2015 жылғы 30 қараша, Астана қаласы
Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, оларды ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексі 100-бабының 2–тармағы 13), 14) тармақшаларына сәйкес бұйырамын:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес оларды ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың тізбесін бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшарында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындайтын қатынастарға таралады.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Қаржы
министрі __________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы «___» ______________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика
министрі ___________ Е. Досаев
2015 жылғы «___» ______________
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы №1128 бұйрығына 1-қосымша
Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 100-бабының 2–тармағы 13), 14) тармақшаларына сәйкес әзірленген және отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібін айқындайды.
2. Оларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлар тізбесінде (бұдан әрі – тізбе) көзделген отандық өңделген тауарларды өндіретін индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне (не олардың өндірілген өнімді өткізетін еншілес компанияларына) (бұдан әрі – индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері) ұсынылады.
3. Отандық өңделгенды тауарларды ілгерілету кезінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне келген шығындардың бір бөлігі ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат шегінде өтеледі.
4. Шығындардың бір бөлігін өтеу индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) оң ұсынымы негізінде шығарылған индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) шешімі негізінде жүргізіледі, оның құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.
2. Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібі
5. Индустриялық-инновациялық қызметі субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу шығындардың мынадай түрлері бойынша жүргізіледі:
1) шетелде отандық өнімнің жарнамасымен байланысты шығындар:
шығындардың өтелетін баптары – шығындар:
бұқаралық ақпарат құралдары (баспасөз, телевизия, радио), мамандандырылған және жарнамалық журналдар мен каталогтар арқылы шетелдегі жарнамаға;
шетелдегі қоғамдық орындардағы жарнамаға (баннерлер, тартпаллар, лайт-бокстар, аудио-бейнероликтер, көлік құралдарының сыртқы беттеріндегі жарнама) қоғамдық көлік салондарындағы жарнамаға;
осы мақсаттарға арналған аудио-бейнероликтерді және жарнама материалдарын дайындауға, жарнамалық құрастырылымдарды және сыртқы беттерді жалға алуға;
2) шетелдік көрмелерге, жәрменкелерге, фестивальдарға тікелей қатысуға жұмсалатын шығындар:
шығындардың өтелетін баптары – шығындар:
тіркеу жарнасын төлеуге;
көрме алаңдарын жалға алуға ;
көрме стендтерін, қосалқы жабдықтарды дайындауға жалғаалуға құрастыруға/бөлшектеуге;
көрме алаңдарын әзірлеуге, дизайнына және ресімдеуге;
жарнамалық – үлестірме материалдар әзірлеу, жобалау дизайны, аудару және дайындауға;
көрмеге қатысатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің екі қызметкерінің экономикалық класта ұшуына;
бес тәуліктен аспайтын мерзімге, осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген шетелдік көрмелерге қатысатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері қызметкерлеріне қонақ үй нөмірлерін жалдау бойынша шығыстарды өтеудің шекті cомалары АҚШ долларымен және евромен (тәулігіне) аспайтын көлемде көрмеге қатысатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің екі қызметкерінің тұруына;
3) каталог әзірлеу және басып шығару:
шығындардың өтелетін баптары - шетелде тарату үшін әзірлеу, мамандандырылған каталог басып шығарумен және шет тілдеріне аударумен байланысты шығындар;
4) шетелде өкілдікті, сауда нүктесін, қойманы ұстау:
шығындардың өтелетін баптары:
кеңсе үй-жайларын жалға алуына/қосалқы жалға алуына жасалатын төлем шығындар;
сауда үй-жайларын, қойманы жалға алу төлемінің шығындары;
5) шетелде тауар белгілерін өнімдерді тіркеумен байланысты рәсімдер өткізуге жұмсалатын шығындар:
шығындардың өтелетін баптары:
шетелде өнімді тіркеумен байланысты шығындар;
шетелде тауар белгісін (брендін) тіркеумен байланысты шығындар;
6) шетелде өнімдерді сертификаттауға байланысты рәсімдер өткізуге жұмсалатын шығындар:
шығындардың өтелетін баптары:
шетелде өнімдерді сертификаттаумен байланысты шығындар.
