06 Ақпан, 2016

Тегін кәсіптік-техникалық білім беру – сенімді болашақ кепілі

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Кәсіптік-техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек. Көп жағынан бұл халықты еңбекпен қамту мәселесін шешіп береді», – деп ерекше атап айтқан болатын. Осы орайда «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қана­тының Астана қалалық филиалы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротех­никалық университетінің басшылы­ғымен бірлесе отырып «Тегін кәсіптік-техникалық білім беру – сенімді болашақ кепілі» атты жастар форумын өткізді. Аталмыш форумның негізгі мақсаты жастардың техникалық мамандықтарға деген қызығушылығын арттырып, жаңа технологияның дамуында оның маңызы зор екенін түсіндіру әрі жастар арасындағы жұмыссыздықтың алдын алу болып табылады. Форум жұмысына Астана қаласының өнертапқыш жас ғалымдары және ірі өнеркәсіп ошақтары мен кәсіп­орындардың инженер-техник мамандары келіп, өз мамандықтарының қыр-сырынан маңызды мағлұмат берді. Сондай-ақ, Астана қаласының мектеп оқу­шылары, орта мамандандырылған және жоғары оқу орындарының студент­терімен ой бөлісіп, түрлі тақырыптарда сүбелі сұхбат құрды. Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан».