31 Желтоқсан, 2010

Елшінің жаңа жылдық тартуы

485 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Еліміз егемендікке қол жеткізіп, тәуелсіз мемлекет атанған бер­гі жерде кешегі полигон ай­ма­ғына шет елдерден гуманитарлық көмек толассыз келіп жатыр деуге бо­лады. Сондай қайырымдылық кө­мек Елбасы Жарлығымен Семей атом полигоны жабылуының жи­ырма жылдығы қарсаңында одан әрі өз жалғасын табуда. Соның айғағындай, жуырда Ко­рея Республикасынан Семейдегі өңірлік онкологиялық диспан­се­ріне компьютерлік томограф, қозғалмалы маммограф сияқты ме­дициналық қондырғылар жеткізілді. Тездетіліп құрылып іске қо­сылған әлгіндей қон­дыр­ғы­лар­ды ресми түрде табыстау рәсіміне Корея Республикасының еліміздегі елшісі Ли Бен Хва мен Корей халықаралық ынтымақтастық агент­­тігінің тұрақты өкілі Ро Хен-джун арнайы келіп қатысты. Осыдан екі жыл бұрын Корея Республикасының Премьер-министрі Хан Сын Судың біздің елімізге сапары барысында екі мем­ле­кеттің арасындағы ын­ты­мақ­тас­тық жағдай және оны дамыту мәселелері талқыланған болатын. Сонда Корея мемлекеті тара­пы­нан бірқатар гранттар ұсынылған еді. Оның ішінде медициналық кө­мекті жақсарту мәселелері де назардан тыс қалмаған. Іле Корей халықаралық ынты­мақтастық агенттігінің бір топ са­рап­шысы осындағы онколо­гия­лық диспансерге келіп кеткен бо­латын.Содан кейін-ақ игі мақ­сат­тағы іс ілгерілей берген. Ал үстіміздегі жыл­дың қараша ай­ын­да облысымыздың жиырма шақты дәрігері тәжірибе алмасу мақ­са­тымен Корея Респуб­ликасының Ұлт­тық обыр орталы­ғында болып келді. Осы сапар барысында өз­ара меморандумға қол қойылды. Енді болашақта осы меморандум негізінде обырмен сыр­қат­­та­ну­шы­лыққа қарсы, онко­ло­гиялық нау­қастарды емдеу және оңалту мәселелеріне орай бірлескен зерттеулер жүргізілетін болады. Ал мұндай шаралардың ядролық сы­нақтардан зардап шеккендерге қан­шалықты қажет екендігі айтпаса да түсінікті. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ. Семей.