06 Ақпан, 2016

Кең көлемді түсінік берілді

289 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
08-02-2016-sailau 01Көкшетауда Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының 20 наурызға белгіленген сайлауларын өз деңгейінде өткізуге арналған семинар-кеңес өтті. Семинар жұмысына қалалар мен аудандар әкімдігінің жауапты қызметкерлері, округтік, аудандық және қалалық сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Семинарда Ақмола облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әділхан Шаяхметов ел өміріндегі саяси науқанды ұйымшылдықпен өткізудің маңыздылығын атап көрсетіп, атқарылып жатқан жұмыстар жайлы хабарлама жасады. Үстіміздегі жылғы 21 қаңтарға дейін облыс аумағындағы сайлау округтері мен учаскелерінің шекаралары, сайлау комиссияларының құрамы анықталып, бекітілді. Алдағы сайлауда 1081 сайлау комиссиясы жұмыс істейтін болады. Мұның ішінде облыстық мәслихат сайлауын 20 аумақтық, 33 округтік сайлау комиссиясы, қалалық мәслихаттар сайлауын – 29, аудандық мәслихаттар сайлауын 214 округтік сайлау комиссиясы заң талабы деңгейінде ұйымдастырады. Сонымен қатар, құрамында 7567 адамы бар 785 учаскелік сайлау комиссиясы құрылды. Олардың қатарына саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері тартылған. Облыста, 2016 жылғы 1 қаң­тар­дағы жағдай бойынша, 475 509 адам сайлауға қатысады. Бұл 2015 жылдың 26 сәуіріндегі Қазақстан Республикасы Президентінің сай­лау­ындағы көрсеткіштен 11 334 адам­ға көп. Осыған байланысты қо­сымша жұмыстар да тыңғы­лықты атқарылғаны атап өтілді. Кеңес барысында облыс әкімі аппараты басшысының мін­детін атқарушы Н.Политкин, об­лыстық сайлау комиссиясының хатшысы Г.Глухов, Ақмола об­лыстық прокуратурасының аға прокуроры А.Айтқожин, об­лыс әкімі аппаратының бас есеп­шісі А.Сақтағанова сайлауды ұйымдастыруға байланысты барлық мәселелер бойынша жан-жақты түсінік берді. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы.