25 Қаңтар, 2016

Солтүстік Қазақстанда департамент басшысы тағайындалды

314 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
25-01-2016-G.tursynbaevПЕТРОПАВЛ. 25 қаңтар. Мемлекеттік қызмет істері министрлігі жауапты хатшысының бұйрығымен Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы – Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы лауазымына Тұрсынбаев Ғалым Сұлтанұлы тағайындалды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ғалым Сұлтанұлы 1970 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Қазақ химия-технология институтын «инженер-құрылысшы - технолог» мамандығы бойынша, Президент жанындағы мемлекеттік басқарудың ұлттық жоғарғы мектебін «мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1986 жылы жылу комбинатының жұмысшысы ретінде бастаған. 1993-1994 жылдары Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық әкімшілігінің жастар ісі, туризм және спорт басқармасының маманы, бас маманы қызметін атқарған. 1998 жылы стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің мемлекеттік қызметті реформалау басқармасының бас маманы. 2000 жылдан бастап түрлі лауазымдарда басшылық еткен. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының бастығы – облыстық тәртіптік кеңес Төрағасы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастығы – облыстық тәртіптік кеңес төрағасы, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы, «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстандағы филиал төрағасының бірінші орынбасары. 2011 жылдың тамызынан 2014 жылдың қарашасына дейін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының (2013 жылдан бастап департамент) бастығы - тәртіптік кеңес төрағасы. Сондай-ақ, Ғалым Тұрсынбаев бұған дейін мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – тәртіптік кеңес төрағасы қызметін атқарған. Өмір Есқали. Дерек, сурет: egemen.kz.