03 Ақпан, 2016

Таразда балконға қамалып қалған баланы көршілері құтқарып алды

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
03.02.2016 TAR ТАРАЗ. 3 ақпан. Әлеуметтік желілерде бір баланың төртінші қабаттың терезесінде тұрған сәті бейнеленген видео жария болды. Кейінірек бұл оқиға Тараз қаласында болғаны анықталды. Бұл туралы  tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Кадрлардан баланың көпқабатты үйдің алып тасталған балконында тұрғаны бейнеленген, киімі де жұпыны. Видео сипаттамасында автор оқиғаның Тараз қаласындағы бесінші ықшамауданда болғанын жазады. Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері видеоның Таразда түсірілгенін растады, видеоны көшедегілер түсіріп алған. «Бұл пәтерде тұрмысы нашар отбасы тұрады, ПБ-1 есебінде тұр. Отбасында әжесі, шешесі және үш баласы бар. Әкелері жоқ. Анасының тұрақты жұмысы жоқ, кездейсоқ табыстары бар, кейде бірнеше күн бойы үйінде болмайды. Әжелерінің зейнетақысына өмір сүреді. Бұл күні әжесі дүкенге шығып кеткен, ал, балалар ойнап жүрген. 2008 жылы туған бала тығыламын деп балконға ұқсас жапсармаға шыққанда есігі құлыпталып қалған, ол есікті аша алмай қойған. Шошып кетіп, жылай бастаған. Көршілер полицияны шақыртқан, бірақ патруль келгенше есік ашылып, бала үйге кірген», деп хабарлады облыстық ІІБ баспасөз қызметі. Оралхан Дәуіт. Дерек, сурет: tengrinews.kz