12 Қаңтар, 2016

Кувейтте тыңшы болғандар өлім жазасына кесілді

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
12-01-2016-KuvitАСТАНА. 12 қаңтар. Кувейтте Иранның тыңшысы болып заңсыз қызмет етті деген айып тағылған қылмыскерлер өлім жазасына кесілді. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. 2015 жылдың тамыз айында Кувейттің қауіпсіздік қызметкерлері ел ішінде террорлық ұйымдардың бірі ретінде саналған «Хезболлах» содырлар тобының орналасқан жерін тапқан. Тәртіп сақшылары көптеген қару-жарақтар мен оқ дәрілерді тәркіледі. Сондай-ақ, күдіктілерді тұтқынға алды. Оқиға орнында 19 тонна оқ дәрі, 144 кило жарылғыш заттар мен 68 қару табылды. Бұл Иранмен шекаралас жатқан Эль-Абдали елді-мекенінде болды. Қыркүйек айында жоғарғы прокуратура 24 адамға қауіпті қару-жарақтарды сақтағанынан бөлек, «Хезболлах» содырлар ұйымына қатысы болып, алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерін жалғастыру үшін ақпараттар тасымалдады деген айып тақты. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: news.gisher.ru.