27 Қаңтар, 2016

Атырауда құқық бұзушыға 21 210 теңге әкімшілік айыппұл салынды

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
27-01-2016-atyrau 01АТЫРАУ. 27 қаңтар. Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында қоғамдық тәртіпті бұзып, көшеге темекі қалдығын тастаушыға 21 210 теңге айыппұл салынды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Құқық бұзушы Атырау қаласының Құлманов көшесінде орналасқан «Атырау» сауда үйі тұсында қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағыларға сыйламаушылық білдірген. Нақтысында, оның темекі қалдығын арнайы жәшікке емес, жерге тастап, ортақ пайдалану орнын ластағаны ұсақ бұзақылық ретінде қарастырылды. Осы істі қараған Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік соты құқық бұзушыны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабындағы 1-бөлігімен кінәлі деп таныған қаулы шығарды. Оған әкімшілік жаза ретінде 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни, 21 210 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі. Сурет: aif.ru.