АСТАНА. 28 қаңтар. Перу президенттігіне үміткер ғылыми зерттеу жұмысын біреудің шығармасынан ұрлап жазғаны үшін сайлауға қатыстырылмауы мүмкін. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Президенттікке үміткер Сесар Акунья докторлық диссертациясын өзгеден көшіріп алғаны үшін сайлауалды жарысқа қатыспай қалуы әбден мүмкін. Ұлттық сайлау сотының төрағасы Франсиско Тавараның хабарлауынша, қазіргі таңда саясаткердің ғылыми жұмысын Комплутенсе Мадрид университетінің оқытушылары зерттеуде. Сесар Акунья ғылыми дәрежесін дәл осы оқу ордасында 2009 жылы алған болатын.
«Арнайы сайлау, Ұлттық сайлау соты да этикалық мәселелерді қарастырып отырған жоқ. Біз тек осы не басқа да іс-әрекеттердің заң талаптарына сәйкестігін тексеріп жатырмыз. Ғылыми жұмыстың түпнұсқалығы туралы шешімді университет шығаруы керек», – деп атап өтті Франсиско Тавара. Сот төрағасы сондай-ақ, заң бойынша үміткердің өзі туралы көрінеу теріс мәлімет беруі оны сайлауға қатыстырмауға әкеп соғатынын да айтып өтті.
Ал, Сесар Акунья бұл дау-дамайдың артында саяси себеп тұрғанына сендіріп отыр. «Ғылыми жұмысыма қатысты айыптан үзілді-кесілді бас тартамын. Бұл жағдайды менің президенттікке үміткерлігімнен құтылу үшін пайдаланғылары келеді. Маған қатысты қайталанып жатқан қарсылықтар саяси қарсыластарымның мені жақтаған халық қолдауының қарқын алуынан қорқа бастағанын көрсетеді», – деп мәлімдеді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Перуде президенттік сайлау 2016 жылдың 10 сәуірінде өтеді. Қоғамдық пікірге жүргізілген сауалнама мемлекет басшылығы лауазымына үміткерлер арасында «Халық күші» партиясының басшысы Кейко Фухимори көш бастап тұрғанын көрсетіп отыр. Кейко – осы елдің бұрынғы президенті Альберто Фухиморидің қызы. Экс-президенттің өзі қазіргі таңда бірнеше айыбы бойынша түрмеде жазасын өтіп жатыр. Кейко Фухимориге сауалнамаға жауап бергендердің үштен бірі дауыс беруге дайын. Ал Сесар Акунья бұл рейтингтегі екінші орынды экономист Педро Кучинскимен бөліскен. Екі үміткерді де перуліктердің 13 пайызы қолдауға дайын. Егер бірінші айналымда үміткерлердің бірде-бірі 50 пайыз дауыс жинай алмаса, Перуде дауыс берудің екінші кезеңі өтеді.
Еламан Қоңыр.
Дерек: ТАСС.
Сурет: ukrinform.ru.
• 28 Қаңтар, 2016
Перу президенттігінен үміткер ғылыми жұмысты ұрлады деп айыпталуда

Референдум: Дауыс беру учаскесін қайдан білуге болады?
Референдум • Бүгін, 13:42
Президент Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:30
Өңірлерде су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді
Төтенше жағдай • Бүгін, 13:22
Келешек олимпиадаларға дайындық басталды ма? Астанада жаңа шаңғы базасы пайдалануға берілді
Олимпиада • Бүгін, 13:10
Маңғыстаулық мамандар өндіріс алаңдарында жоғары технологиялық операцияларды меңгерді
Экономика • Бүгін, 13:02
Ақтөбе облысының бес ауылы арақтан бас тартты
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:53
«Странджа» турнирі: Бүгін 15 боксшымыз жұдырықтасады
Бокс • Бүгін, 12:36
Жамбыл облысының көктемгі егін егу жұмыстарына дайындығы қалай?
Аймақтар • Бүгін, 12:20
Қызылорда күріштің орнына егетін дақылды таңдады
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Атырауда екі ер адам АИТВ инфекциясын қасақана жұқтырды деген күдікке ілінді
Аймақтар • Бүгін, 12:05
Ұлттық архив қызметкерлеріне жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
Ата заң • Бүгін, 11:58
Қостанай облысында 5 млн гектар алқапқа егін егіледі
Аймақтар • Бүгін, 11:52
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының ұжымы жаңа Конституцияны қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:49
Егіс науқанына дайындық: Диқандар үшін дизель бағасы нарықтан 15%-ға төмен белгіленді
Үкімет • Бүгін, 11:47
Қазақстанда радиациялық қауіпсіздік қалай реттеледі?
Сұхбат • Бүгін, 11:40