АСТАНА. 27 қаңтар. Жапонияның Toyota автоконцерні 2015 жылы әлем бойынша ең көп көлік сатқан компания атанды. Бұл туралы interfax.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Компания басшылығының айтуынша өткен жылы әлемнің түкпір-түкпіріне 10,15 миллион машина сатқан. Оның қатарына Daihatsu Motor Co және Hino Motors Ltd бөлімінің көліктері де кіреді. Алайда, бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 0,8 пайызға құлдыраған.
Toyota компаниясы көлік сату бойынша, әлемдік деңгейде соңғы 8 жылдың жетеуінде көш бастап келеді. Тек 2011 жылы жойқын жер сілкінісі мен топан судың салдарынан дер кезінде өз қалыптарына келіп, көлік сатуды жалғастыра алған жоқ. Жапония автоконцернінің бәскелестері ретінде саналатын немістің Volkswagen AG компаниясы өткен жылы 9,9 миллион көлік сатып, көрсеткіш бойынша екінші орынға жайғасты. Ал АҚШ-тың General Motors корпорациясы 9,8 миллион санымен үшінші орынды иеленді.
Айта кетейік, Volkswagen AG автоконцерні соңғы кездері даудан арыла алмай келеді. АҚШ пен Оңтүстік Корея мемлекеттері көлік ішінде қоршаған ортаға тарайтын қалдықтарды азайтып көрсететін құрылғы орнатылғанын анықтады. Осыған байланысты экологиялық талаптарды орындамады деген айыппен бірнеше миллион доллар көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.
Аян Әбдуәли.
Дерек: interfax.ru.
Сурет: ftimes.ru.
• 27 Қаңтар, 2016
Toyota автоконцерні 2015 жылы 10 миллионнан астам көлік сатқан

Астанада Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды
Елорда • Бүгін, 02:45
Қоғам • Кеше
«Атырау» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Кеше
Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Мобилді операторды ауыстыру тәртібі өзгеретін болды
Қоғам • Кеше
25 ақпанға дейін салықтарды төлеп үлгеріңіз
Салық • Кеше
«Реал» бас бапкерге байланысты шешім қабылдады
Футбол • Кеше