08 Ақпан, 2016

Қарағандыдағы түйеқұс Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін

602 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
08-02-2016 tuyekusҚАРАҒАНДЫ. 8 ақпан. Қарағандыдағы хайуанаттар бағында бағылатын түйеқұс ең ұзақ жасаған түйеқұс ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Негізінде түйеқұстардың жасы 20-дан аспайды. Ал Қарағандыдағы эму тұқымдас австралиялық түйеқұс биыл 30 жасқа толады. Мамандар аналық құстың ұзақ өмір сүруін осы күнге дейін балапан баспағандығымен байланыстырады. Қазір хайуанаттар бағының қызметкерлері рекордты тіркеу үшін тиісті құжаттарды дайындап жатыр. «Еркіндікте жүретін осы тұқымдас құстар – 20, ал қамаудағылары 5-тен 10 жылға дейін өмір сүреді. Сондықтан біз бұл ерекше құбылысты рекордтық көрсеткіш ретінде құжатпен бекітіп алмақшымыз. Күн жылынғанда түйеқұстың  туған күнін атап өтіп, Гиннестің рекордтар кітабының өкілдерін қонаққа шақырамыз», –  дейді хайуанаттар бағының қызметкері Светлана Пилюк. Лада есімді түйеқұс Қарағандыға 1986 жылы Дондағы Ростов қаласынан әкелінген. Қайрат Әбілдинов. Дерек: «ҚазАқпарат». Сурет: 24.kz