07 Қаңтар, 2016

«Қазақстан – болашағы жарқын ел. Біз оның ертеңіне сенеміз»

14524 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
Сайт сөзіГазетіміздің кешегі нөмірінде жарияланған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы басылым сайтынан көрінген бойда онымен танысушылардың тасқыны сәт сайын арта түсті. Мұны сағат сайын аңғарып отырдық. Оқырман қауым Елбасының елдігіміз ертеңіне ерен бағдар, етене жол салатын кезекті қалуетті мақаласымен жай ғана танысып қоя салған жоқ, олардың көпшілігі осында көтерілген барша ормандай ойлар мен толымды тұжырымдарға өздерінің ойлары мен көзқарастарын заматында білдіріп жатты. Солардың барлығы дерлік мақаланың соңынан бірден орын ала бастады. Біздің бір байқағанымыз, сол пікір айтып, коммент жазған отандастарымыздың барлығы да өздерінің еліміздің келешегіне риясыз сенетін болып шықты. Осы ретте олардың басым бөлігі Қазақстанның болашағы жарқын екеніне имандары кәміл екендерін ашық білдіреді. Мұндай оптимистік рух, позитивті сарын оларға Президент мақаласымен жан-жақты да мұқият танысып шыққаннан кейін келгені анық. Әлбетте, бұл бізді де қуантады. Себебі, өзінің болашағына сенген ел тұрғындарының сенімі ешқашан алдаған емес. Ал біз өз еліміздің алдағы кезеңі қазіргіден да жарқын бола түсетініне ешқандай күмән келтіре алмаймыз. Бізге мұндай тұжырым жасауға оқырмандар ойлары да қолдау жасап, қозғау салып отыр. Берікбай Қазақстанның бекем болашағы мен кемел келешегі ең алдымен Елбасының салиқалы сая­сатының нәтижесі деп білемін. Жыл сайынғы Мемлекет басшысының дәстүрлі халыққа Жол­дауы – еліміздің ертеңгі көрінісін, даму жос­парын айшықтап беретін маңызды жолсілтеме. Мен қашанда Нұрсұлтанның «Нұрлы Жолын» ұстанамын! Жадыра Мемлекет басшысының 5 институттық реформасын бастан-аяқ оқып шықтым. Ұнады. Онда Елбасы қазақстандықтардың даму жоспары мен еліміздің болашағын баяндаған. Экономикалық-әлеуметтік жетістіктер мен іс-әрекеттерді көрсеткен. Біз бірлікпен бірігіп, қимыл жасасақ, Қазақ елінің алмайтын қамалы, аспайтын асуы жоқ! Ербақыт, Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлерді әбден ығыр ететіні – жөн-жосық­сыз тексерулер мен бюрократтық кедергілер. Соның салдарынан салықты жасыруға, табысты барын­ша азайтып көрсетуге мәжбүр. Енді бюрократ­тық шығынсыз экономикаға қадам басу арқылы салықтық және кедендік әкімшілік жүргізуді жақсартуға бағытталған шаралар зор маңыз атқаратыны анық. Оның үстіне тексерулерге шағым беру ресімі біртұтастандырылса, салықтық режімдер де оңтайланары сөзсіз. Мұның бәрі бизнес пен кәсіпкерлер құқығын қорғау жолындағы қарышты қадамдар болып табылады. Ибрагим Жәрдемғалиұлы, Атырау облысы Жаһан жұртының тынышы кетіп тұрған бүгінгі алмағайып кезеңде Қазақстанды алға бас­тыратын 100 нақты қадам бар. Бұл – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынып отырған Ұлт Жоспары. «Егемен Қазақстанның» бүгінгі санынан Ұлт Жоспарының басым бағыттарының жиынтығы іспетті 100 қадамға қадам басудың нақты жолдарын көрсеткен мақаласын ден қоя оқып шықтым. Мұндағы 5 институттық реформаның елді одан әрі өркендету үшін маңыздылығы айқындалыпты. Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстанды өркениетті елдер қатарына қосқан Көшбасшы ғана емес, сонымен бірге, әр азаматтың бақуатты, алаңсыз өмір сүруіне жағдай жасаған үлкен тұлға. Елдің келешегін әріден ойлайтын көрегендігін бүгінгі мақаласынан да анық аңғардық. Қазақстандықтарды бір мақсатқа жұмылдырды. Біздің ортақ арманымыз – Ұлы Дала елін жасампаз істермен жаңғырту! Біз бұл ұлы арманды іске асырамыз! Мадияр Қазақстан тәуелсіздік алғалы тек алға қарай ұмтылумен келеді. Елбасының ашық әрі нақты саясатының арқасында біз ұлы мұраттарға қол жеткіздік. Барлық азаматтар Елбасының жос­парын қолдап, оның іске асуына қолынан келгенше септігін тигізеді деген ойдамын. Дүйсен, Талас Меніңше, осы бағдарламаны әрбір қазақстандық оқып шықса артық болмас еді. Бұл – елдің дамуына бағыт беретін құжат. Арман Дүйсенбин Президент аузынан шыққан сөз қашанда ілкімді істерге ұласып жатады. Бүгін еліміз бағыт ұстап отырған «Мәңгілік Ел» болудың нұрлы жолында барша қазақстандықтар жұмылған жұдырықтай қимылдап, ортақ Отанымыздың гүлденуіне үлес қосуы керек. Тұрар Егемендігімізді алғалы бері елімізді өрге сүйреп келе жатқан Елбасының бұл жолғы жоспары да, алдымызда тұрған белестерден сүрінбей өтуімізге септігін тигізеріне сенімдімін. «100 нақты қадам» жарқын болашаққа жетелер игі бастама деп білемін. Ринат Бес қадамнан үмітіміз көп. Қазаққа жұмыс істеу керек. Қол жайып, Үкіметтен көмек күтіп отыратын кез емес. Дастан Президенттің мақаласында жақсы талдау жасалыпты. Осындай дүниелер керек. Көшеде «Егеменді» іздеп жүрген бірнеше танысымды кездестірдім. Бір өкініштісі, Астанадағы сол жағалауда газет сатыл­май­ды дейді. Оң жағалауға барып, «Артемның» жа­нын­дағы «Алты алаш» дүңгіршегінен алғандарын айтты. Нұрым Ерғалиев, «Жайық шұғыласы» газетінің бас редакторы, Атырау облысы, Махамбет ауданы Біз – арманы асқақ елміз. Біз – бәсекеге қабілетті ұлтпыз. Біздің еліміз көпэтносты болғанымен, біздің мақсатымыз – ортақ, мұратымыз – бір. Ол – Мәңгілік Ел болу. Елбасы орынды айтып отыр, біз тәуелсіз Қазақстанды Ұлы Дала елі ретінде жаңаша қалыптастыра алдық. Енді осы бағытымыздан таймай, әлемдегі ең озық 30 елдің біріне айналдыру тұрғысындағы ұлы мұратты іске асыруға батыл қадам жасадық. Сол ұлы мұратты іс жүзіне асыратын Ұлт Жоспарымыз да бар. Оны бүгін Елбасы өзінің мақаласында жан-жақты талдап, басты бағыттарын айқындап берді. Шынында да бұл ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған асқақ арманы еді. Ата-бабалардың аңсарын нақты қадамдармен жүзеге асыру бүгінгі ұрпақтың еншісіне тиіп отыр. Біз о бастан жаңаға ұмтылатын, ілім-білімді меңгеруге талпынатын, өмірлік құндылығымызға айналған тәуелсіздіктің қадірін сезіне білетін, алға қойған мақсатқа жету үшін асықсақ та аптықпайтын, ұлттық салт-дәстүрімізді сақтай отырып, жеті жұрттың тілін білу арқылы ортақ Отанымыз – Қазақстанды бәсекеге қабілетті ең қуатты мемлекет деңгейіне