02 Ақпан, 2016

Жамбыл облысында жасөспірімдер қылмысы азайып келеді

325 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
02.02.2016 TAR.-5jpg ТАРАЗ. 2 ақпан. Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалу профилактикасы жүйесiндегі мемлекеттік органдардың өзара сабақтастығы» тақырыбында брифинг өтті. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Брифингке  Ішкi iстер департаментінің жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция  бөлімінің инспекторы Нұркен Абдуллин, Жамбыл облысы әкімдігінің бiлiм басқармасы басшысының орынбасары Дәмеш Үскумбаева, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасыбасшысының орынбасары Айгүл Айтбаева, Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Сейдахмет Сейтбеков, кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның жауапты хатшысы Бақыт Жақсылықова қатысты. 2015 жылы жүргізілген сараптамада қарастырылған облыс бойынша істердің басым бөлігі мынадай бағыттарға арналғандығын көрсетті: - бала тәрбиесінен жалтарып жүрген ата-аналар туралы – 132 (16,5%); - жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру – 195 (24,5%); - құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандар туралы – 119 (14,9%); - білім алудан жалтарып жүрген балалар туралы – 117 (14,6%); - негізгі мектепті бітіріп, материалдық жағдайына байланысты әрі қарай білімін жалғастыра алмай жүрген кәмелетке толмағандар жұмысқа орналастыру туралы – 58 (7,2%);; - тәрбиелеу колонияларынан және арнайы білім беру ұйымдарынан босатылған кәмелетке толмағандарды тұрмыстық және еңбекке орналастыру – 15 (1,9%); - басқа органдармен үйлестіру туралы – 76 (9,5%); - басқа да мәселелер туралы – 88 (11%). Комиссия жұмысының нәтижесінде 2015 жылы 3 мыңға жуық кәмелетке толмағандарға көмек көрсетілді, оның ішінде: - көп балалы және күнкөрісі төмен отбасындағы 1 мыңнан аса балаға; - қолайсыз отбасындағы 1 мыңға жуық балаға; - 500-ге жуық жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; - 270 панасыз және қараусыз қалған балаларға; - 212 девиантты мінез-құлықты балаларға; - алкоголизм мен нашақорлыққа душар болған 18 балаға көмек көрсетілді. Комиссия қызметінің нәтижесінде: - оқудан бас тартқан 55 бала мектепке қайтарылды; - 226 кәмелетке толмаған бала қылмыстық белгісі бар қоғамға қауіпті әрекет жасау фактілері бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды; - алкоголь ішімдіктерін, есірткі заттарын қолданатын 2 кәмелетке толмағандар емделу-алдын алу және бейімделу шараларын өткізу үшін денсаулық сақтау мекемелеріне жіберілді; - 362 кәмелетке толмаған бала облыстық білім басқармасының кәмелетке толмағандарды оңалту орталығына жіберілді. Бұдан басқа, 60 ата-ана өздерінің ата-аналық құқықтарынан айырылды. 37 кәмелетке толмаған бала арнайы білім мекемелеріне жіберілді. Кәмелетке толмағандар арасындағы тіркелген қылмыстардың 2000 жылдан бері динамикасына назар аударсақ, 2005 жылға дейін төмендеу үрдісі байқалып, 2006 жылдан бастап 2012 жылға дейін криминогендік жағдай алаңдаушылық туғызып, қолайлы жағдайға қол жеткізілмеген еді. Мүдделі органдардың қатысуымен жүргізілген алдын алу жұмыстарының арқасында кәмелетке толмағандар арасында жасалған  қылмыс пен құқық бұзушылық көрсеткіші 2013 жылдың ақпан айынан бүгінгі күнге дейін, әр ай сайын 13 пайыздан 35 пайызға дейін төмендеу үрдісі қалыптасып, нақты атқарылған іс-шаралардың нәтижелілігін көрсетіп отыр. Оралхан Дәуіт. Дерек: egemen.kz Сурет: ortcom.kz