1994 жылдың қысы сұмдық суық болды. Бұрын-соңды болмаған қар түсіп, аяз буып тұрып алды. Далада ықтасын жоқ. Малдың бәрі ауылдан шықпайды. Мал дейміз-ау, ақбөкенге дейін көшеде шауып жүрді ғой. Мектептен келе жатыр едік. Әбден тоңған бір топ бөкен көшенің арғы басынан шауып келеді екен. Ауылдың иттері қуып, маңдайлары қораға соғылып, шарбаққа маталып қалып жатыр. Оған таяғын шошаңдатқан адамдар қосылды. Біз секілді еріккен балалар қиқулап жүр. Суықтан сая іздеп кірген ақбөкендер мына жерден тыныштық таппайтынын білді ме, атызға қарай ағып өтті.
Сол жылы ақбөкен көп қырылды. Ақша жоқ, таршылық заман ғой. Ал ақбөкеннің мүйізі ең өтімді дүние. Күріштіктің ішінде төбе-төбе болып қырылып жатады. Тек мүйіздерін кесіп алған. Екі аяқты пенденің қатыгездігі ғой. Әйтпесе, осылай қырар ма еді, жазықсыз жануарды? Көрші Сәруар сол жылы Сырдан келе жатып, бөкеннің екі лағын тауып алыпты. Үйіне әкеліп, ешкінің сүтімен бақты. Аяқтарын апыл-талып басатын қос лақ бірер айда оңалды. Бірақ даланың малы қораға сыймайды. Көшеге қашып шығады. Оны ит қуады. Ақыры екеуі де аяқтарын қайта-қайта сындырып, әжетке жарамай қалды.
Жалпы, ел арасында ақбөкен, қасқыр-қоян секілді түз тағыларын асырап отырған адамдар әр кезде болған. Бірақ осы уақытқа дейін арқар асырап отыр деген адамдарды естімеппіз. Жаңақорғанда Қалау Әшімов деген таудың құзын мекендейтін, аңшылардың өзі сирек атып алатын арқардың қозыкесін бағып отыр екен.
«Арқарды тауда жылқы қарап жүріп тауып алдым», дейді Қалау. Анасын қасқыр тартып кетті ме екен, әлде аңшылар атты ма екен, белгісіз. Ен далада жалғыз қалған арқардың лағы алдынан шыққан. Содан үйіне әкеліп, сиырдың сүтімен баққан. Бүгінде қозыкеңіз әжептәуір өскен. Бір жасар. Қалау Әшімовтің қыр соңынан қалмайды. «Әкесі де, шешесі де мен ғой», деп күледі жігіт ағасы. Атын – Арко деп қойған. Ең қызығы, арқар иесін балаларынан да қызғанады екен. Қалау Әшімовке бауыр басып қалғаны соншалық, балаларын еміреніп сүйіп жатса, арқар шауып келіп орталарына түсетін көрінеді.
Жақында отағасы балалардың көже-қатығына деп бір ешкі сатып әкеледі. Сөйтсе, арқарекең ешкіден ажырамай қалады. Екеуі қораның ішінде ойнақтап, шауып жүр. Қалау мырза енді ешкіні союға қимай, арқарына қосақтап қойып отыр. «Дүкенге, ағайындардың үйіне барсақ, қасымыздан қалмайды. Машинаға да мініп алады. Өзі ерке», дейді Әшімов мырза.
Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
Қызылорда облысы.

Мемлекет басшысы «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды
Президент • Бүгін, 14:05
Биыл әскери жиындарға қанша азамат шақырылады?
Әскер • Бүгін, 13:56
Мемлекет басшысы : Құқықтық нигилизмге жол жоқ
Президент • Бүгін, 13:50
Президент Конституцияны әзірлеуге үлес қосқан ғалымдарға ризашылығын білдірді
Президент • Бүгін, 13:43
Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді
Сайлау • Бүгін, 13:37
Мемлекет басшысы: Еліміз үшін қолданбалы ғылымды дамыту – аса маңызды міндет
Президент • Бүгін, 13:32
Қасым-Жомарт Тоқаев: Ғылым экономика мен қоғамның сұранысына сай болуға тиіс
Ғылым • Бүгін, 13:22
Президент: Адамзаттың барлық жетістігі – ғалымдардың зияткерлік еңбегінің жемісі
Президент • Бүгін, 13:17
Абай облысында азық-түлік бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлер жазаға тартылды
Кәсіпкер • Бүгін, 13:10
Ағайынды Оралбайлар Азия чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды
Бокс • Бүгін, 13:01
Елорда тұрғыны отбасылық жағдайын сылтауратып, ақша жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 12:55
Мал шаруашылығындағы реформа: Мәселелер мен дамудың басым бағыттары
Шаруашылық • Бүгін, 12:47
«Ұмай» мен «Жасыл ипотека» бағдарламалары іске қосылады: Бастапқы жарна қанша?
Ипотека • Бүгін, 12:32
Конго-Қырым қызбасы: Қауіпті вирустан қалай қорғануға болады?
Медицина • Бүгін, 12:24
Азия чемпионаты: Сабыржан Аққалықов өзбек боксшысынан басым түсті
Бокс • Бүгін, 12:02