6. Шығындардың бір бөлігін өтеу шеңберінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне Қазақстан Республикасындағы салықтар есебінсіз (қосылған құн салығы және акциздер), өтеуге талап етілеген соманың 50 %-ы көлемінде негізделген және құжаттамалық расталған шығындар өтеледі.
7. Шығындардың бір бөлігін өтеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі. Бұл ретте шетел валюталарында шеккен шығындарды қайта есептеу өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру шыққан күні қолданыста болған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта бағамдары бойынша жүзеге асырылады.
8. Жұмыс тобының қарастыруы үшін индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің:
1) Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (ЕАЭО СЭҚ БТН) 6 және одан да көп белгілері деңгейіндегі тауар позицияларына сәйкес келетін өндіруі немесе өткізуді жүзеге асыратын;
2) өзінің өнімін ілгерілету бойынша шығындар туралы мәліметтер жазылған:
осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген шығындардың түрлеріне жатқызылатын;
өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру шыққан күнге дейін екі жыл бұрын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне келтірілген өтініштері жіберіледі.
9. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуді алуға арналған өтінім осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мыналар қоса берілетін нысан бойынша жасалады:
1) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің мөрімен расталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектісін мемлекеттiк тiркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмесі;
2) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің мөрімен расталған ақысын төлеуге жұмсаған шығындар өтеуге арналған өтінімге енгізілген жұмыстарды/қызметтерді орындауға арналған шарттардың көшірмелері;
3) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің мөрімен расталған шот-фактуралардың, орындалған жұмыстар/қызметтер актілерінің, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің осы жұмыстарға/қызметтерге ақы төлеу фактісін растайтын төлем тапсырмаларының көшірмелері;
4) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің мөрімен куәландырылған тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың көшірмелері.
10. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері осы Қағидалардың 9-тармағындағы көрсетілген құжаттардан басқа бағыты бойынша келесі құжаттарды қосымша ұсынады:
1) отандық өнімді шетелде жарнамалау шығындары бойынша – жарнамасы бар отандық өнімнің каталогтары, газеттері, журналдары мен сол сияқтыларының түпнұсқаларының (оның ішінде қазақстандық өнімдер мен өндірушілер туралы жарнамалық мақалалар), телевизиялық жарнаманың бейненұсқаларының (компакт-дискілер және сол сияқтылар) және бейнероликтерінің, аудионұсқалардың (компакт-дискілер және сол сияқтылар) таратылуы, қоғамдық орындарда өткізілген, көлік құралдарының сыртқы бетіндегі, қоғамдық көліктердің салондарындағы жарнамалар туралы фотоесептерінің (Шартқа сәйкес орны мен жарнамалық ауданымен толық қамтуымен алынған индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің мөрімен расталған көшірмелері);
2) шетелдегі көрмелер, жәрмеңкелер, фестивальдерге қатысуға арналған шығындар бойынша – шетелдегі көрмелер, жәрмеңкелер, фестивальдерге қатысқандығы туралы фотоесептері (түсірілімнің орны мен күні көрсетілген индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің мөрімен расталған көшірмелері), үлестірме материалдардың түпнұсқа даналары, индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің бірінші басшысының қолы қойылған көрмелер, жәрмеңкелер, фестивальдерді, сондай-ақ осы көрмелерге қатысатын компания - индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі қызметкерлерінің ұшып келуін және тұруын растайтын материалдардың көшірмелерін көрсете отырып, жарнамалық-үлестірмелік материалдарды шетелде тарату жөніндегі анықтаманың түпнұсқасы;
