АСТАНА. 25 қаңтар. Қазіргі таңда Қазақстан аумағында шошқа тұмауының таралуы мамандарды алаңдатып отыр. Бүгінге дейін еліміздің әр өңірінде H1N1 вирусын жұқтырған 270 науқас тіркелген. Бұл туралы today.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ұлттық экономика министрлігі тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі комитет төрағасының орынбасары – Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің айтуынша, ең көп жағдай Атырау облысында тіркелген. Мұнайлы өлкеде 41 адамның аталған індетті жұқтырғаны анықталып отыр. Сондай-ақ, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында – 38, Астана қаласында 31 науқас шошқа тұмауына шалдыққан. Одан бөлек, соңғы аптада Оңтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында да жағдайдың ушығып тұрғаны белгілі болды. Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстанда – 37, ал Ақтөбе өңірінде 28 науқас тіркелген. Осы ретте еліміз бойынша осы дерттен 1 адамның қайтыс болғанын атап өткен жөн.
Жандарбек Бекшин аурудың белгілері байқалған кезде бірден дәрігерлерге көрінуге кеңес берді.
«Бізде көбіне адамдар өздерін өздері емдейді. Ол дұрыс емес. Кейін жағдай асқынған кезде бәрі кеш болуы мүмкін. Сондықтан, аталған тұмаудың белгілері байқалса, бірден мамандарға көріну керек», – деген ол аурудың бастапқы белгілерін айтып берді.
Оның сөзіне қарағанда, егер әдеттегі тұмау болса, 5-7 тәуліктен кейін асқынуы мүмкін. Ал шошқа тұмауында адам екінші, үшінші тәулікте сыр береді. Негізгі симптомдары – дене қызуының күрт көтерілуі, тіпті 39 градустан жоғары болады. Сондай-ақ, бұлшық еттер құрысып, буындар сырқырайды.
Еламан Қоңыр.
Дерек: today.kz.
Сурет: potoksmivip.ru.
• 25 Қаңтар, 2016
Қазақстанда шошқа тұмауын жұқтырғандар саны азаймай отыр

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Кеше