АЛМАТЫ. 25 қаңтар. Апта соңында Алматының 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы бойынша өткен жиында Алматының ішкі өңірлік өнімі алғаш рет 8,5 триллион теңгеден асқаны туралы мәлімдеме жасалды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Мегаполис бүкіл еліміз бойынша республикалық ішкі жалпы өнімнің бес бөлігін, барлық салық түсімінің 27 пайызын, көтерме сауданың 48 пайызын, бөлшек сауданың 23 пайызын, сыртқы сауда айналымының алты бөлігін, екінші деңгейлі банктердің несие портфелінің 60 пайызын қамтамасыз етеді.
Алматының негізгі табыс көзі – кіші және орта бизнес кәсіпорындары болып табылады. Олар ішкі өңірлік өнімнің 25 пайызын, салық және басқа да төлемдердің 43 пайызын береді.
Сол сияқты Алматыда әлеуметтік салаға тұрақты көңіл бөлініп, нақты шаралар атқарылуда. Қазіргі кезде мемлекеттік-жеке серіктестік әріптестік аясында 25 балабақша салу жоспарланған. Және балабақша жетіспеушілігін жою үшін бос коттедждерді балабақшаға көшіру жұмыстары қолға алынды.
Бұған қоса 2015 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Алматыда 108 балалардың ойын алаңдары салынды. 2016 жылы осындай тағы да 150 алаң салу жоспарлануда.
Алатау ауданында Универсиада нысандары бой көтереді, 12 мың орынды Мұз сарайы, атлеттер ауылы, ал Медеу ауданында 3 мың орынды Мұз аренасы салынуда.
Айнаш Есали.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 25 Қаңтар, 2016
Алматының ішкі өңірлік өнімі алғаш рет 8,5 триллион теңгеден асты

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Кеше