3) каталогты дайындау және басып шығару шығындары бойынша – каталогтың түпнұсқасы, индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің бірінші басшысының қолы қойылған шетелде тарату жөніндегі анықтаманың түпнұсқасы;
4) шетелдегі өкілдік, сату нүктесін ұстауға арналған шығындар бойынша – өкілдіктің қаржыландырылуын растайтын құжаттарының мөрмен расталған көшірмелері, сонымен қатар, түсірілімнің орны мен күні көрсетілген индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің мөрімен расталған сауда нүктесінің фотосуреттері;
5) шетелде өнім мен тауар белгісін (бренд) тіркеуге арналған шығындары бойынша – индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің мөрімен расталған тіркеу құжаттарының көшірмелері;
6) өнімнің шетелде сертификаттауға арналған шығындар бойынша – индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің мөрімен расталған сертификаттаудан өткенін растайтын құжаттардың көшірмелері (сертификаттар, рұқсаттар және басқалары);
11. Экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институты (бұдан әрі - Ұлттық институт) уәкілетті органның тапсырмасы бойынша ұлттық институт өтінімді қабылдау орны мен оған қоса берілетін құжаттарды, өтінімді қабылдау туралы және оны қабылдайтын ұлттық институттың атауын, өтінім қабылдаудың аяқталу күні, сондай-ақ толық ақпаратты қамтитын интернет-ресурсқа жасалған сілтемені көрсете отырып, хабарландыруды республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады.
Бұл ретте өтінімдерді қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланғаннан кейін кемінде бір айдан соң аяқталуы тиіс.
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі сәйкес келуі тиіс талаптар, өтінім нысаны мен оған қоса берілетін құжаттардың және материалдардың тізбесі уәкілетті органның және ұлттық институттың интернет-ресурстарына орналастырылады.
12. Өтінім (бұдан әрі - өтінім) және қоса берілетін құжаттар, құжаттардың тізімдемесін қоса бере отырып қағаз тасығыштарда ұсынылады.
13. Өтінімді Ұлттық институт немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекiтiлген, «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасымен көзделген (бұдан әрі – Жол картасы), Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - КҚКО) қабылдайды .
14. КҚКО арқылы өтінімді қарау тәртібі Жол картасымен реттеледі.
15. Ұлттық институт өтінім түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтінімнің толықтығы тексереді, егерде ескертулер жоқ болса, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындырының бір бөлігін өтеуді алуға арналған өтінімнің түйіндемесін дайындайды және өтінім мен өтінімнің түйіндемесін жұмыс тобына тексеруге жібереді.
16. Осы Қағидалардың 9,10 тармақтарындағы құжаттарды ұсынбаған жағдайда, ұлттық институт өтінімді қабылдаған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне тиісті хабарлама жібереді. Ескертулер өтінімді қабылдау мерзімінің аяқталуына дейін жойылмаған жағдайда, ұлттық институт индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне өтінімді қабылдамау жөнінде хабарлама жібереді.
17. Ұсынылған және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеру үшін уәкілетті органның шешімімен уәкілетті органның және ұлттық институттың өкілдері қатарынан жұмыс тобы құрылады.
18. Өтінім мен өтінімнің түйіндемесі негізінде жұмыс тобы он жұмыс күні ішінде өтінімге қоса берілген құжаттарды тексеруді жүргізеді және қорытынды шығарады.
Қорытынды индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің атауын, түрлерін және келтірілген шығындардың сомаларын, өтелуге болжанатын соманы қамтуы тиіс.
19. Комиссия өтінімнің түйіндемесін және жұмыс тобының қорытындысын қарайды. Комиссияның отырыстары өтінімдерді қабылдаған күннен бастап тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.
Комиссия индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу туралы ұсынымды өтінімнің түйіндемесі және жұмыс тобының қорытындысы негізінде шығарады және ұсынымдарды шығарғаннан кейін жеті жұмыс күнінің ішінде шешім қабылдау үшін оларды уәкілетті органға жібереді.
