АҚТӨБЕ. 25 қаңтар. Ақтөбе қаласындағы С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығына арналған «Қазақ әдебиетінің абызы еді…» атты әдеби еске алу кешін ұйымдастырды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Еліміздің әдеби байлығы мен мемлекет ісінде өшпес із қалдырған Әбіш Кекілбаевты еске алып, қалың оқырман қауымға қаламгердің отаншылдыққа толы әдеби мол мұрасын насихаттау, өмірі мен шығармашылығы жайында сыр шерту мақсатында ұйымдастырылған кешке облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қ.Ермұқан, белгілі қоғам қайраткері, профессор, философия ғылымдарының докторы А.Айталы, ақын М.Ақдәулетұлы қатысып, Ә.Кекілбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына, еліміздің мәдениетіне, әдебиетіне қосқан өлшеусіз еңбегі туралы айтып, жастарды қаламгердің баға жетпес мол мұраларын оқуға шақырды.
Кеш барысында талантты жазушының шығармалары оқылды. Кітапхана қызметкері Гүлназия Омарханова «Әбіш аға, Абыз аға» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, жиналғандарды жазушының тарихи-танымдық еңбектерімен таныстырды.
Шара барысында тақырыпқа байланысты жастар сөз сөйледі, фото-шежіре слайд, «Келбет» бағдарламасынан Ә.Кекілбаев туралы бейнематериал көрсетілді, қатысушылар қаламгердің өмірінің соңғы күндерінде сөйлеген сөзін тыңдады.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Кеше