АТЫРАУ. 25 қаңтар. Атырау облысында шаруа қожалығы және азық-түлік дүкені бар кәсіпкер Мұрат Сарманов тұрмысы төмен екі отбасын жыл аяғына дейін нан, сүт, май және етпен тегін қамтуды ұйғарды. Ол облыс кәсіпкерлерін осындай қайырымдылық іс жасауға шақырды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Қызылқоға ауданындағы шаруа қожалығында мал шаруашылығын өркендету ісін қолған Мұрат Сарманов бұл ойын Атырау қаласына қарасты Геолог кенттік округінің әкімі Нұржан Жұмахановтың халық алдындағы есеп беру жиынында мәлім етті. Бұл жиынға облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов пен Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек Ожаев қатысқан болатын. Кенттің өзге тұрғындары жол, көше жарығы секілді көпті толғандырған мәселелерді көтерді. Өзіне сөз кезегі тиген кәсіпкер жергілікті басшылардан тұрмысы төмен екі отбасының аты-жөнін, мекенжайын беруді сұрады. Ол екі отбасын жыл аяғына дейін бірінші кезекте тұтынатын нан, сүт, май және ет секілді азық-түлікпен қамтуға бекініп отыр. «Интернеттен адамдардың қоқыс ақтарып жүрген фотосын көрдім. Астына «Дағдарыс басталды» деген пікір жазылыпты. Бұл фото қайда түсірілгенін білмеймін. Бірақ бұлай болмауы тиіс. Біз дәл қазіргі кезде бір-бірімізге қолдау көрсетуіміз қажет. Облыс кәсіпкерлерін қайырымдылық танытуға шақырамын. Ең болмаса, биыл атсалыңыздар», –деді кәсіпкер Мұрат Сарманов. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: egemen.kz. Сурет: Рахым Қойлыбаев.
Мәдениет • 25 Қаңтар, 2016
Атырау кәсіпкері екі отбасын қамқорлығына алды
Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Кеше