20. Уәкілетті орган Комиссияның оң ұсынымын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу туралы шешім қабылдайды.
21. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өтінімдерінен жұмыс тобы немесе Комиссия бас тартқан жағдайда ұлттық институт бас тарту себептерін көрсете отырып, оған тиісті хабарлама жібереді.
Осы Қағидалар талаптарына сәйкес келмейтін, сонымен қатар индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі сенімсіз құжаттарды тапсырған жағдайда өтінім қабылданбауы мүмкін.
22. Шешім кабылданған күнінен бастап он жұмыс күнінің ішінде уәкілетті орган индустриялық-инновациялық қызмет субъектісімен осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындырының бір бөлігін өтеу туралы үлгілік келісімге сай жасалатын қаражат аудару туралы келісім жасасады, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шотына өтелетін соманы аудару соған сәйкес жүргізіледі.
23. Өтінімді қарастыру қорытындылары бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің шығынын өтеудің болжанған сомасы ағымдағы жылдың республикалық бюджетіндегі осы мақсаттарға қарастырылған сомадан асып кететін жағдайда, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің алғашқы болып түскен өтінімдерінің басымдылығы болады.
Қабылдау күндері аяқталғаннан кейін келіп түскен өтінімдер индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне тиісті хабарлама жіберіле отырылып кері қайтарылады.
Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына 1-қосымша
Шетелдік көрмелерге қатысатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері қызметкерлеріне қонақ үй нөмірлерін жалдау бойынша шығыстарды өтеудің шекті cомалары АҚШ долларымен және евромен (тәулігіне)
Р/с
№ Мемлекет АҚШ
доллары евро
1 2 3 4
1. Австралия 250
2. Австрия Республикасы 230
3. Албания 120
4. Алжир Халықтық Демократиялық Республикасы 100
5. Америка Құрама Штаттары 260
Нью-Йорк қаласы 575
6. Ангола Республикасы 120
7. Андорра Князьдігі 100
8. Антигуа және Барбуда 120
9. Аргентина Республикасы 120
10. Армения Республикасы 130
11. Ауғанстан Ислам Республикасы 100
12. Әзірбайжан Республикасы 150
13. Багам аралдары 100
14. Бангладеш Халық Республикасы 100
15. Барбадос Республикасы 100
16. Бахрейн Мемлекеті 100
17. Беларусь Республикасы 100
18. Белиз 100
19. Бельгия Корольдігі 165
20. Бенин Республикасы 100
21. Бермуд аралдары 100
22. Біріккен Араб Әмірліктері 160
23. Біріккен Танзания Республикасы 100
24. Болгария Республикасы 130
25. Боливия Республикасы 100
26. Босния және Герцеговина 125
27. Ботсвана Республикасы 100
28. Бразилия Федеративтік Республикасы 150
29. Бруней 120
30. Буркина Фасо Республикасы 100
31. Бурунди Республикасы 100
32. Вануату 100
33. Венгрия Республикасы 125
34. Венесуэла Республикасы 110
35. Вьетнам Республикасы 100
36. Габон Республикасы 100
37. Гаити Республикасы 100
38. Гайана Кооперативтік Республикасы 100
39. Гамбия Республикасы 100
40. Гана Республикасы 100
41. Гватемала Республикасы 100
42. Гвинея Республикасы 100
43. Гвинея-Бисау Республикасы 100
44. Германия Федеративтік Республикасы 165
45. Гибралтар Республикасы 100
46. Гондурас Республикасы 100
47. Грек Республикасы 185
48. Гренада Республикасы 100
49. Грузия Республикасы 100
50. Дания Корольдігі 150
51. Джибути Республикасы 100
