31 Желтоқсан, 2010

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1261

497 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
2010 жылғы 28 қараша  Үкімет үйі     Астана Тауарларды қайта өңдеу шарттарын бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Рес­публикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 276-13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған тауарларды қайта өңдеу шарттары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. * * * Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 1261 қаулысымен бекітілген Тауарларды қайта өңдеу шарттары Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу тауар­ларды қайта өңдеудің мынадай шарттарына сәйкес болуы тиіс: Қазақстан Республикасының аумағын­да алыс-беріс шикізатын қайта өндеуді Қазақ­стан Республикасының салық төлеушілері мен­шікті немесе өздерінің жалға алған өндірістік үй-жайларында және қуаттарында жүзеге асырады; тауарды Қазақстан Республикасының ау­ма­ғына әкелуді растайтын құжаттардың бар болуы (оның ішінде қайта өндеу өнімдерін әкету туралы міндеттеме) және оларды Қа­зақстан Республикасының салық заңнамасы­на сәйкес тауардың немесе өнімнің орна­лас­қан орны бойынша салық органына ұсыну; тауарды қайта өңдеу жөніндегі операциялар алыс-беріс шикізатын қайта өңдеудің екі түрінің біреуі бойынша жүзеге асырылады: 1) өнімді (тауарды) алу үшін ши­кі­зат­ты және (немесе) материалдарды өн­дірісте пайдалану кезінде Сыртқы эко­номикалық қыз­меттің бірыңғай тауар номенклатурасының коды алғашқы төрт белгінің кез келген дең­гейінде пайдала­ныл­ған шикізаттың және (немесе) ма­териалдың кодынан ерекшеленеді; 2) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу немесе өңдеу кезінде алыс-беріс шикізаты қара­пайым құрастыру операциялары (той­тару, пісіру, желімдеу, құрастыру және басқа да осыған ұқсас операциялар), қоғамдық тамақтандыру ұйым­дары­ның тамақ өнім­дерін қайта өңдеуі, тауар­ларды сатуға және тасымалдауға дайындау жөніндегі операциялар (тауар лектерін бөлшек­теу, жөнелтім­дер­ді қа­лыптастыру, сұрыптау, буып-түю, қайта буып-түю), алынған өнімге оны бастапқы құрамдас бө­ліктерінен Кеден одағының сырт­­қы экономика­лық қызметінің тауар номен­­кла­турасының коды бойынша алғаш­қы төрт белгінің кез келген деңгейінде ерекшеленетін сипаттама берместен, тауар­ларды, құрам­дауыш­тарды араластыру, төл алу, жануар­ларды, құс­тарды, балықтарды өсіру және жем­деу, сондай-ақ шаян тә­різділер мен мол­люскаларды өсіру, ағаш­тар мен өсім­діктерді өсіру, ақ­паратты, дыбыс және бейне-жазба­ларды ақпарат тасымалдағыш­тардың кез келген түр­лері­не көшіру мен көбейту, шетелдік тауар­ларды технологиялық үдеріс­те кө­мекші құралдар ретінде (жабдықтар, станоктар, тетіктер және басқа­лар) пайдалану жүзеге асырылмайды деген шартпен Кеден одағы­ның сыртқы экономикалық қыз­меті­нің бір­ыңғай тауар номенклатурасы бо­йынша осы алыс-беріс шикізатының коды бо­йынша өнімдерде қайта өңдеу сипат­тама­сын сақтай отырып, дербес сипатын жоғалтады.