23 Қаңтар, 2016

«Қоғамдық даму орталығы» ҚҚ-ның МӘЛІМДЕМЕСІ

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қоғамдық даму орталығы» ҚҚ-ның ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу туралы

Жарлықты қолдау бойынша

МӘЛІМДЕМЕСІ

«Қоғамдық даму орталығы» Қоғамдық қорының мүшелері Мемлекет басшысына Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттардың кезектен тыс сайлауларын өткізу туралы қабылдаған шешіміне байланысты терең ризашылық сезімдерін білдіреді. Біздің ұйымымыз қашанда мемлекеттік органдардың қызметін, азаматтық бастамаларды дамыту мен жергілікті қоғамдастықтардың белсенділігін бақылауды қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның прогресс пен орнықты дамуына бағытталған шараларға қолдау көрсетіп келді және көрсете беретін болады. Қазақстан Президенті жариялаған реформалардың жоғары рөлін түсіне отырып, біз Қазақстан қоғамы өмірінің барлық шешуші басымдықтарын кең ауқымды жаңғыртудағы жетекші стратегия ретінде «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының міндеттерін жедел жүзеге асыру қажеттігін қолдаймыз. Қазіргі кезеңде біз, тұтастай алғанда, мемлекетті дамыту үшін белгіленген мақсаттардың тиімді орындала бастағаны мен қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастырылуының куәгерлері болып отырмыз. Құрылған базис елдің басты басымдығы – Қазақстанның әлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына қосылуын жүзеге асырудың орнықты негізін қалыптастыруда екені анық. Аталған жолда алдағы сайлаудың біріктіруші әлеуеті биліктің заң шығарушы тармағын күшейтуге ғана емес, сондай-ақ, Қазақстан үшін жаңа жағдайларда барлық қоғамдық күштерді топтастыруға мүмкіндік беретініне сенімдіміз.
Соңғы жаңалықтар

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • Кеше