52. Доминикан Республикасы 100
53. Египет Араб Республикасы 120
54. Жаңа Зеландия 150
55. Жапония 220
56. Заир Республикасы 100
57. Замбия Республикасы 120
58. Зимбабве Республикасы 100
59. Израиль Мемлекеті 160
60. Индонезия Республикасы 217
61. Иордан Хашимит Корольдігі 120
62. Ирак Республикасы 110
63. Иран Ислам Республикасы 130
64. Ирландия Республикасы 165
65. Исландия Республикасы 115
66. Испания Корольдігі 205
67. Италия Республикасы 205
68. Йемен Араб Республикасы 100
69. Кабо-Верди Республикасы 100
70. Кайман аралдары 100
71. Камбоджи 100
72. Камерун Республикасы 100
73. Кампучия 180
74. Канада 150
75. Катар Мемлекеті 130
76. Кения Республикасы 120
77. Кипр Республикасы 150
78. Колумбия Республикасы 160
79. Комор Аралдары Федералды Ислам Республикасы 100
80. Конго Халықтық Республикасы 100
81. Корей Халықтық Демократиялық Республикасы 150
82. Корея Республикасы, Сеул қаласы 210
83. Коста-Рика Республикасы 100
84. Код-д’Ивуар Республикасы 100
85. Куба Республикасы 150
86. Кувейт Мемлекеті 150
87. Қырғыз Республикасы 100
88. Қытай Халық Республикасы 150
Гонконг қаласы 150
89. Лаос Халықтық Демократиялық Республикасы 100
90. Латвия Республикасы 85
91. Лесото Корольдігі 100
92. Либерия Республикасы 100
93. Ливан Республикасы 100
94. Ливия 100
95. Литва Республикасы 100
96. Лихтенштейн Князьдігі 110
97. Люксембург Ұлы Герцогтігі 110
98. Маврикий Республикасы 100
99. Мавритания Ислам Республикасы 100
100. Мадагаскар Демократиялық Республикасы 100
101. Макао 100
102. Македония Республикасы 115
103. Малави 120
104. Малайзия Федерациясы 170
105. Мали Республикасы 100
106. Мальта Республикасы 120
107. Мальдив Республикасы 100
108. Марокко Корольдігі 180
109. Мексика Құрама Штаттары 125
110. Мозамбик Республикасы 100
111. Молдова Республикасы 100
112. Монако 175
113. Моңғол Республикасы 100
114. Мьянма 100
115. Намибия Республикасы 100
116. Непал Корольдігі 100
117. Нигер Республикасы 120
118. Нигерия Федеративтік Республикасы 100
119. Нидерланды Корольдігі 165
120. Никарагуа Республикасы 100
121. Норвегия Корольдігі 250
122. Оман Сұлтандығы 120
123. Оңтүстік Африка Республикасы 100
124. Өзбекстан Республикасы 100
125. Палау аралы 100
126. Панама Республикасы 100
127. Папуа Жаңа Гвинея 100
128. Парагвай Республикасы 100
129. Пәкістан Ислам Республикасы 155
130. Перу Республикасы 140
131. Польша Республикасы 125
132. Португалия Республикасы 150
133. Пуэрто-Рико 100
134. Ресей Федерациясы 220
135. Руанда Республикасы 100
136. Румыния 130
137. Сальвадор Республикасы 100
138. Самоа 100
139. Сан-Марино Республикасы 180
140. Сан-Томе және Принсипи Демократиялық Республикасы 100
141. Сауд Арабиясы Корольдігі 130
142. Свазиленд Корольдігі 100
143. Сейшель аралдары 100
144. Сенегал Республикасы 100
145. Сент-Люсия 100
146. Сербия және Черногория 125
147. Сингапур Республикасы 200
148. Сирия Араб Республикасы 110
149. Словак Республикасы 125
150. Словения Республикасы 125
151. Соломон аралдары 100
152. Сомали Демократиялық Республикасы 100
153. Судан Демократиялық Республикасы 100
154. Суринам Республикасы 100
155. Сьерра Лион Республикасы 100
156. Таиланд Корольдігі 130
157. Тайвань 100
158. Тәжікстан Республикасы 100
159. Тоголез Республикасы 100
160. Тонго Корольдігі 100
161. Тринидад және Тобаго Республикасы 100
