24 Қаңтар, 2016

Арменияда бір отбасын түгел қырған қылмыскер кінәсін мойындады

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
24-01-16-permyakovАСТАНА. 24 қаңтар. Арменияның Гюмри қаласында жеті адамнан тұратын бір отбасын түгел қырып тастады деген айып тағылып отырған Ресейдің осында орналасқан әскери базасының қатардағы жауынгері Валерий Пермяков сотта осы айыптарды толық мойындады. Бұл туралы ras.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады. Сотта судьяның қойған сұрағына Пермяков айыптаудың мәні мен заң жүзіндегі квалификациясы толық түсінікті екенін айтып, өзін айыпты деп санайтынын жеткізді. Ал судьяның нақты неге айыпты екенін ашып айтуын сұрауына ол «бәріне де» деп жауап берді. Бұдан бұрын Ресей әскери қызметкері Валерий Пермяковқа армянның Гюмри қаласында жеті адамды атып өлтірді деген айып тағылғаны хабарланған болатын. Тергеу болжамы бойынша, өткен жылғы 12 қаңтар күні Ресей сарбазы Гюмриде орналасқан әскери базадан таң алдында қашып шығып, қалың ұйқыда жатқан Аветисяндар отбасының жеті адамын автоматпен атып кеткен. Ал алты айлық Сережаны ол автоматтың пышағымен түйреген. Бір үйден жалғыз аман қалған осы сәбидің өмірі үшін дәрігерлер біраз күресті. Бірақ бала есін жия алмаған күйі бақилыққа кетіп қалды. Осы қанды қырғыннан кейін Пермяков Анадолы жеріне асып кетпек болғанда армян-түрік шекарасында қолға түсті. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: ras.kz.