13 Ақпан, 2016

Әңгіме тақырыбы – ядролық қарусыздану

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
00 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовпен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақ­стан­ның қарусыздану және ядролық қаруды таратпау саласындағы қыз­метінің негізгі бағыттары талқы­ланды. Сонымен қатар, Мемлекет бас­шысының Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қоюының 25 жылдығы аясында өтетін іс-шараларға дайындық мәселелері қарастырылды. Нұрсұлтан Назарбаев геосаяси ахуалдың күрделілігін ескере отырып, бейбітшілік пен қауіп­сіздік қағидаттарын халық­аралық ауқымда әрі қарай ілгерілетудің маңыздылығын айтты. О.Сүлейменов өз кезегінде жа­һандық антиядролық қозға­лыс­қа мемлекеттердің ғана емес, қо­ғамдық ұйымдардың күш-жігері мен азаматтық бастамаларды жұ­мыл­дыру қажеттігіне назар аударды. Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.