162. Тунис Республикасы 100
163. Түрік Республикасы 180
164. Түрікменстан 120
165. Уганда Республикасы 100
166. Уругвай Шығыс Республикасы 100
167. Украина Республикасы 120
168. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі 215
169. Үндістан Республикасы 150
170. Фиджи Егеменді Демократиялық Республикасы 100
171. Филиппин Республикасы 150
172. Финляндия Республикасы 200
173. Француз Республикасы 230
174. Хорватия Республикасы 125
175. Чад Республикасы 100
176. Чех Республикасы 125
177. Чили Республикасы 110
178. Швейцария Конфедерациясы 220
179. Швеция Корольдігі 200
180. Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы 100
181. Шығанақтағы аумақтар 100
182. Шығыс Самоа 100
183. Эквадор Республикасы 110
184. Экваториалды Гвинея 100
185. Эстон Республикасы 125
186. Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасы 120
187. Ямайка 120
Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуді
алуға арналған өтінім
Кімге:_____________________________________________________________________________________
(экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы Ұлттық даму институтының атауы)
Кімнен: ____________________________________________________________________________________
(Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің ұйымдық-құқықтық нысанын көрсетілген толық атауы)
Мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күні ______________________________________________________
(анықтама/ куәлік №, кім және қашан берілген)
Өндірістік персоналдың саны _________________________________ адам
Қызмет түрі ___________________________________________________
Тел/факс: ______________________________________________________
1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне келтірілген шығындар: *
1) шетелдегі отандық өнімнің жарнамасымен өтеу байланысты шығындар:
Шығындар атауы Шығындар жүргізілген келісімшарттың № Жабдықтаушыдан қызметтерді/жұмыстарды қабылдау күні Шығындар сомасы
төлем
валютасында Теңгемен
(ҚР ҚҚС-сыз)
1 2 3 4 5
1.
2.
Барлығы:
2) шетелдік көрмелерге қатысу:
Шығындар атауы Шығындар жүргізілген келісімшарттың № Жабдықтаушыдан қызметтерді/ жұмыстарды қабылдау күні Шығындар сомасы
төлем валютасында теңгемен
(ҚР ҚҚС-сыз)
1 2 3 4 5
1.
2.
Барлығы:
3) Каталог әзірлеу және басып шығару:
Шығындар атауы Шығындар жүргізілген келісімшарттың № Жабдықтаушыдан қызметтерді/
жұмыстарды қабылдау күні Шығындар сомасы
төлем валютасында теңгемен
(ҚР ҚҚС-сыз)
1 2 3 4 5
1.
2.
Барлығы:
4) шетелде өкілдік, сауда нүктесін, ұстау:
Шығындар атауы Шығындар жүргізілген келісімшарттың № Жабдықтаушыдан қызметтерді/жұмыстарды қабылдау күні Шығындар сомасы
төлем валютасында теңгемен
(ҚР ҚҚС-сыз)
1 2 3 4 5
1.
2.
Барлығы:
5) шетелде тауар белгілерін және өнімдерді тіркеумен байланысты рәсімдерді өткізуге арналған шығындар:
Шығындар
атауы Шығындар жүргізілген келісімшарттың № Жабдықтаушыдан қызметтерді/жұмыстарды қабылдау күні Шығындар сомасы
төлем валютасында теңгемен
(ҚР ҚҚС-сыз)
1 2 3 4 5
1.
2.
Барлығы:
6) өнімдерді сертификаттаумен байланысты рәсімдерді өткізуге арналған шығындар:
Шығындар атауы Шығындар жүргізілген келісімшарттың № Жабдықтаушыдан қызметтерді/ Жұмыстарды қабылдау күні Шығындар сомасы
төлем валютасында теңгемен
(ҚР ҚҚС-сыз)
1 2 3 4 5
1.
2.
