ТАРАЗ. 25 қаңтар. Республикалық «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасында Тараз қалалық ішкі істер департаменті жол-патрульдік қызметі №37 бағыт бойынша жолаушы тасымалдап жүрген автобустың екі жүргізушісін ұстады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Тараз қалалық жол-патрульдік қызметі батальонының командирі, полиция майоры Бақытжан Жолдасбековтің айтуына қарағанда, «Саяхат-99» ЖШС-не тиесілі бұл автобус шопырларының жолдама қағаздары осы бағытқа сәйкес келмегені былай тұрсын, көліктің осы түрін жүргізуге ешқандай құжаттары болмай шығыпты. Ең сұмдығы, өзін өте дөрекі ұстаған 20 жастағы жүргізушіні медициналық тексеруден өткізгенде, дәрігерлер оған есірткіге елтіген деген қорытынды берген.
Ертеңінде тағы да 27 жастағы автобус жүргізушісі ұсталды. Оның да көлік жүргізуге құқық беретін ешқандай құжаттары болмай шықты.
Жергілікті полиция қызметінің мәліметіне қарағанда, осы «Автобус» іс-шарасы кезінде 649 жол ережесін бұзу фактілері анықталыпты. Оның ішінде жүргізушінің рульде кетіп бара жатып ұялы телефонмен сөйлесуі, жол бойында қауіпті маневр жасау және жылдамдықты арттыруы өте көп кездескен. Осы тұста тағы бір айтары, жыл басынан бері Жамбыл облысында орын алған жол-көлік оқиғаларының тоғызында кінәлі жақ оқиға орнынан қашып кетіпті.
Оралхан Дәуіт.
Дерек, сурет: egemen.kz
• 25 Қаңтар, 2016
Жамбылда автобусты мас болып айдаған жүргізуші ұсталды

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Кеше