ҚОСТАНАЙ. 1 ақпан. Қостанай қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы орталық көшеде орналасқан екі қабатты жатақхана күлге айналды. Абырой болғанда, қызыл өрттің құрбаны болған ешкім жоқ, тұрғындар тез арада қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы ng.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тішісі хабарлады.
Жатақханада жалға тапсырылған 26 бөлме болған. Оның әрқайсысында бір отбасыдан тұрған, кішкентай балалар көп. Куәгерлердің айтуына қарағанда, өрт түстен кейін сағат 15:00-де басталған. Жатақхана көкбазармен іргелес орналасқандықтан оның айналасында адам да, көлік те көп. Өрт сөндіру машинасы қаптаған көліктен жатақханаға өте алмай біраз уақыттан ұтылған.
Ең бастысы, жатақханадағы тұрғындар дүние-мүлкін алмаса да, өздері далаға шығып үлгерген. Олардың киім-кешегі, заттары, құжаттары түгел жанып кетті. Тұрғындар 25 градус аязда желең жейделерімен далада қалды.
Жатақхана тұрғындарының барлығы да газ баллонын немесе электр плиталарын пайдаланған екен. Олар өрт қауіпсіздігіне жатақханада жағдай болмағанын, әйтеуір ертелі-кеш өрт болатынын айтты.
№1 өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкері Самрат Нұркин: «Өртті сөндіру өте күрделі, өйткені, үйдің салыну құрылымының өзі түсініксіз. Жатақханада газ баллоны көп, міне, екі баллон жарылды», – деді.
Тұрғындар жатақхана иесіне айына 25 мың теңгеден төлеп тұрған.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: ng.kz.

Қазақстандық биатлоншылар эстафетада бақ сынады
Олимпиада • Кеше
Астанада LRT жобасының екінші кезеңіне дайындық басталды
Елорда • Кеше
Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
Ауа райы • Кеше
Қонаевта медициналық кампустың құрылысы қашан басталады?
Аймақтар • Кеше
Жаңаталап ауылында жаңа медициналық пункт ашылды
Аймақтар • Кеше
Ғылыми қауымдастық жаңа жобаны талқылады
Ата заң • Кеше
Шала туған 730 грамдық шарана қалай аман қалды?
Медицина • Кеше
Президент төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді
Президент • Кеше
8 ақпандағы доллар бағамы қандай?
Қаржы • Кеше