31 Желтоқсан, 2010

«Балбөбектегі» бүлдіршіндер қуанышы

480 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жас ұрпақ тәрбиесіне жан-жақты көңіл бөлу мақсатында Елбасының Жолдауымен қолға алынған «Балапан» бағдарламасы жақсы істерге жолбасшы болып келеді. Нәтижесінде, аудандар мен қалаларда сәбилерге арналған балабақша құрылыстары бой көтеріп, ата-ана қуанышын  толықтыра түскен. Бұған Райымбек ауданының орталығы Кеген ауылындағы 140 бүлдіршінге арналған «Балбөбек» балабақшасы күрделі жөндеуден кейін жаңарып, қажеттіліктермен толық қамтамасыз етілгені дәлел. «Гунистрой Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылысшылары ғимараттың кілтін салтанатты жағдайда тапсырды. Бақшада бүлдір­шіндер 6 топқа бөлініп тәрбиеленсе, оларға жоғары білімді тәрбиешілер өмірімізге лайықты ұрпақ болып қалыптасуына кәсіби шеберліктерін арнауда. Қуанышқа ортақтасқан ауыл қариялары мен аудан басшылары көгілдір лентаны қиып, «Балбөбектегі» бүлдіршіндер денінің сау, бақытты болуларына тілектестіктерін білдірді. Жаңа бақша табалдырығын аттаған балғындар жиналғандарға өз өнерлерін көрсетті. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.