Армансыз адам жоқ. Менің де көңілімде ізгі тілектерім көп. Мен адамдардың ешкімді ұлтына, наным-сеніміне бөле жармайтын, ашық аспан астында жемісті еңбек етуге жағдай жасалған, әрбір отбасында қуаныш салтанат құрған қоғамда өмір сүргенін қалаймын. Қуанышқа орай, менің бұл ниетім Елбасы мақаласында атап көрсетілген қазақстандық арманмен сәтті ұштасады.
Қазақстандық арман! Осынау екі ауыз сөздің астарында нендей мағына жатқанын бүгінде әрбір отандасымыз, жалпы қоғамымыз терең түсінеді.
Шын мәнінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев уақыт талабына сай даму үшін біріншіден жаңа мақсаттар мен міндеттер белгіленуі керек екенін басты назарда ұстап келеді. Онсыз ешқандай халық ілгері жылжымасы анық. Осы орайда, Біріккен Ұлттар Ұйымы да өзінің Мыңжылдық декларациясы талаптарының орындалуына көңіл бөлуде. Ал Қазақстан аталған Мыңжылдық декларациясында көрсетілген стратегиялық мақсат-міндеттерді орындауға басымдық беріп келеді.
Біздер, бесінші шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаттары осы ауқымды құжатты жүзеге асыру үшін қажетті көптеген заң жобаларын қабылдауға барынша күш салдық. Нәтижесінде, бұл заңдар жаңа 2016 жылдан ел игілігіне жұмыс істей бастады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, жаңадан қабылданған бұл заңдар қазірден бастап Қазақстанның әлемдік стандарттарға сай жоғары деңгейде дамуына ықпал етуде. Президенттің «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы өзіме қатты әсер еткендіктен, оған байланысты үн қоспай қала алмадым. Өйткені, Ұлт Жоспары біздің еліміздің, жұртымыздың болашағын айқындаған, терең мәнге ие құжат. Оны жүзеге асыру – жалпыхалықтық міндет. Жалпы, Ұлт Жоспарымен таныса отырып, Елбасының сөзі мен ісі сәйкес келетін ірі тұлға екеніне тағы бір рет көзім жетті.
Елбасы өз мақаласында реформаларды табысты жүзеге асыру үшін, ең алдымен, ел ынтымағы мен татулығы қажет екеніне баса көңіл аударған. Шын мәнінде, бірліксіз, татулықсыз нәтижеге жету мүмкін емес. Ортақ істе бірлесіп, жұмыла білер болсақ, бізге ештеңе де кедергі бола алмайды. Осы орайда, мен Елбасының «Біздің жолымыз – ол бірлік жолы және азаматтық біртектілік негізінде ұлтты дәйектілікпен қалыптастыру жолы», деген сөзіне екпін бергім келеді.
Жалпы, Елбасы мақаласы болашаққа деген сенімді нығайта түседі. Ол біз үшін жолымыздан адастырмас жарық жұлдыз секілді. Бұл менің басты арманымның орындалғанының белгісі болар, бәлкім.
Надежда НЕСТЕРОВА,
қоғам қайраткері.
АСТАНА.

Дубайда өмірлік жазаға тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 19:00
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңдарға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге өмір бойы берілетін регрестік төлемдер: Министрлік аралас модельді ұсынды
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38
Қазақстан Моңғолияға ғарыштан бақылау жүйесін құруға көмектеседі
Президент • Бүгін, 16:29
Мұғалімдерге ерекше балалармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы курстар енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 16:20
Астанада тәулігіне 1,5 мың тонна қалдық өңдейтін экопарк бой көтереді
Экология • Бүгін, 16:08
Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00