ТАРАЗ. 27 қаңтар. Үкіметтің Қаулысымен 2015 жылдың қаңтары мен 2016 жылдың қаңтар айы аралығында травматикалық және газбен атылатын қару-жарақты өз еріктерімен жергілікті ішкі істер бөлімдеріне тапсыру акциясы өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жамбыл облыстық ІІД әкімшіліктік полициясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қасым Құлсеріковтың айтуынша, осы уақыт ішінде Жамбыл облысының ішкі істер бөлімдеріне тұрғындар тарапынан барлығы 1631 қару-жарақ тапсырылыпты. Оның 517-сі травматикалық қару, 1114-і газ-травматикалық қару. Осы бір жыл ішінде тұрғындардан 1637 өтініш түскен. Қару-жарақты қабылдап алу комиссиясы жалпы соммасы 82 миллион 80 мың теңгені құрайтын 1610 дана қаруды сатып алуға шешім қабылдапты. Оның 77 миллион 797 мың теңгесі төленді. Қалған қаржы биыл толығымен төленеді.
Бұдан бөлек 50 қару тіркеу мерзімінің өтіп кетуіне байланысты тапсырылған. Ол қару иелері әкімшіліктік жауапкершілікке тартылып, 258 мың теңге көлемінде айып төледі.
Оралхан Дәуіт.
Дерек, сурет: egemen.kz
• 27 Қаңтар, 2016
Жамбыл облысында 82 млн.теңгенің қару-жарағы тапсырылды

Астанада Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды
Елорда • Бүгін, 02:45
Қоғам • Кеше
«Атырау» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Кеше
Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Мобилді операторды ауыстыру тәртібі өзгеретін болды
Қоғам • Кеше
25 ақпанға дейін салықтарды төлеп үлгеріңіз
Салық • Кеше
«Реал» бас бапкерге байланысты шешім қабылдады
Футбол • Кеше