АСТАНА. 24 қаңтар. Бүгін ВТБ Бірыңғай лигасы шеңберінде «Астана» баскетбол командасы сырт алаңда Эстонияның «Калевімен» сынға түсті. Нәтижесінде елордалықтар 86:80 есебімен жеңіске жетті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Эстония астанасы – Таллин қаласында өткен кездесудің бірінші кезеңі «Астананың» пайдасына 24:21 есебімен аяқталды. Екінші кезеңде де біздің команда басым болды (23:17). Есесіне, үшінші онминуттықта «Калев» ойыншылары ширақтық танытып, 25:18 есебімен жеңіске жетті. Алайда, төртінші бөлікте тағы да астаналықтардың мерейі үстем болды (21:17).
Осылайша, жалпы нәтижеде жеңіске жеткен Рамунас Бутаутастың шәкірттері турнир кестесіндегі жағдайын айтарлықтай жақсартып алды. Бүгінде «Астана» 9-орында тұр. Баскетболшыларымыз келесі кездесуін 1 ақпанда өз алаңында Краснодардың «Локомотив-Кубань» командасымен өткізеді.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: bcastana.kz.
• 24 Қаңтар, 2016
Баскетбол. «Астана» Эстонияда жергілікті «Калевтен» басым түсті

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Кеше