ТАРАЗ. 25 қаңтар. Жамбыл облысындағы Т. Рысқұлов ауданы орталығынан 100 шақырым қашықтықта МИ-2 тікұшағы апатқа ұшырады. Апат салдарынан 1 адам зардап шекті. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің арнайы өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.
«Оқиға Тұрар Рысқұлов ауданындағы Садыхан қыстауынан үш шақырым қашықтықта болған. Төтенше оқиға жайлы хабарлама 112 телефонына 23 қаңтарда кешкі уақытта келіп түскен.
Оқиға орнына Тұрар Рысқұлов ауданының ТЖ жөніндегі аудандық бөлімінің және Жамбыл облысының ТЖ жөніндегі департаментінің қызметкерлері апат-құтқару іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін дереу жіберілді. 20.30-да оқиға орнына медициналық қызмет көрсету үшін жедел жәрдем бригадасы жөнелтілді. Зардап шеккендер жайлы мәлімет анықталып жатыр және қосымша хабарланады. Жағдай Жамбыл облыстық ТЖД-ның бақылауында. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жедел штаб құрылды", деп хабарлады Иманқұлов.
Апаттың себебін арнайы құрылған комиссия анықтайды. Кейінірек тікұшақты басқарған ұшқыш екінші дәрежелі күйік алған деген диагнозбен Тараз қаласындағы №1 ауруханаға жеткізілгені мәлім болды.
Оралхан Дәуіт.
Дерек, сурет: egemen.kz

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Кеше