28 Қаңтар, 2016

Басты талап – мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі

366 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Кеше елордада еліміз Тәуел­сіздігінің 25 жылдығына арналған «Нұрсұлтан Назарбаевтың мемле­кеттік саясатының тиімді моделі» атты  болып өтті. Аталған шара­ның Мемлекеттік қызмет іс­тері министрлігі мен Президент жа­нындағы Мемлекеттік басқару академиясы бірлесе ұйымдастырды. Іс-шара барысында Мемлекеттік қызмет істері министрі Талғат Донақов Елбасының басшылы­ғы­мен қазіргі заман талабына жа­уап бе­ре­тіндей тиімді мемлекет, со­ның ішінде қоғамға және оның әр­бір мү­шесіне қызмет етуге бағытталған кәсіби мемлекеттік аппарат құрылғандығын ерекше атады. «Форумның Мемлекеттік басқару академиясының залында өтуінің нышандық мәні бар. Өз кезінде мұнда еліміздің дамуы мен нығаюына қатысты маңызды заң жобалары қабылданды», деді министр. Т.Донақов, сондай-ақ, форум жұмысына Парламент Сенатының депутаттары, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызмет саласының басшылары, мемлекеттік қызмет­шілер мен сарапшылар қатысып отыр­ғандығын да қаперге сала кетті. Оты­рысқа модераторлық еткен ака­демия ректоры Болатбек Әбдірәсілов еліміздің тәуелсіз де табысты болып аяғынан нық тұруы Мемлекет басшысының есімімен тікелей байланысты екендігін ерекше атады. «Әртүрлі халықаралық деңгей­дегі пікірталас алаңдарында ел Президентінің Қазақстанның жо­ғары әлемдік стандарттарға же­туіне бағытталған Бес институттық рефор­масы шеңберіндегі саяси бастамалары талқыланады және жоғары бағасын да алып жүр. Сон­дықтан да аталған форум мем­­ле­кеттік саясаттың тиімді моде­­лін құрған Елбасының фено­мені мен тарихи рөліне арналып отыр», деді академия ректоры. Қазақ­стан Тәуелсіздігі «Қазақ­стан Рес­публикасының мем­ле­кет­­тік тәуел­сіздігі туралы» Конс­титу­циялық заңда бекі­тіл­гендігін тіл­ге тиек еткен Б.Әбді­рә­сілов келесі сөз­ді аталған заң жоба­сын әзір­­леу­шілердің бірі, қазір Мем­лекеттік басқару академиясының профессоры Зинаида Федотоваға берді. «Әлемнің көптеген елдерінің мемлекеттік қайраткерлері мен сарапшылары және ғалымдары әлі де жас саналатын Қазақстан Республикасының шешімді түрде тарихтың қалтарыстарында қалып қоймай, планетаның ең теңгерімді даму жолына түскен елдері қата­рына барып қосылғандығы туралы ойларын жеткізуде», деп атап кетті З.Федотова. Оның айтуынша, Қазақстанның мемлекеттік даму тәжірибесі көптеген жас мем­лекеттердің демократиялық өр­кен жаюына өзінің тиімді екенін көрсете алады. Ал Мемлекеттік қызмет сала­сындағы Өңірлік хаб басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов әлем дамудың жаңа кезеңіне кіргендігін ерекше атады. «Мемлекеттер мен экономикалар арасындағы бәсекелестіктің жаңа деңгейге көтерілуі байқалуда. Сол себептен де елдердің бәсекелестікке қабілеттілігін анықтауда, өркен­деуінде, дамуында ерекше орын алатын мемлекеттік қызмет те жаңа дең­гейге көтерілуі тиіс», деді Ә.Мұхамедияұлы. Бұл ретте, басқарушы комитет төрағасының пайымынша, бұл фактордың пәрменділігін мемле­кеттік қызметшілердің еңбек са­пасы анықтайды. «Бүгінгі күні Мем­ле­кет басшысы Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарына сәйкес, Қазақстанда озық заңдар қалыптасты», деп сөзін сабақтаған Ә.Байменов, ендеше, оларды жүзеге асыруға қарымды мемлекеттік аппа­рат қажеттігі ойымен де бө­ліс­ті. Басқа қатысушылар да елі­міз­дің әрі қарайғы дамуы үшін «Қазақстан-2050» Стратегиясы қабыл­данып, алдымызға мемлекет пен халыққа қызмет істеуі тиіс кәсі­би мемлекеттік аппарат құру мін­деті қойылып отырғандығына ерекше назар аударды. Сондықтан да мемлекеттік қызметшілерден заңдардың үстемдік құруы, құқық­тық мәдениеттің сақталуы мен таза бәсекелестік талап етілуде. Іс-шара соңынан форумға қа­тысушыларға жас мемлекеттік қыз­метшілер өздерінің Елбасының саясатын қолдайтындықтарын, сонымен қатар, Бес институттық реформа шеңберінде «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын сапалы да сәтімен іске асыру үшін күш-жігерлерін жұмсауға дайын екендіктерін білдірді. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024