Барлығы:
Шығындардың бір бөлігін өтеуге мәлімделетін жалпы сомасы:
_____________________________________________________________ теңге
(цифрмен және жазумен жазылған сомасы)
2. Өткізілетін өнім туралы мәліметтер:
ЕАЭО СЭҚ ТН-ның 10 белгісі деңгейінде тауар позициясы көрсетілген өнім атауы:
_____________________________________________________________________
3. Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларының 10тармағының талаптарына сәйкес құжаттар тізбесі:
1.______________________________________________________________
2.______________________________________________________________
3.______________________________________________________________
4.______________________________________________________________
5.______________________________________________________________
Уәкілетті тұлға: ___________________
Қолы __________________________
Өтінімді берген күні ___________________________
* Ескерту: Кестелерді толтыру кезінде шот-фактураға және орындалған жұмыстар актісіне сәйкес жұмсалған шығындардың әрбір сомасын бөлек көрсету керек.
Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына 3-қосымша
Нысан
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері
шығындарының бір бөлігін өтеуді алуға арналған өтінімнің түйіндемесі
1. Шығындардың бір бөлігін өтеуге өтінім берген ұйым туралы ақпарат:
Ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген ұйымның атауы
______________________________________________________________
Мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күні
____________________________________________________________
(анықтама/куәлік №, кім және қашан берген)
Өндірістік персоналдың саны _______________________________ адам
Қызмет түрі _________________________________________________
2. Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларының 10-тармағының талаптарына сәйкес құжаттар тізбесі
1.______________________________________________________________
2.______________________________________________________________
3. ____________________________________________________________
3. Өтеуге мәлімделген шығындар: *
1) отандық өнімді шетелде жарнамалаумен байланысты шығындар:
Шығындар атауы Шығындар жүргізілген келісімшарттың № Жабдықтаушыдан қызметтерді/ жұмыстарды қабылдау күні Шығындар сомасы
төлем валютасында теңгемен (ҚР ҚҚС-сыз)
1 2 3 4 5
1.
2.
...
Барлығы:
2) шетелдік көрмелерге қатысу:
Шығындар атауы Шығындар жүргізілген келісімшарттың № Жабдықтаушыдан қызметтерді/ жұмыстарды қабылдау күні Шығындар сомасы
төлем валютасында теңгемен (ҚР ҚҚС-сыз)
1 2 3 4 5
1.
2.
...
Барлығы:
3) каталог әзірлеу және басып шығару:
Шығындар атауы Шығындар жүргізілген келісімшарттың № Жабдықтаушыдан қызметтерді/ жұмыстарды қабылдау күні Шығындар сомасы
төлем валютасында теңгемен (ҚР ҚҚС-сыз)
1 2 3 4 5
1.
2.
...
Барлығы:
4) шетелде өкілдік, сауда нүктесін ұстау:
Шығындар атауы Шығындар жүргізілген келісімшарттың № Жабдықтаушыдан қызметтерді/ жұмыстарды қабылдау күні Шығындар сомасы
төлем валютасында теңгемен (ҚР ҚҚС-сыз)
1 2 3 4 5
1.
2.
...
Барлығы:
5) шетелде тауар белгілерін және өнімдерді тіркеумен байланысты рәсімдерді өткізуге арналған шығындар:
Шығындар атауы Шығындар жүргізілген келісімшарттың № Жабдықтаушыдан қызметтерді/ жұмыстарды қабылдау күні Шығындар сомасы
төлем валютасында теңгемен (ҚР ҚҚС-сыз)
1 2 3 4 5
1.
2.
...
Барлығы:
6) өнімдерді сертификаттаумен байланысты рәсімдерді өткізуге арналған шығындар:
Шығындар атауы Шығындар жүргізілген келісімшарттың № Жабдықтаушыдан қызметтерді/ жұмыстарды қабылдау күні Шығындар сомасы
төлем валютасында теңгемен (ҚР ҚҚС-сыз)
1 2 3 4 5
1.
