Биыл Қазақстан үшін ерекше жыл, ел Тәуелсіздігіне 25 жыл толады. Бірақ, қазір әлемде үлкен дағдарыс болып жатыр. Дағдарыс үлкен елдерді де, кіші елдерді де қамтыды. Мысалы, Қытайға да, Ресейге де, басқа елдердің бәріне де дағдарыс өз зардабын тигізуде. Барлық мемлекеттің сол дағдарыстан қалай шығуды ойластырып, жанталасып жатқан жайы бар. Біздің Қазақстанды алатын болсақ, Президентіміз мемлекеттің жұмысын, оның аппаратын кәсібилендіру жұмысын жақсарту жөнінде Ұлт Жоспарын жүзеге асыру бойынша ел алдына асқаралы міндет қойды. Сол міндеттердің ішінде, әсіресе, 5 институттық реформаның орны бөлек. Ендігі жерде мемлекеттің жүйесі осы реформаға сәйкес дамуы керек.
Ал демократиялық мемлекетте жұмыс істеу дегеннің өзі – заңмен жұмыс істеу деген сөз. Заң сапалық жағынан ең жоғары дәрежеде болуы тиіс. Заңды қабылдайтын Парламент. Парламент – мемлекеттік биліктің бір тармағы. Сол себепті, заңды қабылдайтын депутаттардың жауапкершілігі өте үлкен. Қазіргідей қиын-қыстау жағдайда депутаттар ойланып-толғанып, депутаттық корпусқа, әсіресе, Мәжіліске білікті, деңгейлері жоғары, заманға сай, Ұлт Жоспарын кәсіби тұрғыда жүзеге асыра алатын депутаттардың келгені дұрыс деген тоқтам жасады. Сөйтіп, өздерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде Президентке ұсыныс жасады.
Мемлекет басшысы олардың ұсынысын қабылдап, Бесінші шақырылған Парламент Мәжілісін тарату жөнінде, сондай-ақ, Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Шынында да, біздің өміріміз, тағдырымыз мемлекетпен, оның ішінде мемлекеттің заңымен тікелей байланысты. Депутаттар ең сапалы заңдарды қабылдайтын болса, онда біздің халықтың әл-ауқатының артуына да, мемлекеттің дамуына да елеулі үлес қосады.
Айта кететін тағы бір мәселе, Парламент Мәжілісіне сайлау жаңа депутаттардың келуіне мүмкіндік береді, партиялардың да белсенділігін арттыруына жол ашады. Партиялар Мәжіліске өздерінің қолдарынан іс келетін, білікті тұлғаларын ұсынулары керек. Қорыта айтқанда, Елбасының осындай салиқалы шешімін қолдаймын, халықты да соны қолдауға шақырамын.
Жабайхан ӘБДІЛДИН,
академик.
АСТАНА.

Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге өмір бойы берілетін регрестік төлемдер: Министрлік аралас модельді ұсынды
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38
Қазақстан Моңғолияға ғарыштан бақылау жүйесін құруға көмектеседі
Президент • Бүгін, 16:29
Мұғалімдерге ерекше балалармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы курстар енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 16:20
Астанада тәулігіне 1,5 мың тонна қалдық өңдейтін экопарк бой көтереді
Экология • Бүгін, 16:08
Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00
Кореяда заңды жұмыс істеу: Министр келіссөздердің неге кешеуілдегенін түсіндірді
Еңбек • Бүгін, 15:57
Делиберациялы демократия – дамудың бір даңғылы
Саясат • Бүгін, 15:53
Қазақстан мен Моңғолия арасында 13 құжатқа қол қойылды
Президент • Бүгін, 15:33