көтеру жолында жұмыла алатынымызды дәлелдегенбіз. Санжар Барлық деңгейдегі атқарушы билік тұрақты негізде халыққа есеп беріп отыруы тиіс деген сөзі дұрыс деп ойлаймын Әйгерім Өмірбекқызы, Өскемен Елбасымыздың мақаласын egemen.kz сайтынан оқыдым. Жалпы, бізге осындай сұңғыла саясаткерді сыйлаған Жаратқанға мың алғыс. Қаншама мәселе қамтылған, қандай түсінікті жазылған, қаншалықты тереңнен қозғалған. Бұл қарапайым адамның атқарар шаруасы емес. Мемлекет басшысы шын мәнінде елімізді ертеңгі күнге ерекше екпінмен жетелеп келеді. Лайым солай болғай! Ел іргесі бүтін болып, ойға алған мақсаттарымыз орындала берсін. Нұрсұлтан Әбішұлына денсаулық тілеймін. Жаңа жылда халыққа жасар жақсылығы мол болсын! Жангүл Ұлт Жоспары – Қазақстан болашағына бас­тайтын жол. Сол жолда бəріміз бір тілекпен, бірдей мақсатпен бірігіп, ел үшін бірлесе жұмыс жасайық. Расул Әбілұлы, Жаңа Семей, Таңат ауылы Президентіміздің бір басына осынша ой мен толғам қалай сыяды екен? Ел басқару деген оңай емесін осындай бір дүниені кертіп оқи бастағанда-ақ түсінесің. Білім мен білік, тәжірибе мен талант болмаса, мемлекеттің басында бір сәт тұра алар ма екенбіз. Әй, қайдам. Елбасы Шығыс Қазақстан облысына көп жақсылық жасап жатыр. Енді біздің жолдарымыз жөнделсе екен. Біздікі ауылымыз бен көлігіміздің мәселесі ғой. Жақсы мақала. Осының бәрі орындалса, мықты боламыз. Алла жеткізсін! Тоғжан Аллаберген, Жамбыл облысы Елбасымыз қашанда елді қиын-қыстау кезең­дерде елді жарқын болашаққа жетелейтін жобаларды ұсынып, өзінің көреген басшы екенін дәлелдеумен келеді. Бұл бағдарлама да соның бірі. Темірлан Қазақтың болашағы кәсіпкерлікпен байланыс­ты. Кәсібің – нәсібің деп бекер айтпайды. Кез келген қазақ өз кәсібін тауып, содан табыс тауып жатса сондай қазақ үшін мақтанамын. Шынар Елбасының 100 нақты қадамы орындалса, елімізде көп жақсы істер орындалар еді. Әсем Жастардың болашағы үшін бәрі жасалып жатыр, тек жастарға еңбек ету, білім алу керек. Асылбек Бұл жоспардан ендігі кезекте мемлекетіміз үшін пайдалы істерді, бастамаларды асыға күтеміз. Тәуелсіз жылдан бері елімізді әлем алдында мойындатып келе жатқан Президентіміздің бұл бастамасынан да бүкіл халық жақсылықтан үмітті. Марал Қазақстанның әрбір азаматы елімізді сүю керек, еліміздің болашағы үшін алаңдауы керек. Марғұлан, Оңтүстік Қазақстан Мемлекет басшысының «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласын оқып шықтым. Көкейге түйгеніміз көп. Арманы жоқ халықтың болашағы жоқ. Мемлекетіміз кемелденген жолға түсті. Экономикалық әлеуе­тіміз көтерілді. Индустриялық-инновациялық бағдарламалар кезең-кезеңімен жүзеге асып жатыр. Барлық облыстарда өндіріс орындары көбейді. Қазақстанда тұратын ұлттар мен ұлыс­тардың бірлігі мықты. Бір мақсат, бір мүддеге қызмет етіп келеді. Елбасы армандаған мақала­сында атап көрсеткен мәселелерді оңтайлы шешудің жолдары бар. Дағдарыс өтеді, кетеді. Біздің халыққа бұрынғыдан да бекем болып, кәсіпке мамандану керек. Сонда дағдарыс қорқынышты емес. Қазақстанды жақсы болашақ күтіп тұр.