АЛМАТЫ. 27 қаңтар. Халықаралық ғарыш стансасында (ХҒС) ғылыми қызметте жүрген америкалық астронавт Скотт Келли АҚШ-тың шығыс бөлігіне үрей туғызған қарлы циклонды суретке түсіріп, өзінің twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына жария етті. Бұл туралы «Синьхуа» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қалың қардың жаууына байланысты ел астанасы Вашингтонда және басқа да 11 штатта төтенше жағдай жарияланған болатын. АҚШ-тың авиакомпаниялары өткен аптаның аяғынан бүгінге дейін бірнеше мың әуе рейстерін тоқтатты. Тосыннан келген табиғи апаттан 18 адам қаза тапты. Жергілікті халық бұл құбылысты «Ғасырдың қарлы дауылы» деп атады. Солтүстік аумақтағы қоныстанған елді мекендердің тұрғындарына қарлы боран басылғанша далаға шықпау туралы қайта-қайта ескертулер жасалуда. Апатты аймақта 200 мың үй электр жарығынсыз қалды.
Талғат Сүйінбай.
Дерек: Синьхуа.
Сурет: NASA.

Астанада Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды
Елорда • Бүгін, 02:45
Қоғам • Кеше
«Атырау» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Кеше
Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Мобилді операторды ауыстыру тәртібі өзгеретін болды
Қоғам • Кеше
25 ақпанға дейін салықтарды төлеп үлгеріңіз
Салық • Кеше
«Реал» бас бапкерге байланысты шешім қабылдады
Футбол • Кеше