Шымкенттен Бадам ауылына баратын тас жолдың оң жақ тепсеңінде Қазақстандағы ең алып жылыжайлардың бірі бар. «Аделия» жылыжайына Оңтүстікке сапарларының бірінде Елбасының өзі келіп, атқарылып жатқан жұмыстарына ризашылығын білдірген. Оңтүстік кәсіпкерлерімен жүздесіп, шаруашылықтарының жай-жапсарымен танысқан. Сол «Аделия» бес гектар аумақта қияр көшетін егуді бастап кетті.
Осыншама аумақты игеруге мол қаржы қажет. Үкіметтік қолдау арқылы «ҚазАгро» ұлттық холдингінен 2 млрд. 200млн.-ға жуық қаржы алған шаруашылық әлемдік технологияның жетістіктерін пайдаланып өнімді мол алуда.
Серіктестіктің бас агрономы Дмитрий Ковченко жылыжайға қиярдың өнімділігі жоғары «Неймар» сұрыпты көшеті егіліп жатқандығын айтады. Биыл қияр, қызанақтың бағасы жоғары. 600-700 теңгеден түспей тұр. Ал солтүстік облыстарда килосы мыңға дейін тартады. Яғни, «Аделияның» ұпайы түгел.
Жылыжай іші күндізгідей жарық. Көгілдір отын келіп тұр, қалыпты температура 18 градус. Егілуге дайындалған 180 мың түп көшетке керекті минералдық қоспалар дайын.
Жалпы, Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекетіміз бойынша жылыжайдың 87 пайызын қамтиды. Осыншалық жылыжайлардың өнімі сатылмай қалған емес. Көкөніс пісетін кезде алып көліктерге мінген ресейлік кәсіпкерлер көптеп келеді. Биыл диқандар шаруасына қауырт кірісіп жатыр. Ресейдің жеміс-жидек, көкөніс, бау-бақша өнімдеріне деген сұранысын қамтамасыз етіп отырған Түркия нарықтан шеттетілді.
Жоғары технологиямен жұмыс жасайтын, өнімдері халықаралық стандарттарға сай «Аделияның» көкөністерін Ресей бұрын да алып келген, қазір бұрынғысынан да көп алмақ. Қалай дегенде де, диқандардың маңдай тері ақталғалы тұр.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан».
Оңтүстік Қазақстан облысы.

Дубайда өмірлік жазаға тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 19:00
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңдарға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге өмір бойы берілетін регрестік төлемдер: Министрлік аралас модельді ұсынды
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38
Қазақстан Моңғолияға ғарыштан бақылау жүйесін құруға көмектеседі
Президент • Бүгін, 16:29
Мұғалімдерге ерекше балалармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы курстар енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 16:20
Астанада тәулігіне 1,5 мың тонна қалдық өңдейтін экопарк бой көтереді
Экология • Бүгін, 16:08
Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00