2.
...
Барлығы:
Шығындардың бір бөлігін өтеуге мәлімделетін жалпы сома:
______________________________________________________________ теңге
(цифрмен және жазумен жазылған сомасы)
4. Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларының 6-тармағының талаптарына сәйкес өтелуге жататын (жатпайтын) сома.
Өтелуге жататын сома ______________ теңгені құрайды
Өтелуге жатпайтын сома _____________ теңгені құрайды
5. шығарылатын өнімнің немесе қызметтің СЭҚ ТН коды бойынша
шығындардың өтелетін бір бөлігінің сомасы:______________ теңгені құрайды.
6. Шығындардың бір бөлігін өтеуге болжанатын жалпы сома:
_____________________________________________________________ теңге
(цифрмен және жазумен жазылған сомасы)
Күні ____________________________
*Ескерту: шығындарды теңгемен қайта есептеу және жиынтық соманы есептеу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Өтінімдер қабылдау туралы хабарландыру шыққан күні қолданыста болған валюталар бағамы қабылданады.
Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына 4-қосымша
Нысан
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу туралы
үлгілік келісім
Астана қ. ___ жылғы _____ ______________
(жыл, күні, айы)
________________________________________________________________________________________
(Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу бөлігіндегі
органның атауы, мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер)
бұдан әрі «Уәкілетті орган» деп аталатын, ________________________________
______________________________________________________________атынан
(басшысының немесе оның міндетін атқаратын тұлғаның Т.А.А.)
_______________________________________________негізінде әрекет ететін
(Жарғы немесе Бұйрық)
___________________________________________________бір тараптан және
(Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының аты, шығындарының бір бөлігін өтеуді
алушының атауы, мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер)
бұдан әрі «Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі» деп аталатын
____________________________________________________________________
(басшысының немесе оның міндетін атқаратын тұлғаның Т.А.А.)
_________________________________________________негізінде әрекет ететін
(Жарғы немесе сенімхат)
бұдан әрі Тараптар деп аталатындар, Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес Уәкілетті органның _____ жылғы ____ _________ № ____ шешімінің (бұдан әрі – Уәкілетті органның шешімі) негізінде төмендегілер туралы осы Келісімді жасасты.
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы келісімде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) Келісім – осы Келісімге, оған сәйкес Уәкілетті орган индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің отандық өңделген тауарларды ілгерілету кезінде олар шеккен шығындардың бір бөлігін индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің есеп шотына қаражаттарды аудару жолымен өтейді;
2) шығындардың бір бөлігін өтеу – отандық өңделген тауарларды ілгерілету кезінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шеккен шығындарының бір бөлігін өтеу Қағидаларға сәйкес көрсетілетін рәсім.
2. Келісімнің мәні
2. Осы Келісімнің мәні Уәкілетті органның индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне шығындардың бір бөлігін __ теңге сомасындағы өтеуі болып табылады.
3. Шығындардың бір бөлігін өтеу Уәкілетті органның (___ жылғы _______ № __) шешімі негізінде жүзеге асырылады.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4. Уәкілетті орган өзінің шешімі негізінде отандық өңделген тауарларды, қызметтерді ілгерілету индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу үшін олардың шоттарына ақшалай қаражатты аударуды жүзеге асыруға міндетті.
5. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің:
уәкілетті органның шешіміне сәйкес отандық өңделген тауарларды ілгерілетумен байланысты шығындардың бір бөлігін өтеуге;
бас тарту және өтеу сомасын алған жағдайда, оны қайтару себебін көрсете отырып, өзінің шешімі туралы жазбаша хабарлау жолымен шығындардың бір бөлігін толық немесе ішінара өтеуге арналған қаражаттарды аударудан бас тартуға құқылы.
6. Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде осы Келісімге қол қойғаннан кейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін осы Келісімде көрсетілген банктік деректемелері бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне ақшалай қаражат аудару жолымен өтеуге міндеттенеді.