ҚОСТАНАЙ. 27 қаңтар. Қостанай қаласындағы тұрмыстық қызмет көрсету колледжінің шатыры ойылып түсті. Онда оқитын 180 студент, мұғалімдер сыртқа шығарылды, оқу тоқтатылды. Бұл туралы ng.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Абырой болғанда, колледж төбесінің құлауынан ешкім зардап шеккен жоқ. Оған жедел жеткен солтүстік аймақтық аэромобильдік жедел құтқару отряды аз уақыттың ішінде төбенің қарын күреп, ағаштарды, шатырларды дұрыстап, айналаға қауіпсіз етті. Құтқару отряды бастығының орынбасары Сергей Шмидттің айтуынша, шатыр қалың жауған қарды көтере алмаған. Ал колледж директорының міндетін атқарушы Светлана Яновщенконың айтуына қарағанда, 2007 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген, шатырды көтеріп тұрған ағаштар қалың қардан шіруі ықтимал. Шатыр үстін тазалаған құтқару отряды мүшелері мұнда жауған қардың қалыңдығы 40 сантиметр болғанын көрсетті. Алғашқы қардан бастап шатыр үсті бірде бір тазартылмаған. Қар қалыңдаған сайын шатыр да, ағаш та оның салмағын көтере алмаған.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: ng.kz.
• 27 Қаңтар, 2016
Қостанайда қалың түскен қардан колледждің шатыры құлады

Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Кеше
Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
Білім • Кеше
Мемлекет басшысы белгілі ғалымдарды марапаттады
Президент • Кеше
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Алматыда ғалымдар марапатталды
Ғылым • Кеше