27 Қаңтар, 2016

Әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді

372 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
* Сайлау-2016 ERA_6826+Кеше Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова брифинг өткізіп, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқанын әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету мәселелерінен хабардар етті. «Қазақстан Республикасы Пар­­­ла­менті Мәжілісі мен мәсли­хат­­­тарының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқанын ұйым­­дастыру мен өткізу жөнін­дегі дайын­дық жұмысының шең­берінде Орта­лық сайлау комиссия­сы сайлауды әдістемелік қамта­ма­сыз етуге ерек­ше көңіл бөледі, – деді ол. – Аталған жұмыс Ортсай­лау­ком­ның сайлау комиссиялары мүше­лері мен сайлау үдерісіне қаты­су­шы­ларды құқықтық оқыту және ақ­па­раттандыру жөніндегі қызмет бағыт­тарының бірі болып табылады». Комиссия мүшесінің атап өту­ін­ше, Ортсайлауком әзірлеген түрлі анықтамалық және ақпа­рат­тық материалдар сайлауды ұйым­дас­тырушылардың сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі кәсі­би қызметінде, сондай-ақ, сайлау науқанына қа­ты­сушылардың олардың сайлау құқықтарын іске асыруына жәр­демдесуге бейім­делген. ОСК-нің тап­сыры­сы бойынша аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссия­лары, саяси партиялар мен олардың сенім білдірілген өкілдері кандидаттар мен олардың сенім білдірілген адамдары, байқаушылар, БАҚ өкілдері мен тағы басқаларға арналған 8 ақпараттық плакат және 14 атаулы жаднама, әдіс­темелер, жинақтар және басқа да баспа өнімдері әзірленуде. «Орталық сайлау комис­сиясының тапсырысы бойынша әзірленген барлық әдістемелік материалдар оның www.election.gov.kz ресми интернет-ре­с­ур­сында орналастырылады, – деп жалғастырды сөзін Т.Ох­лоп­кова. – Азаматтарды ақпарат­тандыру тиімділігін арттыру және олардың сайлауға қатысу құ­қықтарын қамтамасыз ету үшін Ортсайлаукомның тапсырысы бойынша, сондай-ақ, республикалық телеарналарда, радиода, сонымен қатар, неғұрлым танымал аумақтық телеарналар эфирінде сайлау науқаны бойы көрсетіліп, дыбысталатын ақпараттық және жұмылдыру бейне және дыбысроликтері әзірленуде. Сонымен бірге, елдің өңірлерінде сайлау туралы негізгі ақпаратты қамтитын және азаматтарды дау­ыс беруге қатысуға шақыратын ақпараттық және жұмылдыру билбордтары орналастырылады». Комиссия мүшесі Орталық сай­лау комиссиясының сайлау­шы­ларға арнаған үндеуіне де тоқ­талып өтті. Орталық сайлау комиссиясының еліміздің бар­лық сайлаушыларына арнаған үндеуіне де ерекше назар аударуды өтінер едім, – деді Т.Ох­лопкова осы жөнінде. – 22 қаң­тар күнгі ОСК отырысында үндеу мәтіні қабылданды. Жал­пы саны 62 мың данадан асатын үндеу плакаттары еліміздің бар­лық өңірлеріне жөнелтілді. Олар адамдар көп жиналатын орындар – әуежайларда, вокзалдарда, көлік құралдарында, сауда орталықтарында және басқа да жерлерде ілінеді». ОСК мүшесінің хабардар еткеніндей, учаскелік сайлау комиссиялары үшін «Сайлау күні дауыс беру рәсімдері туралы» арнайы оқыту фильмі әзірленуде екен. Ол елдің барлық аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларына жіберіледі. Ортсайлауком ақпараттық және түсіндіру жұмысына, сайлау органдары қызметінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге, сайлау заңнамасы нор­ма­ларының қатаң сақталуына ерек­ше көңіл бөледі. «Комиссия бар­лық бұқаралық ақпарат құралдарымен белсенді іс-қи­мыл жасайды, олардың барлық ақ­параттық материалдарға тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Бұл ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру үшін сайлау науқаны кезеңіне ОСК жанында тұрақты түрде жұмыс істейтін баспасөз орталығы ашылды», – деді Т.Ох­лопкова. Брифинг барысында Т.Охлоп­кова азаматтың нақты бір сайлау учаскесінің аумағында тұр­ғылықты жері бойынша тір­келуі, оны сайлаушылар тізі­міне енгізу үшін негіз болып табы­ла­ты­нын түсіндірді. 27 қаң­тардан кешіктірмей, сайлау учас­ке­лері­нің шекаралары жергілікті бұқа­ралық ақпарат құралдарында жарияланады. Егер сайлаушы өзінің тұрғы­лықты жерінен тыс елді мекенде болса, онда ол 18 ақпаннан кешік­тірмей өзінің уақытша болатын жеріндегі әкімдікке сайлау күні өзі дауыс беретін сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне енгізу туралы өтінішімен жүгіне алады. Сайлаушы 4 наурыздан бастап сайлау күніне дейін өзінің болатын жерін өзгерткен кезде, учаскелік сайлау комиссиясы сайлаушының өтініші бойынша және жеке басын куәландыратын құжат­ты көрсеткен жағдайда сай­лау­шыға дауыс беру құқығын бере­­тін есептен шығару куәлігін береді. Есептен шығару куәлігі 2016 жылғы 4 наурыздан бастап 19 наурызда 18.00 сағатқа дейін беріледі. Егер сайлаушы өзінің сайлау учаскесінде есептен шығару куәлігін ала алмаса (іссапарда жүрсе және т.б.), ол өзінің сенім білдірген адамына сенімхат бо­йынша куәлікті алуды тапсыра алады. Бұл жағдайда сайлаушының сенім білдірген адамы есептен шығару куәлігін алғаннан кейін оны сайлаушыға өзі береді немесе жібереді. Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін ұсын­ғаннан кейін учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беру күні сайлаушыны оның келген жері бойынша сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізеді. Есептен шығару куәлігі бас­қа сайлау округінде немесе бір елді мекен аумағындағы басқа сайлау учаскесінде дау­ыс беруге қатысқысы келген сайлаушы­ларға берілмейді. Жоғалған есептен шығару куә­ліктері қалпына келтірілмейді және олардың көшірме нұсқалары берілмейді. 4 наурыздан барлық сайлау­­шы­ларға өзінің сайлау учас­ке­сіндегі сайлаушылар тізімінде өзі туралы деректерді тексеру мүм­кіндігі беріледі. Егер сайлаушы сайлау күні сай­лау учаскесіне денсаулық жағ­дайына байланысты немесе от­басының сырқат мүшесіне күтім жасауына байланысты немесе сайлау учаскелері құрыл­маған шалғайдағы аудандарда бо­луына байланысты келе алмай­тын болса ол үйде дауыс беруді ұйымдастыру туралы учас­келік сайлау комиссиясына өті­ніш жасауға құқылы. Мұндай өті­ніштер 20 наурыз күні сағат 12:00-ге дейін қабылданады. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан». Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.