АЛМАТЫ. 27 қаңтар Бүгін 5-ші шақырылған қалалық мәслихаттың 50-ші сессиясы қаланың 2016 жылға арналған бюджетін бірауыздан бекітті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының жетекшісі Мақсат Қиқымов депутаттар бекіткен 370 миллиард 215 миллион теңгенің қазіргі таңда 5,3 миллиарды әлеуметтік аз қамтылған топтың мүддесіне жұмсалатынын айтты. Нанның 10 теңгеге қымбаттауына байланысты қосымша жеңілдік шаралары қарастырылуда. Қаладағы кептеліске қатысты жол қозғалысын жеңілдету үшін арнайы кешенді схемалық жоба жасауға ғана 300 миллион теңге бөлініп отыр.
Сондай-ақ 2016 жылдың 1 наурызынан бастап депутаттар қала әкімдігінің қоғамдық көліктер бойынша жеңілдетілген айлық жол жүру билетін енгізу туралы шешімін мақұлдады. Бұдан былай мектеп жасындағы балалардың бір айлық жол жүру билеті 1000 теңге, зейнеткерлер үшін 2000 теңге болып бекітілді. Көп балалы аналарға 50 пайыз жеңілдік беріледі (2000 теңге). Ал, 1-2 топтағы мүгедектер және Ұлы Отан соғысының ардагерлері тегін жүретін болады.
Талғат Сүйінбай.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 27 Қаңтар, 2016
Алматы қаласының 2016 жылға арналған бюджеті бекітілді

Астанада Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды
Елорда • Бүгін, 02:45
Қоғам • Кеше
«Атырау» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Кеше
Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Мобилді операторды ауыстыру тәртібі өзгеретін болды
Қоғам • Кеше
25 ақпанға дейін салықтарды төлеп үлгеріңіз
Салық • Кеше
«Реал» бас бапкерге байланысты шешім қабылдады
Футбол • Кеше