«5-ші шақырылымдағы Парламент Мәжілісін тарату, сондай-ақ
ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа байланысты
МӘЛІМДЕМЕСІ
Біз, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы, Президенттің Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу туралы Жарлығын қуана қарсы алдық. Елбасымыз айқындап берген Қазақстанның көшбасшы елдердің қатарына ену турасындағы мақсаттары мен міндеттерін біз жауапкершілікпен жүзеге асыруымыз керек. Біз әрдайым Отанымыздың әлемнің алпауыт елдерімен үзеңгі түйістірер деңгейге жеткенін мақтан етеміз. Қазақстан әлемді күйзелткен геоэкономикалық, геосаяси жанжалдарға, табиғи апаттарға қарамастан, айқын мақсаттарға қарай ілгерілеу үстінде. Сонымен қатар, бұл маңызды белестерді бағындыруда мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуеті зор септігін тигізуде. Сондықтан, біз мемлекетімізді және Елбасымызды қастерлеп, табыстарына сүйсініп, жетістіктерімен рухтанамыз. Себебі, Президентіміз еліміздің іргесін нығайтып, халқымыздың бейбіт өмірін қамтамасыз етіп, қоғамның бірлігі мен келісімін сақтап келеді. Осы орайда, біз Мәңгілік Ел болу жолындағы асқақ мақсаттар тұрғысынан нақты іске кірісу туралы бастамаға қолдау білдірген Жарлықтың дұрыс шешім екендігін мәлімдейміз және барша қазақстандықтарды Жарлықты жүзеге асыру аясында бірігуге шақырамыз.