саяси кеңесі сіздерді ең жарқын, ең мерейлі мерекелердің бірі – Жаңа жылмен құттықтайды!

474 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қымбатты қазақстандықтар! «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Саяси кеңесі сіздерді ең жарқын, ең мерейлі мерекелердің бірі – Жаңа жылмен құттықтайды! 2010 жыл, тәуелсіз Қазақ­станның табысты дамуының кепілі болған тағы бір жыл тарих қойнауына енді. Ескі жылды шығарып салып отырып, оның еліміз өмірінде қалдырған ерекше сәттерін мақтанышпен еске алуға болады. Жыл өте маңызды оқиғаларға толы болды. Біз Ұлы Отан соғысының 65 жылдық мерейтойын атап өттік. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы қабылданды, Кедендік одақ іске асырыла бастады. Астанадағы ЕҚЫҰ елдері көшбасшыларының Саммиті шын мәніндегі тарихи мәнге ие болды. Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге біз Қазақстанның әрбір азаматының игілігі үшін деген баршамыздың ортақ мақсатымызға жетеміз. Осы жолда бізде барлығы: саяси еркіндік, қоғамдық келісім, интеллектуалдық басымдық, еліміздің гүлденуі мен дамуы үшін өз үлесімізді қосуға деген дайындық бар. Баршаңызды шын жүректен Жаңа жылмен құттықтаймыз! Сіздерге және отбастарыңызға мықты денсаулық, мол бақыт, отбасы игілігі мен барлық арман – мақсаттарыңыздың орындалуына тілектеспіз.